Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылы 29 қазандағы № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қарашада № 12328 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау мен кедендік тазартудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10236 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару қағидалары;";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға аумақтық мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару қағидаларындағы:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 295–бабының 5–тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды кедендік декларациялауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру (бұдан әрі – рұқсат), оны ұзарту, тоқтата тұру немесе кері қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар (бұдан әрі – машина) деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе ЕЭО СЭҚ ТН бойынша 84, 85 немесе 90-тауар топтарында сыныпталатын өзге қондырғылар түсініледі.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды атауы және ЕЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды;";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген тауарды жиналмаған түрдегі сыныптау туралы шешімнің түпнұсқасы (бұдан әрі – тауарды жиналмаған түрде сыныптау туралы шешім);";

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) оларды ЕЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес бір мәнді сыныптауға, сәйкестендіруге, саны және номенклатурасы бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік беретін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың жекелеген құрамдастарының сипаттамасы;";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидаларындағы:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар деп кез келген тауарлар (тауарлар құрамасын қоса алғанда) жабдық, механизмдер, қондырғылар, аппараттар немесе Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша 84, 85 немесе 90–тауар топтарында жіктелетін өзге қондырғылар түсініледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарын ЕЭО СЭҚ ТН бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, кедендік декларациялауды декларант немесе кеден өкілі, кейін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларға арналған толық кедендік декларацияны берумен, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы бір мезгілде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдастарына арналған кедендік декларацияны беру жолымен мынадай шарттар сақталған кезде жүргізеді:

      1) мемлекеттік кірістер органы берген, оларды өткізу белгілі уақыт кезеңі ішінде әр түрлі тауар легімен болжанған жиналмаған түрдегі немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешімнің (бұдан әрі – жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім) және аумақтық мемлекеттік кірістер органы берген, белгілі уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсаттың (бұдан әрі – рұқсат) болуы;

      2) жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың барлық құрамдастарының рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде бір сыртқы сауда шарты (лизинг шартын қоса алғанда, келісім–шарт) бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде бір алушының мекенжайына жеткізілуі;

      3) декларацияны декларант немесе кеден өкілі рұқсатта көрсетілген аумақтық мемлекеттік кірістер органына ғана беруі;

      4) декларантта кедендік төлемдерді, салықтарды және олар бойынша өсімпұлдарды төлеу бойынша берешегінің болмауы.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сыртқы сауда шартының талаптарына сәйкес келмеген құрамдастар кері экспорт (Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінген құрамдастарға қатысты) кедендік рәсімінде қайтаруға жатады.";

      8-тармақтағы:

      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.3 нөмірімен сыныптау туралы шешімге қосымшаға сәйкес ЕЭО СЭҚ ТН бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың декларацияланатын құрамдасының он таңбалы сыныптама коды көрсетіледі.";

      2)-тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Тауар коды" 33–бағанында сыныптау туралы шешімге сәйкес ЕЭО СЭҚ ТН бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың он таңбалы сыныптау коды көрсетіледі.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына әкелінген жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын толық декларация бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар шығарылғанға дейін монтаждауға (жинауға) жол беріледі.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Толық декларация шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастары Еуразиялық экономикалық одағының тауарлары мәртебесін алады.";

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияларда жазылсын:

      "11. Жиналмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімге қосымшада көрсетілмеген тауарларға осы Қағиданың ережелері қолданылмайды. Бұл ретте мұндай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен жасалған халықаралық шарттар мен актілердің кедендік құқықтық қатынастарын реттеуге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен декларацияланады.

      12. ЕЭО СЭҚ ТН бойынша бір сыныптама кодын көрсете отырып, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауардың құрамдастарын кедендік тазарту осы Қағиданың 8–тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде жүргізіледі.

      13. Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды және жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар құрамдастарын кедендік тазарту кезінде уәкілетті лауазымды адам, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен жасалған халықаралық шарттар және актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін кедендік құқықтық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Аумақтық мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен жасалған халықаралық шарттар және актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін кедендік құқықтық қатынастардағы бұзушылықтарды анықтаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.";

      3. "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10874 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсететілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасындағы:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ТД-ны қабылдаумен, тіркеумен және тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операциялар "Тауарға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулық туралы (бұдан әрі - Тауарға арналған декларацияларды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі)" Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Декларант немесе кеден өкілі ТД берген кезде уәкілетті лауазымды адам тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын Кодекстің 281 және 282–баптарында көрсетілген құжаттардың бар болуын тексереді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ТД-ны тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам Тауарға арналған декларацияны тіркеу емесе тіркеуден бас тартуды тәртібіне сәйкес ресімдейді.";

      28-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеріп қарау тобының лауазымды адамы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттігіне ие өзге адамды жүргізетін кедендік тексеріп қараудың (қарап тексерудің) орны мен уақыты туралы хабарлайды.";

      35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кодекстің 296–бабында көрсетілген тауарларды шығару шарттарын сақтамаған кезде уәкілетті лауазымды адам Кодекстің 297–бабымен белгіленген тауарларды шығарудың шекті мерзімінің өтуінен кешіктірмей Тауарға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібіне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартады.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Уәкілетті лауазымды адам ТД шығарудан бас тартуды Тауарға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібіне сәйкес ресімдейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 551 бұйрығына
1–қосымша
  Белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген
түрдегі тауарларды декларациялауға
аумақтық мемлекеттік кірістер органының
рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру
немесе кері қайтару қағидалары
1–қосымша

      Нысан

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсат

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (декларанттың атауы, заңды мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттар туралы жалпы мәліметтер) Жиналмаған түрде ЕЭО СЭҚ ТН

      бойынша тауарды сыныптау туралы № шешім

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде

      жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды атауы және

      оның ЕЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде

      жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құрамдас

      элементтерінің атауы және олардың ЕЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау коды

      _____________________________________________________________________

      Келісім-шарт бойынша Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның

      ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың

      құны

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Кедендік тазарту жүргізілетін мемлекеттік кірістер органы

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Тауарды әкелу мерзімі _______________________________________________

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі _________________________________________

      Өзге мәліметтер _____________________________________________________

      (ерекше белгілері)

      Мемлекеттік кірістер

      органының басшысы _________________________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

  М.О.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 қазандағы
№ 551 бұйрығына
2-қосымша
  Белгіленген уақыт кезеңі ішінде
өткізілетін жиналмаған немесе
бөлшектелген түрдегі, оның ішінде
жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген
түрдегі тауарларды декларациялауға
аумақтық мемлекеттік кірістер органының
рұқсат беру, оны ұзарту, тоқтата тұру
немесе кері қайтару қағидалары
2–қосымша

      Нысан

Рұқсаттарды тіркеу журналы

Рұқсаттың №

Рұқсаттың қолданылу мерзімі (ККААЖЖ)

Сыныптау туралы шешімнің №

Декларанттың атауы

Шарттың (келісім–шарттың/ерекшеленетін) деректемелері

ЕЭО СЭҚ ТН бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың коды

Келісім-шарт бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың құны

жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың барлық құрамдастарын жеткізу мерзімі

Өзге мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9


      Ескертпе:

      Рұқсаттың нөмірі мына түрде қалыптастырылады:

      ХХХХХ-ХХХХХ/ККААЖЖ/0000, мұнда:

      1 2 3 4

      1) ХХХХХ - рұқсатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      2) ХХХХХ - кедендік тазартуды жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органының коды;

      3) ККААЖЖ - рұқсатты беру күні (күні, айы және ағымдағы жылдың соңғы екі саны);

      4) 0000 - рұқсаттың реттік нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады