Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының үлгілерін, кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидаларын, сондай-ақ кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 қарашада № 12283 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.07.2017 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) және 55-29) тармақшаларына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіби дипломның үлгісі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіби диплом растамасының үлгісі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 қазан




  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2015 жылғы 31 наурыздағы
  № 421 бұйрығына
  1-қосымша




Бер жағы


      Кәсіби дипломның үлгісі

     

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

     

      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

     

      THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

     

      Қазақстан

     

      Республикасының

      Елтаңбасы

ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН(ДДВА), 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕДЕРІ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН ДИПЛОМ



Порттың теңіз әкімшілігі __________________________________________________________________ жоғарыда көрсетілген Түзетулерімен, Конвенцияның ______ ережесінің ережелеріне сәйкес тиісті біліктілігі барын және __________________ дейін немесе екінші бетінде көрсетілуі мүмкін, осы дипломның қолданылу мерзімінің ұзартылуы өткен күнге дейін кез келген көрсетілген шектеулерді ескере отырып,,көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды орындауға қабілеттілігін куәландырады:





ДИПЛОМ, ВЫДАННЫЙ НА ОСНОВАНИИ ПОЛОЖЕНИЙ МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНВЕНЦИИ О ПОДГОТОВКЕ И ДИПЛОМИРОВАНИИ МОРЯКОВ И НЕСЕНИИ ВАХТЫ 1978 ГОДА, С ПОПРАВКАМИ (ПДНВ)



Морская администрация порта удостоверяет, что _______________ ___________________________________________________ имеет надлежащую квалификацию в соответствии с положениями Правила ______ вышеуказанной Конвенции, с поправками, и способен выполнять нижеследующие функции на указанных уровнях, с учетом любых указанных ограничений, до __________________ или до даты истечения продления срока действия настоящего диплома, которая может быть указана на обороте:



CERTIFICATE ISSUED UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED (STCW)



The Maritime administration of port certifies that ____________ ____________________________________________________ has been found duly qualified in accordance with the _________ provisions of Regulation ______ of the above Convention, as amended, and has been found competent to perform the following functions at the level specified, subject to any limitations indicated until _______________ or until the date of expiry of any extensions of the validity of this Certificate as may be shown overleaf:



ФУНКЦИЯЛАР<*>

ФУНКЦИИ <*> FUNCTION <*>


ДЕҢГЕЙ <*>

УРОВЕНЬ <*>

LEVEL <*>


ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) <*>

ОГРАНИЧЕНИЯ (если имеются) <*>

LIMITATIONS APPLYING (if any) <*>




















      Дипломның заңды иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз жасақтауға қойылатын Қазақстан Респуликасының талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда жұмыс істей алады:

     

      Законный владелец диплома может работать в следующей должности или должностях, указанных в требованиях Республики Казахстан к безопасному укомплектованию судов экипажами:

     

      The lawful holder of this Certificate may serve in the following capacity or capacities specified in the sale manning requirements of the Republic of Kazakhstan:

ЛАУАЗЫМ /

ДОЛЖНОСТЬ /

CAPACITY <*>


ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) <*>

ОГРАНИЧЕНИЯ (если имеются) <*>

LIMITATIONS APPLYING (if any) <*>













      Диплом / Диплом / Сertificate № __________

      Дипломды беру күні /

      Дата выдачи диплома /

      Date of issue ______________

     

      Мөр орны / МП / Official Seal

      ________________________________

     


Уәкілетті адамның қолы /


Подпись уполномоченного лица /


Signature of duty authorized person


____________________________


Уәкілетті адамның тегі/


Фамилия уполномоченного лица /


Name of duty authorized person

      Осы дипломның түпнұсқасы Конвенциясы I/2 ережесінің 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.

      Подлинник настоящего диплома должен, в соответствии с пунктом 11 правила I/2 Конвенции, находиться на судне, пока на нем работает его владелец.

      The original of this endorsement must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 11 of the Convention while serving on a ship.

Фотография владельца диплома



      Диплом иесінің туған күні ______________

      Диплом иесінің қолы____________________

      Дата рождения владельца диплома ______________

      Подпись владельца диплома____________________






Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 421 бұйрығына

2-қосымша




Бер жағы


      Кәсіби диплом растамасының үлгісі

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

      THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

     

      Герб

      Республики

      Казахстан

ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН (ДДВА), 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕДЕРІ НЕГІЗІНДЕ ДИПЛОМДЫ БЕРУДІ КУӘЛАНДЫРАТЫН РАСТАУ



Порттың теңіз әкімшілігі __________________________________________________________________ жоғарыда көрсетілген Түзетулерімен, Конвенцияның ______ ережесінің ережелеріне сәйкес тиісті біліктілігі барын және __________________ дейін немесе екінші бетінде көрсетілуі мүмкін, осы дипломның қолданылу мерзімінің ұзартылуы өткен күнге дейін кез келген көрсетілген шектеулерді ескере отырып,,көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды орындауға қабілеттілігін куәландырады:





ПОДТВЕРЖДЕНИЕ, УДОСТОВЕРЯЮЩЕЕ ВЫДАЧУ ДИПЛОМА НА ОСНОВАНИИ ПОЛОЖЕНИЙ МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНВЕНЦИИ О ПОДГОТОВКЕ И ДИПЛОМИРОВАНИИ МОРЯКОВ И НЕСЕНИИ ВАХТЫ 1978 ГОДА, С ПОПРАВКАМИ


Морская администрация порта удостоверяет, что _______________ ___________________________________________________ имеет надлежащую квалификацию в соответствии с положениями Правила ______ вышеуказанной Конвенции, с поправками, и способен выполнять нижеследующие функции на указанных уровнях, с учетом любых указанных ограничений, до __________________ или до даты истечения продления срока действия настоящего диплома, которая может быть указана на обороте:



ENDORSEMENTS ATTESTING THE ISSUE OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED



The Maritime administration of port certifies that ____________ ____________________________________________________ has been found duly qualified in accordance with the _________ provisions of Regulation ______ of the above Convention, as amended, and has been found competent to perform the following functions at the level specified, subject to any limitations indicated until _______________ or until the date of expiry of any extensions of the validity of this Certificate as may be shown overleaf:



ФУНКЦИЯЛАР<*>

ФУНКЦИИ <*> FUNCTION <*>


ДЕҢГЕЙ <*>

УРОВЕНЬ <*>

LEVEL <*>


ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) <*>

ОГРАНИЧЕНИЯ (если имеются) <*>

LIMITATIONS APPLYING (if any) <*>




















      Растаудың заңды иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз жасақтауға қойылатын Қазақстан Респуликасының талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда жұмыс істей алады:

      Законный владелец подтверждения диплома может работать в следующей должности или должностях, указанных в требованиях Республики Казахстан к безопасному укомплектованию судов экипажами:

      The lawful holder of this Endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the sale manning requirements of the Republic of Kazakhstan:

ЛАУАЗЫМ /

ДОЛЖНОСТЬ /

CAPACITY <*>


ШЕКТЕУЛЕР (бар болса) <*>

ОГРАНИЧЕНИЯ (если имеются) <*>

LIMITATIONS APPLYING (if any) <*>













      Растау / подтверждение / Сertificate № __________

     

      Растауды беру күні /

      Дата выдачи подтверждения /

      Date of issue ______________

      Мөр орны / МП / Official Seal


________________________________


Уәкілетті адамның қолы

Подпись уполномоченного лица /

Signature of duty authorized person

________________________________

Уәкілетті адамның тегі/

Фамилия уполномоченного лица /

Name of duty authorized person



      Осы растаудың түпнұсқасы Конвенциясы I/2 ережесінің 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.

      Подлинник настоящего подтверждения должен, в соответствии с пунктом 11 правила I/2 Конвенции, находиться на судне, пока на нем работает его владелец.

      The original of this endorsement must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 11 of the Convention while serving on a ship.

Фотография владельца подтверждения



      Растау иесінің туған күні ______________

      Растау иесінің қолы____________________

      Дата рождения владельца подтверждения ______________

      Подпись владельца подтверждения _____________




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 421 бұйрығына

3-қосымша



Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) тармақшасына және Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – ТДВА Конвенциясы) сәйкес әзірленді және кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалардың қолданысы әскери корабльдер, балық аулауға арналған кемелер, серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының мүшелерін қоспағанда, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне таралады.

      3. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Порттың теңіз әкімшілігі береді.

      4. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты 18 жастан жас емес тұлғаларға беріледі.

      5. Кәсіби дипломның иесіне қызмет етуге рұқсат етілетін лауазым Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 164 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10548 тіркелген) бекітілген кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда қолданылатынға ұқсас терминдерде растама нысанында көрсетіледі.

      6. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) аға механик – қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механик;

      2) басқару құрам тұлғасы - капитан болып табылмайтын, басқару лауазымдағы экипаж мүшесі;

      3) басқару деңгейі – теңіз кемесінде капитан, аға көмекші, аға механик немесе екінші механик лауазымындағы жұмыспен және жауапкершіліктің белгіленген сала шеңберінде барлық функцияларды тиісті орындауды қамтамасыз етумен байланысты жауапкершілік деңгейі;

      4) екінші механик – аға механик қабілетсіз болған жағдайда жауапкершілікті жүктей алмайтын қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты лауазым бойынша аға механиктен кейінгі механик;

      5) капитанның аға көмекшісі – лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін басқару құрам тұлғасы;

      6) капитанның көмекшісі – ТДВА конвенциясы IІ-тарауының ережелеріне сәйкес тиісті біліктілігі бар басқару құрам тұлғасы;

      7) капитан – кемені басқаратын тұлға;

      8) кәсіби диплом растамасы – шетелдік кәсіби дипломды мойындайтынын куәландыратын құжат;

      9) кемедегі жұмыс стажы – кәсіби дипломды беруге немесе растауға жататын кемедегі жұмыс ұзақтығы;

      10) маманның құжаты – теңіз көлігінің маманын даярлау куәлігі;

      11) мұнай танкері – мұнай мен мұнай өнімдерін құйып тасымалдау үшін жасалған және пайдаланылатын кеме;

      12) радио операторы – Радиобайланыс регламенті ережелерінің негізінде берілген немесе мойындалатын тиісті дипломы бар тұлға;

      13) пайдалану деңгейі – теңіз кемесінде капитанның вахталық көмекшісі, вахталық механик, мезгілді қызмет көрсетілмейтін машиналық бөлімдері бар кеменің вахталық механигі немесе радио операторы лауазымындағы, және осы жауапкершілік саласында басқару деңгейінде қызмет ететін басшы тұлғаның тиісті процедуралар мен басқаруына сәйкес анықталған жауапкершілік шеңберінде барлық функцияларды орындауды тікелей бақылауды жасап тұрумен жұмыспен байланысты жауапкершілік деңгейі;

      14) электромеханик – ТДВА Конвенциясының III/6 қағида ережелеріне сәйкес келетін біліктілігі бар басшы құрам тұлғасы;

      15) қозғалтқыш қондырғысының қуаты - киловаттармен көрсетілген, барлық кемелік бас қозғалтқыш қондырғыларының жалпы ең ұзақ шығыс қуаты.

2. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою тәртібі
1-параграф. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беру

      7. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты кеме экипажының келесі мүшелеріне беріледі:

      1) барлық кемелер капитанының вахталық көмекшісі;

      2) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі;

      3) барлық кемелер капитанының аға көмекшісі;

      4) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны;

      5) барлық кемелердің капитаны;

      6) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі;

      7) 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны;

      8) барлық кемелердің вахталық механигі;

      9) қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 - 3000 кВт құрайтын кемелердегі екінші механик;

      10) барлық кемелердегі екінші механик;

      11) қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 - 3000 кВт құрайтын кемелердегі аға механик;

      12) барлық кемелердегі аға механик;

      13) барлық кемелердегі электромеханик;

      14) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің радиооператоры;

      15) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің шектеулі әрекет ету радиооператоры.

      8. Кәсіби дипломның қолданылу мерзімі – 5 жыл.

      Кәсіби дипломның растамасы кәсіби дипломның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды.

      Жеңілдік рұқсатының қолданылу мерзімі – 6 айдан артық емес.

      9. Мұнай танкерлері, химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлер, газ тасушы танкерлер, жолаушы кемелері, жоғары жылдамдықты кемелерінде жарамды кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсатына тиісті белгілер енгізіледі.

      10. Кәсіби дипломға жүк сипаты, кеме түрі, жалпы сыйымдылығы, қозғалтқыш қондырғысының қуаты, қозғалтқыш қондырғысының түрі, кеме ұзындығы, жүзу ауданына байланысты шектеулер және толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      Барлық кемелер капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби диплом иесіне жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны аға көмекшісінің лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.

      Барлық кемелердегі екінші механиктің кәсіби диплом иесіне қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 - 3000 кВт құрайтын кемелердегі аға механиктің лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.

      11. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын алуға кандидат келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порттың теңіз әкімшілігі басшысының атына өтініш;

      2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;

      3) Қазақстан Республикасының теңізші жеке куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);

      4) теңізші паспортының көшірмесі (болған жағдайда);

      5) жеке куәлігінің көшірмесі;

      6) шетелдік кәсіби дипломның көшірмесі (кәсіби диплом растамасын алуға кандидат үшін);

      7) тиісті білім алу туралы құжаттың көшірмесі (ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес);

      8) жұмыс орнынан мінездеме;

      9) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11546 тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық қорытындының (бұдан әрі - медициналық қорытынды) көшірмесі;

      10) жүзу туралы анықтама.

      12. Жеңілдік рұқсатын алуға кандидат келесі құжаттарды ұсынады:

      1) жеңілдік рұқсат қажет лауазымды, сондай-ақ жеңілдік рұқсат қажет шарттарды көрсете отырып Порттың теңіз әкімшілігіне кандидат жұмыс істейтін кеме қатынасы компаниясының хаты;

      2) Қазақстан Республикасының теңізші жеке куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);

      3) теңізші паспортының көшірмесі (болған жағдайда);

      4) жеке куәлігінің көшірмесі;

      5) кәсіби дипломның немесе кәсіби диплом растамасының көшірмесі;

      6) жұмыс орнынан мінездеме.

      13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелері нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс берушінің мөрімен және кадр қызметі қызметкерінің қолымен куәландырылған болуға тиіс.

      Егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалатын болса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдық куәландырылған аударма қоса беріледі.

      14. Жүзу туралы анықтаманың негізінде кандидаттың жүзу стажының есебі жүзеге асырылады. Жүзу туралы анықтама мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады, кеме капитаны оған қолын қояды, ал машина командасы үшін – сондай-ақ аға механик қолын қояды және кеме мөрімен куәландырылады.

      15. Жүзу туралы анықтамада көрсетілген стаждың дұрыстығын тексеру үшін теңізде жүзу кітапшасынан мәліметтер, жұмыс берушімен еңбек шарты, кеме иеленушінің уәкілетті лауазымдық тұлғаның жазбаша растамасы пайдаланады.

      16. Машина командасының және палуба командасы қатардағы құрамының жүзу стажы жүзу ауданына қарамастан есептеледі.

      17. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын беруге өтінішті қарау мерзімі аталған өтінішті қабылдау сәтінен бастап жиырма күнтізбелік күннен аспайды.

      18. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған немесе ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болмаған жағдайларда, құжаттарды ұсынған тұлғаға өтінішті беру сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде Порттың теңіз әкімшілігі жазбаша дәлелді бас тарту ұсынады.

      19. Порттың теңіз әкімшілігі шетелдік кәсіби диплом растамасын Қазақстан Республикасы және аталған дипломды берген мемлекет арасында тиісті үкіметаралық келісім болған жағдайларда береді.

      20. Жеңілдік рұқсаты кеме экипажының мүшесіне тиісті кәсіби дипломы жоқ лауазымды атқару құқығына беріледі.

      21. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын жоғалту, бүлдіру жағдайында Порттың теңіз әкімшілігі кеме экипажының мүшесінен өтінішті қабылдау сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының, жеңілдік рұқсатының дубликатын береді.

      Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының, жеңілдік рұқсатының дубликатын беру туралы мәліметтер кәсіби дипломдар, кәсіби диплом растамалары, жеңілдік рұқсаттарының тізілімдеріне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11033 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларына сәйкес енгізіледі.

2-параграф. Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының, жеңілдік рұқсатының қолданылу мерзімін тоқтата тұру

      22. Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының, жеңілдік рұқсатының қолданылу мерзімін Порттың теңіз әкімшілігі:

      1) кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты иесінің еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы мәліметтер көрсетілген медициналық қорытындыны алған жағдайында тоқтатады.

      Медициналық қорытынды медициналық қарап-тексеруді өтудің нәтижелері бойынша беріледі;

      2) сондай-ақ кәсіби дипломның қолданылу мерзімі шетелдік мемлекеттің құзыретті органдарынан келіп түскен кәсіби дипломды оның иесінен алып қою туралы ақпаратты алған жағдайында тоқтатылады, бұл туралы шетелдік мемлекеттің құзыретті органдарына бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

      23. Осы Қағидалар 22-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Порттың теңіз әкімшілігі кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының, жеңілдік рұқсатының қолданылу мерзімін тоқтату туралы еркін нысандағы хабарламаны жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар, кәсіби диплом растамалары, жеңілдік рұқсаттарының тізілімдеріне тиісті белгілерді енгізеді.

      24. Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамасының, жеңілдік рұқсатының қолданылу мерзімі:

      1) кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты иесінің еңбекке қабілеттіктің қалпына келуі туралы мәліметтер көрсетілген медициналық қорытындыны алу;

      2) жаңа шетелдік кәсіби дипломды алу туралы ақпаратты ұсыну сәтіне дейін тоқтатылады.

3-параграф. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом
растамасын, жеңілдік рұқсатын алып қою

      25. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын Порттың теңіз әкімшілігі:

      1) кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты иесінің денсаулығы нашарлау себебінен оның дене жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген медициналық қорытындыны алу;

      2) кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты иесінің кiнәсынан авариялық жағдайдың туындауы (мұндай шешім авариялық жағдайды тексеру бойынша қорытынды негiзiнде қабылданады) жағдайларында алып қояды.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген жағдайларда үш жұмыс күні ішінде Порттың теңіз әкімшілігі кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын алып қою туралы еркін нысандағы хабарламаны жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар, кәсіби диплом растамалары, жеңілдік рұқсаттарының тізілімдеріне аталған құжаттарды алып қою туралы белгілерді енгізеді.

      27. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатын алып қою туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Порттың теңіз әкімшілігіне тапсырылуға жатады.

      28. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасының бланкілерінде енгізілетін жазулардың сақталуын арттыруға арналған және бланкілерді және оларға жүргізілген жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.


  Кәсіби дипломды, кәсіби диплом
  растамасын, жеңілдік рұқсатын беру, олардың қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды
  алып қою қағидаларына
  қосымша


Нысан


_________________________________ _________________________________ _________________________________

КӘСІБИ ДИПЛОМДЫ, КӘСІБИ ДИПЛОМ РАСТАМАСЫН
БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІШ

A


Тегі


B


Аты


C


Туған күні (кк-аа-жжжж)


D


Ту мемлекетінің растауын қайтару үшін мекенжай


E


Лауазым, ТДВА __________ережесіне сәйкес

(яғни жүру вахтасын атқаруға жауапты басшы құрамының тұлғасы, II\1-ереже)



F


Диплом №___________

Беру күні __________

Қолданылу мерзімі__________




G


Кеме қатынасы компаниясының растауы:



(Экипажды жасақтау жөніндегі шетел агенттігі кеме қатынасы компаниясы уәкілетті органға жіберілген жазбаша өтініш бойынша осындай агенттікті оның атынан өтінішті бекіту үшін уәкілеттік компания ретінде анықтаған жағдайда ғана кеме қатынасы компаниясын ұсынады.)




Баға:





Жұмыс сынағынан өтуге тиісті өтініш беруші



Қосымша лауазымдарда жұмыс істеу үшін өтініш беруші



  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму министрінің
  2015 жылғы 31 наурыздағы
  № 421 бұйрығына
  4-қосымша

Кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы Кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Талаптар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-29) тармақшасына және Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға (бұдан әрі – ТДВА Конвенциясы) сәйкес әзірленді және кеме экипажы мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарды айқындайды.

      2. Талаптар әскери корабльдер, балық аулауға арналған кемелер, серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының мүшелерін қоспағанда, теңіз кемелері экипаждарының мүшелеріне қойылады

      3. Талаптар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын және теңіз оқу-тренажер орталықтарын бітірген азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады.

      4. Кеме экипажы мүшелері 18 жастан жас емес, кемедегі жұмысқа жарамды болулары тиіс, сондай-ақ жұмыстың басталуына дейін кемені қорғау бойынша таныстыру курсын өтулері қажет.

      5. Барлық кемелер капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі жүру вахтасын атқарудың 6 айдан кеме емес қоса алғанда, 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері;

      3) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесі радиооператорының куәлігі.

      6. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанын аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі капитанның вахталық көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) барлық кемелер капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;

      3) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      7. Барлық кемелер капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі капитанның вахталық көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) барлық кемелер капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;

      3) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі;

      4) басқару дағдылары, сондай-ақ іздеу және құтқару операцияларын үйлестіру, навигациялық апат жағдайларын шешу, кеме экипажы мен жолаушылардың қауіпсіздігін және өмірді сақтау, өрт сөндіру жүйелерінің және қауіпсіздік басқа да жүйелерінің шарттарын қамтамасыз ету, апаттық жағдайлар кезінде іс-әрекеттер жоспарларын әзірлеу дағдылары.

      8. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі капитанның аға көмекшісі ретінде 12 айдан кеме емес қоса алғанда, 24 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының кәсіби дипломы.

      9. Барлық кемелер капитанының кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі капитанның аға көмекшісі ретінде 12 айдан кеме емес қоса алғанда, 24 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) барлық кемелер капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломы.

      10. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) капитан, білікті мамандар немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен жүру вахтасы бойынша міндеттерді орындай отырып 6 айдан кеме емес қоса алғанда, 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері;

      3) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесі радиооператорының куәлігі.

      11. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;

      2) 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанның вахталық көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы.

      12. Барлық кемелер вахталық механигінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) аға механик, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт өздігінен жүретін кемелердің машина бөлімінде міндеттерді орындай отырып 6 айдан кеме емес қоса алғанда, 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      13. Қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 - 3000 кВт құрайтын кемелердегі екінші механиктің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) барлық кемелер вахталық механигінің кәсіби дипломы;

      2) қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт құрайтын кемелерде вахталық механик ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы.

      14. Барлық кемелер екінші механигінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) барлық кемелер вахталық механигінің кәсіби дипломы;

      2) қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт құрайтын кемелерде вахталық механик ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      3) басқару дағдылары, сондай-ақ қауіпсіз жұмыс практикасын қамтамасыз ету, кеме экипажы мен жолаушылардың қауіпсіздігін және өмірді сақтау, өрт сөндіру және қауіпсіздік басқа да жүйелерінің шарттарын қамтамасыз ету, апаттық жағдайлар кезінде іс-әрекеттер жоспарларын әзірлеу дағдылары.

      15. Қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 - 3000 кВт құрайтын кемелердегі аға механиктің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 - 3000 кВт құрайтын кемелердегі екінші механиктің кәсіби дипломы;

      2) қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт құрайтын кемелерде екінші механик ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы.

      16. Барлық кемелер аға механигінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) барлық кемелер екінші механигінің кәсіби дипломы;

      2) барлық кемелердің екінші механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы.

      17. Барлық кемелер электромеханигінің кәсіби дипломын алу үшін мыналар бар болу тиіс:

      1) аға механик, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт өздігінен жүретін кемелердегі, білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес экипаждың құрамында 6 айдан кеме емес қоса алғанда, 12 айдан кем емес жүзу стажы;

      2) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      18. Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесі радиооператорының кәсіби дипломын алу үшін теңіз радиобайланысы жалпы операторының дипломы болуы тиіс.

      19. Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің шектеулі әрекет ету радиооператорының кәсіби дипломын алу үшін теңіз радиобайланысы жалпы шектеулі әрекет ету радиус радиооператорының дипломы болуы тиіс.

      20. Барлық кемелерде жүру вахтасының құрамында қатардағы матросқа мыналар қажет:

      1) тиісті білім алу туралы құжат;

      2) капитан, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тіркелім тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі 6 айдан кеме емес жүзу стажы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      21. Барлық кемелерде палуба қатардағы матросқа мыналар қажет:

      1) тиісті білім алу туралы құжат;

      2) барлық кемелерде жүру вахтасының құрамында қатардағы матрос ретінде капитан, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен жалпы сыйымдылығы 500 және одан жоғары тіркелім тонна құрайтын өздігінен жүретін кемелердегі 12 айдан кеме емес жүзу стажы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету", "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      22. Барлық кемелердегі вахталық қатардағы матросқа мыналар қажет:

      1) тиісті білім алу туралы құжат;

      2) аға механик, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт өздігінен жүретін кемелердегі 6 айдан кеме емес жүзу стажы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      23. Барлық кемелердегі машина бөлімінің қатардағы матросқа мыналар қажет:

      1) тиісті білім алу туралы құжат;

      2) аға механик, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен, барлық кемелердегі вахталық қатардағы матрос ретінде, қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт өздігінен жүретін кемелердегі 12 айдан кеме емес жүзу стажы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      24. Барлық кемелердегі электрикке мыналар қажет:

      1) тиісті білім алу туралы құжат;

      2) аға механик, білікті маман немесе практиканың білікті басшысы жетекшілігімен, барлық кемелердегі вахталық қатардағы матрос ретінде, қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 және одан жоғары кВт өздігінен жүретін кемелердегі 6 айдан кеме емес жүзу стажы;

      3) "Қауіпсіздік мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған бастапқы даярлау мен нұсқау", "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес", "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері.

      25. Мұнай танкерінде немесе химиялық заттарды тасымалдайтын танкерде жұмыс істеу үшін қосымша "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамының адамдарын бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болу қажет.

      26. Мұнай танкерінде тиеу, түсіру және жүзу немесе жүкті жүргізу кезінде қажетті сақтандыру шаралары, танктарды тазарту немесе жүкке қатысты басқа да іс-әрекеттер үшін жауапты ретінде жұмыс істеу үшін қосымша "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамының адамдарын бастапқы даярлау" және "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамның тұлғаларын кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері, сондай-ақ мұнай танкерінде 3 айдан кеме емес жүзу стажы болу қажет.

      27. Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерде тиеу, түсіру және жүзу немесе жүкті жүргізу кезінде қажетті сақтандыру шаралары, танктарды тазарту немесе жүкке қатысты басқа да іс-әрекеттер үшін жауапты ретінде жұмыс істеу үшін қосымша "Мұнай танкерлері мен химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамының адамдарын бастапқы даярлау" және "Химиялық заттарды тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамның адамдарын кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері, сондай-ақ химиялық заттарды тасымалдайтын танкерде 3 айдан кеме емес жүзу стажы болу қажет.

      28. Газ тасымалдайтын танкерде жұмыс істеу үшін қосымша "Газ тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамның адамдарын бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болу қажет.

      29. Газ тасымалдайтын танкерде тиеу, түсіру және жүзу немесе жүкті жүргізу кезінде қажетті сақтандыру шаралары, танктарды тазарту немесе жүкке қатысты басқа да іс-әрекеттер үшін жауапты ретінде жұмыс істеу үшін қосымша "Газ тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамның адамдарын бастапқы даярлау" және "Газ тасымалдайтын танкерлерде жүк операцияларын жүргізу үшін капитандарды, командалық және қатардағы құрамның адамдарын кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламалары бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәліктері, сондай-ақ газ тасымалдайтын танкерде 3 айдан кеме емес жүзу стажы болу қажет.

      30. Жолаушылар кемесінде жұмыс істеу үшін қосымша "Жолаушылар кемелерінің капитандарын, командалық және қатардағы құрамның адамдарын, сондай-ақ басқа да персоналын даярлау" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болу қажет, сондай-ақ төтенше жағдайларда жолаушыларға көмекті көрсете алу керек.

      31. Шапшаң құтқару қайықшаларын пайдалану бойынша жұмыс істеу үшін қосымша "Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болу қажет.

      32. Кемені қорғау жоспарын жүзеге асыру және қолдауды қоса алғанда, кеменің қорғауын қамтамасыз ету және компания-кеме иесі мен порт құралдарының қорғау үшін жауапты лауазымдық тұлғалармен байланыс үшін жауапты кеменің командалық құрамының тұлғасында қосымша "Кеменің командалық құрамының қорғауға жауапты адамдарын даярлау" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болу қажет.

      33. Кеменің қорғауын қамтамасыз ету үшін жауапты кеменің қатардағы құрамының тұлғасында қосымша "Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау" бағдарламасы бойынша ТДВА Конвенциясы тиісті тарауларының талаптарына сәйкес даярлау өтуді куәландыратын теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болу қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады