Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12415 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 60 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 04.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу Қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 130 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке
алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін
белгілеу Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеудің осы Қағидасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін сынақ мерзімін белгілеудің тәртібін реттейді.

2. Сынақ мерзімін белгілеу тәртібі

      2. Сынақ мерзімі прокуратура органдарына алғашқы рет қабылданған тұлғалардың орналасқан лауазымға сәйкес келуін тексеру мақсатында белгіленеді.

      3. Прокуратура органдарына алғашқы рет қабылданған тұлғалар үшін сынақ мерзімінің ұзақтығы мынадай тәртіпте белгіленеді:

      нақты лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша үш жыл және одан жоғары жұмыс (қызмет) өтілі бар тұлғалар үшін – алты ай;

      мамандығы бойынша үш жылға дейін жұмыс (қызмет) өтілі бар тұлғалар үшін – бір жыл.

      4. Сынақ мерзімінің ұзақтығы прокуратура органы басшысының немесе прокуратура органы басшысының уәкілетті тұлғасының лауазымға тағайындау туралы бұйрығымен белгіленеді. Өзіне қатысты сынақ белгіленген тұлға сынақ мерзімін белгілеу тәртібімен және лауазымға тағайындау туралы бұйрықпен таныстырылады.

      5. Сынақ мерзімінен өту кезеңінде тұлға жұмыста жоғары жетістіктерге жеткен кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен немесе оның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшесінің басшысының немесе прокуратура органы басшысының дәлелді ұсынысы негізінде сынақ мерзімі қысқартылады.

      6. Сынақ мерзімі аяқталған соң прокуратура органының кадр қызметі тікелей басшысының қорытындысы (ұсынысы) негізінде прокуратура органының басшысына немесе прокуратура органы басшысының уәкілетті тұлғасына ол тұлғаның прокуратура органдарында одан әрі қызмет атқаруының дұрыстығы туралы ұсыныс енгізеді.

      7. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін тұлғаның орындауға қабілетсіз екенін бекітетін барлық фактілер оның тікелей басшысымен жазбаша бекітіледі және сынақтан өтуідің нәтижесі туралы ұсыныстар көрсетіледі.

      8. Сынақ мерзімі ішінде байқалған тұлғаның прокуратура органдарындағы қызметке жарамсыздығы Заңның 80-бабына сәйкес оны прокуратура органдарынан шығаруға негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады