"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 7 қырқүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 желтоқсанда № 12532 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 7 қырқүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген есеп саясатында:
      949596 және 98-тармақтар алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы Министрі                                   Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады