"Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 1082 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12430 болып тіркелді

      «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 10069 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесінде:
      6, 7, 20, 26 және 32-тармақтар алынып тасталсын;
      36 және 37-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
      «36. Астана – Маңғышлақ.
      37. Караганда – Озинки.»;
      37-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «Қарағанды – Озинки»;
      40-тармақ алынып тасталсын;
      49-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «49. Қарағанды – Семипалатинск.»;
      55-тармақ алынып тасталсын;
      56-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «56. Қызылорда – Семипалатинск.»;
      57 және 60-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады