Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 558 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 12384 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 533 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 18.05.2018 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 234 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 12 қарашадағы
№ 558 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының
тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 234-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымдарда кедендік сараптаманы жүргізу мақсатында кедендік тексеру мен кедендік декларациялау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алудың тәртібін айқындайды.

      2. 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгiлердi стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары негізінде оларды зерттеу және талаптарының сақталу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде іріктеледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау немесе оның нәтижесі бойынша әртүрлі қызмет түрлеріне қатысты нормаларды, қағиданы, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжат;

      2) сынама – оңтайлы қажеттi, стандарттау жөнiндегi құжаттамамен белгiленген, ұсынылып отырған және зерттелетiн тауардың барлық көлемiнiң құрамын және қасиетiн сипаттайтын тауар немесе тауардың бiр бөлiгi;

      3) тауар партиясы – бір уақытта бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын және мемлекеттік кірістер органына бір немесе бірнеше көлік құжаттары бойынша табыс етілетін тауарлар, сондай-ақ бір пошта жүкқұжатымен жөнелтілетін не бір адамның багажы ретінде орналастырылатын тауарлар;

      4) үлгi – тауардың (өнiмнiң) барлық партиясының, сериясының құрылымына, құрамына және қасиеттерiне сәйкес келетiн тауар (өнiм) бiрлiгi не одан әрi зерттеу мақсатында iрiктеп алынуы осы Қағидалармен белгiленген тәртiппен тiркеледi, жазбаша және өзге де көрiну нысандарында ұсынылатын жалғыз дара объект.

2. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу тәртiбi

      4. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.

      5. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде қатысады және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жәрдем көрсетеді, оның ішінде өз есебінен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу үшін қажетті жүк операцияларын жүзеге асырады.

      6. Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері тауарлар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдырылмайтын мән-жайлар кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары Кеден кодексінің 205-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы актіні жасай отырып екі куәгердің қатысуымен іріктеп алады.

      Декларант немесе сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуден немесе оған қатысудан жазбаша бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды дербес жүргізеді.

      7. Арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалану және техникалық құралдарды қолдану қажеттілігі кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кедендік сарапшының (сарапшының) қатысуымен жүргізіледі.

      Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымға қолдаухаты кедендік сарапшының (сарапшының) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға қатысуы үшін негіз болып табылады.

      8. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн іріктеу алдында тауардың атауын және таңбалануын, жүктің қауіптілік белгісінің барын тексеру қажет.

      Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне іріктеу стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтаумен жүзеге асырылады.

      9. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi олардың зерттеу мүмкiндiгiн осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн іріктеп алу нормаларына сәйкес қамтамасыз ететiн ең аз мөлшерде іріктеледі.

      10. Егер тауарлардың сынамалары мен үлгілерін бағалау кезде келіспеушіліктер болған жағдайда мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғасы оларды тең бөліктерге бөліп, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың санын және сақтау жағдайын айқындайды.

      Тауар сынамасының бір бөлігін және бір үлгісін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы кедендік сараптамаға жолдайды, ал тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің басқа бөліктері мөр басылған түрде тауардың осы түрі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтау шартын сақтай отырып, тауардың сынамасы мен үлгісін іріктеп алған мемлекеттік кірістер органында сақталады.

      11. 2010 жылғы 20 мамырда Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген "Кеден құжаттарының нысандары туралы" № 260, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі нысан бойынша жасалады.

      12. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі үш данада жасалады:

      бірінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады;

      екінші данасы тауарлардың іріктелген сынамалары және үлгілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасына және кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жолданады;

      үшінші данасы декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамға немесе олар белгіленген болса, олардың өкілдеріне табыс етуге (жіберуге) жатады.

      13. Декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адам, немесе олардың өкілдері келмеген немесе болмаған жағдайда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісі декларантқа, не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамға, немесе олардың өкілдеріне тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес екі жұмыс күні ішінде жолданады.

      14. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің құрамы мен қасиеттері туралы, тасымалдау, пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтері бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерімен бірге жүреді.

      15. Кедендік сараптамаға жолданатын тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарлардың қасиеттеріне сәйкес оралады және мөрленеді. Орамада түсіндірме жазулары (затбелгілері) болады.

      Түсіндірме жазуларда мыналар көрсетіледі:

      тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алған күні;

      іріктелген тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің реттік нөмірі және олардың саны;

      тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу актісінің нөмірі және күні;

      тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың атауы;

      тауарға арналған декларацияның нөмірі;

      тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алынған партиядағы тауар саны;

      тауарлардың сынамалары мен үлгілері іріктеліп алынған көлік құралдарының нөмірі;

      тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (егер бар болса) және қолы.

      Түсіндірме жазу лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөр бедерімен не мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен куәландырылады.

      Кедендік сараптамаға жолданатын тауарлардың сынамалары мен үлгілері, мемлекеттік кірістер органдарының сәйкестендіру құралдарын пайдаланумен орамның тұтастығын бұзбай алуға болатындай оралады.

      16. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу аяқталғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы тауарлар орналасқан көлік құралдарына, контейнерлерге, орамалар мен ыдыстарға пломба салады.

      17. Мемлекеттік кірістер органдары декларантқа не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға немесе олардың өкілдеріне тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.

      Кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті ұйымға жолданған материалдар (тауарлардың сынамалары, үлгілері және тауарларға ілеспе құжаттар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналында (бұдан әрі - Журнал) тіркеледі.

      Журнал нөмірленеді, тігіледі және мемлекеттік кірістер органының мөрімен бекітіледі.

      18. Мемлекеттік кірістер органы сынамалар мен үлгілерді іріктелген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей кедендік сараптамаға жөнелтеді, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін жөнелткен жағдайда сақталу шарты осы тауарды стандарттау кезде нормативтік құжатта көрсетілген шарттарға сәйкес болуы тиіс. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін сақтауға бөгде адамдардың қолжеткізу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

      19. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін тауарлардың сынамалары мен үлгілері:

      тауарлардың сынамалары мен үлгілері зерттеу процесінде жұмсалған не зерттеу және (немесе) сынақ нәтижесінде жойылған;

      тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауар құрамының кедендік сараптаманы жүргізу барысында алынған тауардың құрамына сәйкессіздігі анықталған, оның нәтижесінде мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілері мерзімі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамамен айқындалған сақтауға қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына қайтарылады;

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тауарлардың сынамалары мен үлгілері жойылады немесе кәдеге жаратылады.

      20. Өндіріс процесінде шығындалған (жойылған) тауарлардың материалдары, сынамалары және үлгілері бойынша мәліметтер кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына ілеспе хатта көрсетіледі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп
алу қағидаларына 1-қосымша

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нормалары

Үлгінің атауы

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерінің саны (көлемі)

Стандарттың белгіленуі

Стандарт атауы

Көкөніс және жемісті қайта өңдеу өнімдері

0,5 кг-нан 3 сынама

МемСТ 26313-84

Көкөніс және жемісті қайта өңдеу өнімдері. Қабылдау ережесі, сынаманы іріктеу әдістері.

Кәмпиттер, мармелад, зефир, желейлік өнімдер

0,4 кг-нан 3 сынама

МемСТ 5904-82

Кондитерлік өнімдер. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынама дайындау.

Қант

2 кг-нан 3 сынама

МемСТ 12569-99

Қант. Қабылдау ережесі, сынаманы іріктеу әдістері.

Сыра

4 бөтелке

МемСТ 30060-93

Сыра. Өнім көлемін және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.

Алкогольді өнімдер

4 бөтелке

МемСТ 5363-93

Арақ. Қабылдау ережесі және талдау әдістері.

Алкогольсіз сусындар

4 бөтелке

МемСТ 6687.7-88

Алкогольсіз сусындар және квастар.

Ұн және кебек

2 кг-нан 3 сынама

МемСТ 27668-88

Ұн және кебек. Қабылдау және сынаманы іріктеу әдісі.

Сүт, сүт өнімдері

0,5 л-ден 3 сынама

МемСТ 26809-86

Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.

Қаймақ

0,1 л –ден 3 сынама

МемСТ 26809-86

Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.

Сұйық, қышқыл өнімдер

0,1 л-ден 3 сынама

МемСТ 26809-86

Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережесі, іріктеу әдісі және сынаманы талдауға дайындау.

Алғашқы үлгідегі полиэтилентерефталат

0,5 кг-нан 3 сынама

МемСТ Р 51695-2000

Полиэтилентерефталат

Алғашқы үлгідегі жоғары қысымды полиэтилен

1 кг-нан 3 сынама

МемСТ 16337-77

Жоғарғы қысымды полиэтилен

Алғашқы үлгідегі төмен қысымды полиэитен

1 кг-нан 3 сынама

МемСТ 16338-85

Төмен қысымды полиэтилен

Алғашқы үлгідегі полипропилен

0,5 кг-нан 3 сынама

МемСТ 26996-86

Полипропилен және сополимерлер. Техникалық шарттары.

Алғашқы үлгідегі поливинилхлорид

0,5 кг –нан 3 сынама

МемСТ 14039-78

Поливинилхлорид

Кептірілген жемістер

1 кг-нан 3 сынама

МемСТ 1750-86

Кептірілген жемістер. Қабылдау ережесі. Сынақ әдістері

Маталар

0,5 м–ден 4 нүктелі сынама немесе матаның жалпы енінен 2 м

МемСТ 20566

Маталар немесе дана тоқыма бұйымдары. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері.

Жіптер

1 өнімнен 3 сынама, кесілген жіптер ұзындығы:

200 м - жіп үшін, сызықтық тығыздығы 12,5 текс кем;

100 м - жіп үшін, сызықтық тығыздығы 12,5-тен 100 текс дейін;

50 м – иірілген жіп үшін, сызықтық тығыздығы 100 текс артық;

10 м - кешенді жіп үшін, сызықтық тығыздығы 100 текс артық.

МемСТ 6611.1

Тоқыма жіптері. Сызықтық тығыздығын анықтау әдістері.

Тоқыма және тоқымалы емес материалдар.

0,5 м-ден 4 нүктелі сынама немесе орама кенебінің енінен 2 м.

МемСТ 13587

Тоқымалы емес кенептер және дана тоқымалы емес бұйымдар. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері.

МемСТ 8844

Тоқыма кенептері. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері

Тоқыма материалдарынан ер, әйел және балалар киімдері

Әр атаудан, артикулдан 2 бұйым

МемСТ 20566

Маталар және дана тоқыма бұйымдары. Қабылдау ережесі және сынаманы іріктеу әдістері.

Аяқ киім

Әр атаудан, артикулдан 2 жұп

МемСТ 9289

Аяқ киім. Қабылдау ережесі.

Бас киімдер

Әр атаудан, артикулдан 2 бұйым

МемСТ 10325

Аң терісінен бас киімдер.Жалпы техникалық шарттары.

Бағалы аң терісінен бас киімдер.

Әр атаудан, артикулдан 2 бұйым

МемСТ 10231

Елтіріден жасалған.Техникалық шарттары.

МемСТ 10322

Қара күзең терісінен жасалған.Техникалық шарттары.

МемСТ 11287

Аң терісінен кеудеше. Жалпы техникалық шарттары.

Полимерлі материалдар және резеңке

Полиэлитенді пленка ауданы 1-4 м2, ұзындығы 0,4 м-ден 3 сынама полиэтиленді қағазға, қапқа оралынады.

МемСТ 10354


Полиэтиленді пленка. Техникалық шарттары.

Полистирольді пленка ұзындығы 1-3 м-ден 3 сынама, полиэтиленді қағазға, қапқа оралынады.

МемСТ 12998



Полистирольді пленка. Техникалық шарттары


Винипласты пленка ұзындығы 1 м-ден 3 сынама, орау қағазына оралынады;

поливинилхлоридті пленка ұзындығы 2 м-ден 3 сынама, орау қағазына оралынады;

поливинилхлорид парақтары 6 нүктелік 500х500 мм кем емес өлшемді сынамадан тұрады. Ағаш жәшікке немесе қораптарға салынады.

МемСТ 16398


Винипластты пленка. Техникалық шарттары.



Поливинилхлоридті пластикатты лента ұзындығы 5 м-ден 3 сынама, орау қағазына оралынады.

МемСТ 17617



Поливинилхлоридті пластикатты лента.Техникалық шарттары.

Жоғарғы қысымды полиэтилен 700 гр-нан 3 сынама.

МемСТ 16337


Жоғарғы қысымды полиэтилен. Техникалық талаптар.

Төмен қысымды полиэтилен 1000 гр 3 сынамадан. Қаптарға оралынады.

МемСТ 16338



Төменгі қысымды полиэтилен. Техникалық талаптар.

Полиэтилентерефталатты пленка ұзындығы 3 м-ден 3 сынама, орау қағазына оралынады.

МемСТ 24234

Полиэтилентерефталатты пленка. Техникалық шарттары.

Салмағы 3 кг-нан 3 сынама полистирол, қаптарға оралынады.

МемСТ 20282

Полистиролдың жалпы тағайындалуы. Техникалық шарттары.

Каучук 1500 г-нан 3 сынама, полиэтиленді пакеттерге салынады.

МемСТ 1795

Синтетикалық және табиғи каучук.Сынаманы іріктеу және одан әрі дайындау рәсімдері.



МемСТ 27109

Синтетикалық каучуктар.

Іріктеу әдістері және сынамаларды дайындау.

Балалар ойыншығы

Әр атаудан, артикулдан 2 бұйым

МемСТ 25779

Ойыншықтар. Жалпы қауіпсіздік талаптары және бақылау әдістері.

Қағаз және картон

Картон және қағаз - өлшемі 300х450 мм кем емес 5 парақтан 3 сынама.Орау қағазына оралынады.

МемСТ 8047



Картон және қағаз. Орташа сапасын анықтау үшін сынаманы іріктеу.

Түсқағаз – 0,6 м-ден 3 сынама, үлгі ораманың шетінен 0,5 м арақашықтықтан алынады.

МемСТ 6810

Түсқағаз. Техникалық шарттары.

Ағаштан жасалған бұйымдар

Ағаш талшықты тақта- өлшемі 100х100 мм кем емес 3 сынама, пакеттерге оралынады. Бөлшек және бұйым– 3 дана. Әр атаудан, артикулдан немесе өлшемі 300х300мм кем емес.

МемСТ 19592

Ағаш талшықты тақталар. Сынақ әдістері.

Лак бояу өнеркәсібінің өнімдері

Орташа сұйық сынама салмағы, қоймалжың және қатты материалдар 0,5 кг-нан 3 сынама.Орау бойынша МемСТ-ы 9980.3-86.

МемСТ 9980.2

Лак бояу материалдары. Сынақ үшін сынамаларды іріктеу.

Керамикалық бұйымдар

Әр атаудан, артикулдан 5 данадан 3 сынама. Картон қораптарға немесе полиэтиленді пленкаға оралады.

МемСТ 4.210


Керамикалық әрлеу және қаптау материалдары. Көрсеткіш атаулары.

МемСТ 28390

Фарфор бұйымдары.

Техникалық шарттары.

Кірпіш және отқа төзімді бұйымдар

Әр атаудан, артикулдан 3 дана.

МемСТ 8179

Отқа төзімді бұйымдар. Үлгілерді іріктеу және қабылдау сынақтары.

Металдар. Қорытпалар және одан жасалған бұйымдар (соның ішінді зергерлік бұйымдар )

Илем - ені 600-1000 мм 3 сынама,бұйымның соңынан ең аз арақашықтығы:

МемСТ 16523

Сапалы және қарапайым сапалы көмiртектi болаттан жасалған жұқа қабатты илем. Техникалық шарттары.

Орамдағы илем - 150 мм-ден 3 сынама;

домаланған илем орамы - 1 орам, сытрқы орам шетінен 2 орам кем емес;

босатылған және бекітілген орамдағы илем шеттері-орам диаметрі 0,5 м-ден 3 сынама, 160 мм кем емес.

МемСТ 5781

Темір-бетон құрылымдар армирлау үшін ыстықтай жұқартылған болат. Техникалық шарттары.

Металлдан жасалынған бұйым - әр атаудан, артикулдан 3 сынама.

МемСТ 7565

Шойын, болат және қорытпалар. Химикалық құрамын анықтау үшін сынаманы іріктеу әдістері.

Тұтқыр материалдар.

Гипстік –салмағы 1 кг-нан 3 сынама, тігілген немесе желімделген қағазды қаптарға оралынады;

цемент - салмағы 1 кг-нан 3 сынама, қағаз қаптарға оралынады.

МемСТ 23789

Тұтқыр гипстік.

Сынақ әдістері.

Шыны

Табиғи шыны – өлшемі 300х300мм-ден 3 сынама,екі жағынан орауқағазымен қапталады;

шыны өнімдері- әр атаудан, артикулдан 3 дана

МемСТ 17622

Табиғи техникалық шыны. Техникалық шарттары.

Мақта

Медициналық гидорскопиялық мақта - 1 кг-нан 3 сынама.

МемСТ 5556

Медициналық гидорскопиялық мақта. Техникалық шарттары.

Мұнай және мұнай өнімдері

Біріккен сынама көлемі 4 литрдан кем емес, 1,0 литрден 4 сынама.

МемСТ 2517-2012

Мұнай және мұнай өнімдері.

Сынаманы іріктеу әдістері.

Дана шағын габаритті бұйымдар

3 дана




      Ескертпе:.Сараптамалық зерттеулер процесінде бұзылмайтын тауарлар (мысалға: теледидар, компьютер, тоңазытқыш және т.б.) бір данада іріктеледі.

  Мемлекеттік кірістер органдары
лауазымды тұлғаларының тауарлардың
сынамалары мен үлгілерін іріктеп
алу қағидаларына 2-қосымша

      нысан

Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тіркеу журналы

Реттік нөмірі №

Сынамалар мен үлгілерді іріктеу күні

Сынамалар мен үлгілердің тіркелген нөмірі

Тауар атауы

1

2

3

4










      нысанның жалғасы

Іріктелген сынамалар мен үлгілердің саны

Сынамалар мен үлгілерді іріктеу актісінің ресімделген күні және нөмірі

Орамды сақтаудың сәйкестендіру құралы

Сынамалар мен үлгілерді қайтару/шығындау туралы белгі

5

6

7

8










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады