Ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 906 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12458 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 16-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр                               Т.Дүйсенова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 906 бұйрығымен бекітілген

Ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысаны

№ п/п

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс берушге қызметкерлердің талаптары бойынша жазбаша хабарлама берілген күн

Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану бойынша талаптары

Ұжымдық еңбек дауына қатысушы қызметкерлердің саны

Жұмыс берушінің қызметкерлердің қойған талаптарын қарау күні және оның нәтижесі

Татуаластыру коммисиясын құрылған күні және оның шешімі

Еңбек төрелігінің құрылған күні және оның қарау нәтижесі

Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау күні және оның нәтижесі

Ереуілдің өткізілген күні және оның нәтижесі

1










2










3










4










Барлығы










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады