"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қарашада № 12295 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актімен № 7197 тіркелінген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын жасау ережесінде:
      4-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін;
      2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кейін;
      3) кітапхана қорларын - бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;
      4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды - тоқсанына кемінде бір рет;
      5) аяқталмаған құрылыс - жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кейін;
      6) оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды - бір жылына кемінде бір рет, бірақ 1 қазаннан кейін;
      7) тамақ және спирт өнімдерін - тоқсанына кемінде бір рет;
      8) өндірістік (оқу) шеберханаларындағы және қосалқы (оқу) шаруа қожалықтарындағы аяқталмаған өндірісті және өзіндік жартылай фабрикаттарды, ұйымдармен шарттар бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмыстарын - есепті жылдың 1 қазанынан кейін, және бұдан басқа, кезең-кезеңмен тиісінше бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейтін мерзімде;
      9) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды - 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жылына екі рет;
      10) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді – мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;
      11) ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтерінің деректері бойынша тиісті шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есепті нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететін екінші деңгейлі банктердің үзінді жазбаларымен салыстыру жолымен - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес жүргізіледі;
      12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша бюджетке төленетін төлемдер бойынша, депоненттермен есеп айырысуларды - тоқсанына кемінде бір рет;
      13) әр түрлі дебиторлармен және кредит берушілермен есеп айырысуларды - жылына екі реттен кем емес;
      14) баланстың басқа да баптарын - 1 қаңтардағы жағдай бойынша - жүргізуге міндетті.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Түгендеу комиссиясы түгендеуді барлық мүшелердің міндетті қатысуымен ғана жүргізеді.
      Материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясының мүшесі болып табылмайды.»;
      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «24. Қорларды түгендеу сақталу орны бойынша және материалдық-жауапты тұлғалар бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеу осы үй-жайда құндылықтардың орналасу тәртібімен жүргізілуі тиіс.
      Қорларды бір материалдық-жауапты тұлғада түрлі бөлек үй-жайларды сақтаған кезде түгендеу сақталу орындары бойынша тізбелі жүргізіледі. Құндылықтарды тексеруден кейін үй-жайға кіреберіске пломба қойылады және комиссия жұмыс істеу үшін келесі үй-жайға көшеді.
      Комиссия материалдық-жауапты тұлғалардың қатысуымен тауарлық-материалдық құндылықтардың іс жүзінде болуын (бензинге төленген талондар) оларды міндетті түрде қайта есептеу, таразыға қайта тарту және қайта өлшеу жолымен тексереді. Тізімдемеге материалдық-жауапты тұлғалардың сөзінен немесе олардың іс жүзінде болуын тексерместен есептеу деректері бойынша құндылықтардың қалдықтары туралы деректерді енгізуге жол берілмейді.»;
      35-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      46-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «46. Кассаны түгендеу кезiнде кассада ақшаның, ақша құжаттарының және қатаң есепке алу бланкілерінің бар болуы тексерiледi.
      Ақшалай қаражаттың бар-жоғы әрбір купюраны және әрбір тиынды қайта санау жолымен тексерiледi.
      Қатаң есепке алу бланкiлерi түрлерi, нөмiрлерi және бланкiлердiң сериялары бойынша, бланктердің түрлері бойынша бастапқы және соңғы нөмірлері ескеріле отырып тексерiледi.
      Кассаны түгендеу осы Қағидаға 19-қосымшаға сәйкес актімен ресімделеді.
      Құндылықтар мен қатаң есептегі бланкілерді түгендеу нәтижелері осы Қағидаға 20-қосымшаға сәйкес түгендеу тізілімінде ресімделеді.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Бағалы қағаздарды түгендеу актіде атауын, сериясын, нөмірін, номиналды және іс жүзіндегі құнын, өтеу мерзімін және жалпы сомасын көрсете отырып жекелеген эмитенттер бойынша жүргізіледі. Әрбір бағалы қағаздың деректемелері, ұйымның бухгалтериясында сақталатын тізімдеменің (тізілімнің, кітаптың) деректерімен салыстырылады. Арнайы ұйымда сақтауға тапсырылған бағалы қағаздарды түгендеу деген ұйымның бухгалтерлік есепке алудың тиісті шотында есепте тұрған қалдықтар сомасын осы арнайы ұйымның үзінділерінің деректерімен салыстыруды білдіреді. Бағалы қағазарды түгендеудің деректерін рәсімдеу үшін осы Қағидаға 23-қосымша нысаны бойынша негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша жасалатын түгендеу тізімдеме (салыстыру ведомості) қолданылады.
      Түгендеу комиссиясы құжатсыз нысан бойынша түгендеуді қаржылық инвестицияның шарттың және тізілімнен үзіндінің негізінде жүргізеді.
      Қаржылық инвестицияларды түгендеудің деректерін ресімдеу үшін осы Қағидаға 24-қосымшаға нысаны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне салынған қаржылық инвестициялар актісі қолданылады.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Бухгалтерлік есепке алудың деректерімен мүліктің нақты болуына түгендеу жүргізу кезінде анықталған алшақтықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып енгізілген) Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесімен айқындалған тәртіпте көрсетіледі.
      Артық шыққан негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаттары және басқа құндылықтар кіріске алынуға есептелуге жатады.
      Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ табиғи азаюдың нормадан артық бүлінуі кінәлі адамдарға жатқызылады. Кінәлі адамдар белгіленбеген немесе сот кінәлі адамдардан өндіріп алудан бас тартқан жағдайларда жетіспеушілік пен бүлдіруден болған зияндар мемлекеттік мекеменің шығыстарына жатқызылып есептен шығарылады.
      Құндылықтардың жетіспеушілігін және табиғи азаюдың нормадан артық бүлінуін есептен шығаруды ресімдеу үшін ұсынылатын құжаттарға құқық қорғау немесе сот органдарының кінәлі адамдардың жоқ екені (кінәлі адамдардан зиянды өндіріп алудан бас тарту туралы) туралы шешімі немесе уәкілетті мамандандырылған ұйымдардың пайдалануға жарамсыздығы туралы қорытынды қоса беріледі.»;
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 24-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектурова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                            Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 523 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік мекемелерде
түгендеме жүргізу қағидасына
13-қосымша

Нысан

      _________________________  ______
         мемлекеттік мекеме       коды

«___» ______________ жағдай бойынша
Аяқталмаған құрылысты түгендеу актісі

      ___ __________________ № ____ бұйрықтың (өкімнің) негізінде ___
_________________ жағдай бойынша №___ баланс шотында есепке
алынғандарының іс жүзіндегі құндылықтары қалдықтарын алып тастау
жүргізілді.
Түгендеу: ___ _____________________ басталды.
          ___ _____________________ аяқталды.

      Түгендеу кезінде мыналар белгіленді:

№ р/н

Аяқталмаған құрылыстың атауы

Құрылыс бойынша басталған жұмыстың жылы

Сандық өлшемдер (га, кв.м. алаңы, саны)

Дайындық пайызы (аяқталмаған құрылыс үшін); жұмыстар көлемі

Шығындардың барлығы, теңге

Аяқталмаған құрылысқа сипаттама

1

2

3

4

5

6

7









жиыны



х



х

Бірліктердің жалпы саны іс жүзінде _____________________________
                                            жазумен
Жазба бойынша жиынтығы іс жүзінде, теңге________________________
                                                жазумен
Комиссия төрағасы: _________ _______ ________________________________
                   лауазымы  (қолы)  (тегі, аты, болған кездегі -
                                             әкесінің аты))
Комиссия мүшелері: _________ _______ ________________________________
                   лауазымы  (қолы)   (тегі, аты, болған кездегі -
                                             әкесінің аты))
«___» _______________________

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң
2015 жылғы 20 қазандағы
№ 523 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мекемелерде
түгендеу жүргізу қағидасына
24-қосымша

Нысан

«___» _______________________ жағдай бойынша квазимемлекеттік
сектор субъектілеріне салынған қаржылық инвестицияларды
түгендеу актісі

Төраға
_____________________________________________________________________
мүшелері ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
құрамындағы түгендеу комиссиясы
____________________________бұйрық негізінде қаржылық инвестицияларды
түгендеу жүргізді және мынаны анықтады:

№ р/н

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауы және мекенжайы

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыруға және толықтыруға берілген аударылған/берілген*

Теңгерім бойынша сомасы

Квазимемлекеттік сектор субъектілерімен салыстырып тексеру актісі бойынша

Ескертпе

сомасы

негіздеме

1

2

3

4

5

6

7
















жиыны






*- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, жергілікті атқарушы
органдардың шешімдері, мемлекеттік мүлікті иелену жөніндегі уәкілетті
органның бұйрықтары негізінде.

Комиссия төрағасы: _________ _______ ________________________________
                   лауазымы  (қолы)  (тегі, аты, болған кездегі -
                                             әкесінің аты))
Комиссия мүшелері: _________ _______ ________________________________
                   лауазымы  (қолы)   (тегі, аты, болған кездегі -
                                             әкесінің аты))
«___» _______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады