РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін баспа және электронды түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 30 қараша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 1111 бұйрығымен
бекітілген
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Тобы | Сатысы | Лауазымдар атауы |
---|---|---|
А блогы - басқарушы персонал | ||
А1 |
1 |
Республикалық маңызы бар ММ*директоры |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ*директорының орынбасары |
|
А2 |
1 |
Республикалық маңызы бар ММ*бас бухгалтері |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ*бас бухгалтерінің орынбасары |
|
А3 |
1 |
Республикалық маңызы бар ММ*бөлім бастығы |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ* бөлім бастығының орынбасары |
|
А3 |
2 |
Республикалық маңызы бар ММ*топ басшысы |
3 |
Республикалық маңызы бар ММ* жетекші инженер |
|
В блогы - негізгі персонал | ||
В2 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты инженер |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты инженер |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты инженер |
|
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ инженер |
|
В3 |
1 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты техник |
2 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты техник |
|
3 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты техник |
|
4 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ техник |
|
В блогы – денсаулық сақтау | ||
В3 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты медициналық медбике (мейіргер) |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты медициналық медбике (мейіргер) |
|
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ медициналық медбике (мейіргер) |
|
В4 |
1 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты медициналық медбике (мейіргер) |
2 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты медициналық медбике (мейіргер) |
|
3 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты медициналық медбике (мейіргер) |
|
4 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ медициналық медбике (мейіргер) |
|
С блогы - әкімшілік персонал | ||
С1 |
Жылу, су, газ құбыры және кәріз жүйелерін күтіп-ұстау учаскесінің басшысы; көлік цехының басшысы; әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы; ғимараттар мен үй- жайларды жөндеу құрылыс жұмыстарын өндіруші учаскесінің басшысы; жөндеу - механикалық учаскесінің басшысы; байланыс, күзет сигнализациясы және химиялық өрт сөндіру учаскесінің басшысы; өрт қызметі командасының басшысы |
|
С2 |
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі кадр жөніндегі инспектор |
|
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі аудитор |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі экономист |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бухгалтер |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі механик |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі байланыс, жабдықтау, ғимараттар мен құрылымдарды түгендеу, ақпаратты қорғау жөніндегі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженер |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі аудармашы |
||
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі заңгер |
||
С3 |
Орталық қойманың меңгерушісі |
|
Ауысым бастығы |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі материалдық құндылықтарды сақтау жөніндегі қойма менеджері |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі байланыс технигі |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі кадр жөніндегі инспектор |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі экономист |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мемлекеттік сатып алу менеджері |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бухгалтер |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі механик |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі аудармашы |
||
Шаруашылық меңгерушісі |
||
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі заң кеңесшісі |
||
D блогы - қосалқы персонал | ||
D |
Оператор, іс жүргізуші, мұрағатшы, хатшы, күзетші |
Ескертпе:
* - ММ – мемлекеттік мекеме
Индустриялық даму және
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы азаматтық
қызметшілер лауазымдарының
тізіліміне қосымша
Басқару жауапкершілігінің дәрежесіне байланысты республикалық,
облыстық, аудандық маңызы бар ұйымдарда индустриялық даму
және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының мемлекеттік
мекемелерінің таралуы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі республикалық маңызы бар мекемелерге жатады.