"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 14 қазандағы № 63 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 947 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қазанда № 12209 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шiлдедегi № 522 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2018 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

      19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 14 қазандағы № 63 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9814 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 қарашада және "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 18 маусымда № 113 (28591) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрлік оған жүктеген мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      7) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      9) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      10) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      12) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;

      13) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық персоналдың кәсiптік даярлығы мен денсаулық жағдайы мәселелерi бойынша белгiленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      14) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығы нормаларын ұстауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      15) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      16) авиациялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      17) сертификаттауды жүзеге асыру және үлгi сертификатын беру;

      18) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуге рұқсат етiлмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiн қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарды беру;

      19) ұшу қауiпсiздiгiне қауіп төндiретiн кемшiлiктер анықталған жағдайда, Министрдің бұйрығымен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында белгіленген тәртіппен үлгi сертификатының қолданысын тоқтата тұру, әуе кемесін пайдалануды тоқтату;

      20) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықты есепке алуды жүргiзу;

      21) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттауды жүзеге асыру және оның жарамдылығы сертификатын беру;

      22) сериялық өндiрiске арналған жаңа конструкциялық (жаңа үлгiдегi) азаматтық әуе кемесiн Қазақстан Республикасында қолданыстағы ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестікке тұрғысынан сертификаттау және зауыттық, мемлекеттiк және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн оған үлгi сертификатын беру;

      23) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының ережелерін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық тұрақты емес (бiр жолғы) ұшуларды орындауына рұқсат беру;

      24) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетiлуiн, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етiлуiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қызметі мен көрсетiлетiн қызмет сапасын тексеру;

      25) авиациялық персоналға жататын тұлғаға оның қажеттi бiлiмi мен дағдыларының болуын, сондай-ақ денсаулығының белгiленген талаптарға сай келетiнiн растайтын кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн авиациялық персонал куәлiгiн беру, куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту, қайтарып алу, мұндай куәлiктiң қолданысын тоқтата тұру, куәлiкке бiлiктiлiк және арнайы белгiлер енгiзу;

      26) азаматтық әуе кемелерiн сертификаттауды жүзеге асыру және пайдаланушы сертификатын беру;

      27) iшкi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауды келiсу;

      28) сертификаттауды жүзеге асыру және авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлiктi беру;

      29) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесiне ұшу сынақтарын жүргiзу немесе оның техникалық қызмет көрсетiлетiн және жөндеу жүргiзiлетiн орынға ұшып баруы үшiн арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;

      30) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық және субсидияланатын (облыс ішіндегілерді қоспағанда) авиамаршруттарға куәлiктер беру;

      31) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелерiне құқықтарды және аталған әуе кемелерiмен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ қайтарылмайтын өкiлеттiктердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      32) әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, аса жеңiл авиация әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттауды жүзеге асыру;

      33) қолданыстағы сертификаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, иеленушiлер сертификаттау талаптарын сақтамаған кезде сертификаттар беруден бас тарту, қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтата тұру;

      34) шетел мемлекетi Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлiгiн не тиiстi куәлiктi бере отырып, жұмысқа жалдану үшiн Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлiгiн тану;

      35) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 193 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11723 болып тіркелген), Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларына сәйкес әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттауды жүргізу;

      36) азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификатты берудi жүзеге асыру;

      37) азаматтық әуе кемелерiнің әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзушылығының жолын кесу;

      38) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарына қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат беру;

      39) егер әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқуы белгiленген ұшу қауiпсiздiгi деңгейiне баламалы деңгейдi қамтамасыз ететiндей қосымша шаралар енгiзумен өтелетін болса, мұндай ауытқуларды келiсу;

      40) авиация персоналына жататын тұлғалардың "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      41) шетел мемлекетi берген азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын тануды жүзеге асыру;

      42) шет мемлекеттердiң әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнiмдердi тасымалдау үшiн азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының халықаралық ұшуына келiсу және өз құзыреті шегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен келісу;

      43) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерiн орындауды жоспарлайтын шетелдiк тасымалдаушыларды тiркеу;

      44) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттiк реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      45) әуе кемесi, оның құрамдауыштары, қосалқы бөлшектерi мен қосымша аспаптары жай-күйiнiң пайдаланушыға берiлген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      46) сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жетi жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бiр немесе бiрнеше турбореактивтi (турбобұрандалы) қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлiк беру;

      47) басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне сәйкес олармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн заңдардың, қағидалар мен рәсiмдердiң сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      48) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкестiгiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      49) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) объектiлерiнiң, қону алаңқайларының күтiп-ұсталуын және "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген әуежай қызметiнiң сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      50) азаматтық авиация әуеайлағы ауданында объектiлердi таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      51) бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесi данасының конструкциясының, сипаттамалары мен пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi куәлiгiн беру;

      52) өз құзыреті және жауапкершілік аймағы шегінде азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшуы, олардың жабдықтары мен олардағы адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндiруi мүмкiн қызметтi бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      53) азаматтық әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру;

      54) әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттауды жүзеге асыру және экспорттық сертификатты беру;

      55) азаматтық әуе кемелерiнде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру;

      56) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын) бiрлесіп пайдалану және бiрлесiп орналасу әуеайлақтарын есепке алуды жүзеге асыру;

      57) әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiн қарап-тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттауды жүзеге асыру және сертификат беру;

      58) авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүзеге асыру және оған сертификат беру;

      59) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымды сертификаттауды жүзеге асыру және сертификат беру;

      60) әуежайдың және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерi мен Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердiң әуе кемелерiн пайдаланушылардың авиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi бағдарламаларын келiсу;

      61) азаматтық және эксперименттiк авиацияның әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзушылықтарды есепке алуды жүргiзу;

      62) мүдделi мемлекеттiк органдар арасында авиациялық қауiпсiздiк саласындағы қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыру, азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актілерін тергеп-тексеруде мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу, олардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;

      63) әуе қозғалысына қызмет көрсететiн органды және (немесе) аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметiн сертификаттауды жүзеге асыру және сертификат беру;

      64) азаматтық және эксперименттiк авиация саласындағы ұшудың iздестiру-құтқарушылық және авариялық-құтқарумен қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асыру;

      65) авиациялық оқыту орталықтары және азаматтық авиация ұйымдары әзiрлеген авиациялық персоналды кәсiптiк даярлау бағдарламаларын келiсу;

      66) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiн тұрақты қадағалауды жүзеге асыру;

      67) қызметi сертификатталуға жатпайтын, бірақ "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабында көзделген қызметке жататын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асыру;

      68) тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi жыл сайынғы бағдарламаны қабылдау;

      69) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін, егер осындай әуе кемесінің бортында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттары не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдалану шектеулері сақталмайды деп есептеуге негіз болса, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде әзірленген, тексеру парақтары негізінде перрондық тексерулерді және шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемелерін жоспардан тыс перрондық тексеруді жүзеге асыру;

      70) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын әзiрлеу;

      71) осы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Комитеттің төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің және оның аумақтық органының құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.";

      20-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) еңбек қатынастары мәселесі заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) іссапарлар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйақылар беру, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;";

      мынадай редакциядағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) Комитеттің заң қызметіне жетекшілік етеді;

      6-2) Комитеттің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады