«Көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 22-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесін және олардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 145-146 (26548), «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 188 (26609) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы».
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары ішкі істер органдары әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік оқиғасының сызбасын жасау қағидаларында:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және көлік оқиғалары кезінде жұмысты жүзеге асыруға қатысты талаптарды айқындайды;
2. Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылыстарын немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соқтырған, оның ішінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ көлік оқиғалары туындаған кезде әкімшілік полицияның лауазымды адамдары көлік оқиғасының сызбасын жасайды және хаттамаға қоса тігеді. Оған оқиғаға қатысушылар мен куәлардың түсініктемелері, көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік іс тіркелгеннен кейін ішкі істер органдарының кезекші бөлімінің оған уәкілетті лауазымды адамы көлік құралдарын жүргізушілеріне беретін көлік құралдарының бүлінуі туралы анықтамалар қоса тігіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жол белгілерін және таңбаларын бейнелеу олардың цифрлық белгілеулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ішкі істер органдарының уәкілетті лауазымды адамы:
1) көлік оқиғаларына қатысушыларға не болмаса олардың өкілдеріне қол қойғыза отырып, тегін негізде Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы хаттаманың көшірмесін және көлік оқиғасының сызбасын береді;
2) сақтандырушы жүгінген кезде тегін негізде ішкі істер органдары бөлінісі басшысының қолымен осы сақтандырушымен келісімшарт жасасқан адамның қатысуымен болған көлік оқиғасы туралы және көлік оқиғасы салдары туралы ақпаратты (көлік оқиғасының фабуласы, қайтыс болған, жарақаттанған адамдар туралы, көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралының бүлінулері туралы мәліметтер) және көлік оқиғасына қатысты құжаттардың көшірмелерін береді.».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің төрағасы
__________________ Қ.Н. Келімбетов
2015 жылғы 30 қазан