"Биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 727 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12550 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған бұйрығымен бекітілген Биржа саудасының үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      __________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «___» ________
 

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушысының  
2015 жылғы 25 қарашадағы  
№ 727 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрі 
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 30 наурыздағы 
№ 280 бұйрығымен бекітілген

Биржа саудасының үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Биржа саудасының үлгі қағидалары (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
      2. Үлгі қағидалары негізінде әрбір тауар биржасы өзінің Биржа саудасының қағидаларын (бұдан әрі – Биржаның қағидалары) әзірлейді және бекітеді.
      3. Осы Үлгі қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) атаулы мәміле – биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысының алдын ала екіжақты уағдаластығы бойынша жасалған биржалық мәміле;
      2) ашу бағасы – биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
      3) биржалық алым – тауар биржасы сауда – саттыққа қатысушыдан биржалық сауда–саттықты ұйымдастырғаны үшін алатын комиссия;
      4) биржалық брокер (бұдан әрі – брокер) – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық–құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;
      5) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық–құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай–ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
      6) биржалық қамтамасыз ету – жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына биржалық саудаға қатысушылардың қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылымы;
      7) биржалық сауда–саттық – биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Биржаның қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
      8) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім – Үлгі қағидаларға сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық сауда–саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алуы (сатуы) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық сауда–саттықтарға қатысушының биржалық тауарды сатып алуы (сатуы) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
      9) биржалық тауар – айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісімшарт;
      10) дауыс биржалық сауда–саттықтар – биржалық сауда–саттықтардың қатысушылары қолдар белгілер немесе дауыспен назарын аудару арқылы мәмілелерді өткізу келісілетін сауда биржасының арнайы орнында биржалық сауда–саттықтар қатысушыларының жинауы түрінде жүзеге асырылатын биржалық сауда – саттықтарды өткізу процесі;
      11) есептік ұйым – банк немесе онымен тауар биржасы және (немесе) оған қызмет ететін клирингтік орталық биржалық сауда–саттық өткізу кезінде өзара іс–қимыл жасау тәртібі және (немесе) биржалық сауда–саттықта жасалған мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру туралы шарттар жасаған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
      12) классикалық сауда режимі – бірін–бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі;
      13) клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      14) клирингтік орталық – тауар биржасында жасалатын биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету үшін тауар биржасының арнайы ұйымдастырылған құрылымдық бөлімшесі не тауар биржасы өзара іс–қимыл туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым;
      15) клирингтік ұйым – тауар биржасы жасасқан өзара іс–қимыл туралы шарт негізінде биржалық мәмілелерді клирингтік қызмет етуді жүзеге асыратын ұйым;
      16) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе–теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
      17) кросс–мәміле – брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша іс–әрекет ете отырып не өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
      18) маклер – биржалық сауда–саттықтарға қатысушылар жасаған биржалық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті тауар биржасының қызметкері;
      19) сауда күні – тауар биржаның биржалық сауда–саттықтар өткізетін күні ішіндегі жұмыс күні;
      20) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      21) сауда режимі – өтінімдерді жариялау және тауар биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасу шарттарының жиынтығы;
      22) сауда – саттық сессиясы – трейдерлер тауар биржасының сауда жүйесіне тауарларды сатып алуға (сатуға) өтiнiмдер беретін және олар бойынша биржалық мәмілелер жасалатын сауда күнінің уақыт кезеңі;
      23) стандартты аукцион режимі – сатып алушы (сатушы) – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе арттыруға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;
      24) тауар биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық–құқықтық нысанында құрылған, сауда–саттықтарды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға;
      25) трейдер – биржалық сауда–саттыққа қатысушының, онымен биржалық сауда–саттыққа қатысушының атынан мәмілелерді жасасуға байланысты тауар биржаларының әрекеттерін тауар биржасының сауда жүйесінде жүзеге асыруға өкілдік берілген және белгілеген тәртіппен тауар биржасында тіркелген қызметкер;
      26) электрондық биржалық сауда–саттықтар – электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық мәмілелерді жасайтын биржалық брокерлердің (биржалық дилерлердің) авторландырылған трейдерлері қатысатын биржалық сауда–саттықтарды өткізу процесі.
      Өзге ұғымдар Заңда айқындалған мағыналарымен осы Үлгі қағидаларда пайдаланылады.
      4. Биржалық қатысушылар өз қызметін Биржаның қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Тауар биржасы биржалық сауда–саттықтардың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелерді жасау бойынша тең шарттарды қамтамасыз етеді.

2. Брокерлерді және (немесе) дилерлерді тауар биржасына,
олардың мүшеліктерін қабылдаудың, мүшелікті тоқтата тұрудың
және тоқтатудың шарттары мен тәртібі

      6. Тауар биржасының мүшелері Заңы 17–бабының 2–тармағына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылады.
      7. Биржа мүшелерінің саны жетіден кем болмайды. Тауар биржасының мүшелігін тауар биржасымен аффирленген заңды тұлғалар жіберілмейді.
      8. Тауар биржасына мүшелік брокерлерге және (немесе) дилерлерге кіру Заңға сәйкес биржалық сауда–саттыққа қатысу құқығын береді.
      9. Тауар биржасының мүшелігіне кіру үшін үміткер тауар биржасына мынадай құжаттар және мәліметтерді:
      1) мынадай мәліметтерді көрсете отырып тауар биржасы мүшелігіне қабылдау туралы өтінішті:
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
      мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын осы шот өзінің шоты болып табылатын–табылмайтыны көрсетілген банктік шоттардың деректемелері;
      2) жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) уәкілетті орган берген тауар биржасында биржалық брокер (дилердің) қызметін жүзеге асыру бойынша лицензия туралы мәліметі;
      4) мүшелік кіру жарнасын төлегені туралы түбіртек;
      5) тауар биржасына қызмет көрсететін клирингтік ұйыммен немесе клирингті өткізу үшін тиісті құрылымдық бөлімше бар болса тауар биржасының өзімен клирингтік қызмет көрсету шарты ұсынады.
      Көрсетілген құжаттардан және мәліметтерден басқа тауар биржасы егер тауар биржаның ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген өз капиталын мөлшеріне, жұмыс тәжірибесіне және іскерлік беделіне қойылатын талаптардың орындалуын растайтын өзге құжаттарды үміткерден сұрайды.
      10. Үміткерді тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы шешімді Үлгі қағидалардың 9–тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тауар биржасы қабылдайды. Үміткерге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарланады.
      11. Үлгі қағидалардың 9–тармағында көрсетілген құжаттардың, мәліметтердің толық көлемде ұсынылмауы және (немесе) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттардың ұсынылуы тауар биржасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      12. Биржа мүшелегіне брокерлерді, дилерлерді қабылдаған жағдайда тауар биржасы олармен биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы мерзімсіз шарт жасайды.
      13. Тауар биржасына мүшелікті тоқтата тұру мынадай негіздемелер бойынша:
      1) тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша мынадай мәліметтерді:
      мүшелікті тоқтату себебін;
      тоқтата тұру мерзімін;
      жасалған биржалық мәмілелер бойынша орындалмағанын міндеттемелердің жоқтығын көрсете отырып, тиісті өтініш ұсына отырып жүзеге асырылады.
      Тауар биржасы мүшелікті тоқтата тұру туралы өтінішті өтініш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Тауар биржасының мүшесінде биржалық мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер анықталған жағдайда тауар биржасы өтінішті биржалық мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер орындалғанға дейін қарауға қабылдамайды;
      2) тауар биржасындағы биржалық брокердің (дилердің) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның әрекетін тоқтата тұрумен байланысты;
      3) биржаның мүшесі белгіленген мүшелік жарналарды, биржалық алымдарды және өзге төлемдерді төлеуді бірнеше рет кешіктіру жағдайында;
      4) Биржа мүшелері Заңының 11 және 12–баптарында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда жүзеге асырылады.
      14. Тауар биржасына мүшелікті тоқтату мынадай негіздер:
      1) тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша мынадай мәліметтерді:
      мүшелікті тоқтату себебін;
      жасалған биржалық мәмілелер бойынша барлық міндеттемелердің орындалу туралы мәліметтерді көрсете отырып тиісті өтініш ұсына отырып жүзеге асырылады.
      Бұл ретте тауар биржасы мүшелікті тоқтату туралы өтінішті қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Тауар биржасы мүшесінің биржалық мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелері анықталған жағдайда, тауар биржасы өтінішті биржалық мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер орындағанға дейін қарауға қабылдамайды;
      2) белгіленген мүшелік жарналарды, биржалық алымдарды және өзге төлемдерді бірнеше рет (екі және одан да көп) төлеуді кешіктірген (бас тартылған) жағдайда;
      3) тауар биржасы мүшесі таратылған жағдайда.
      15. Тауар биржасына мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді тауар биржасы Биржа қағидаларында көзделген тәртіппен қабылдайды.

3. Биржалық сауда–саттықтарды өткізу тәртібі, оның ішінде
атаулы және кросс–мәмілелерді жасау ерекшеліктері

      16. Тауар биржасы биржалық сауда–саттықтарды өзі белгілеген сауда күндерінде өткізедi. Сауда күнінiң басталу және аяқталу, сауда алдындағы кезең (ол өткізілген жағдайда), сауда сессиясы және клирингтiң уақытын бес сағаттан кем емес сауда күннің орта ұзақтығын ескере отырып, тауар биржасы белгілейді.
      17. Тауар биржасы сауда режимдердің ерекшеліктерді ескере отырып биржалық сауда–саттықтарды өткізеді.
      18. Биржалық саудаға жіберілген әр тауарға тауар биржасы осы тауарды теңдестіретін сауда құралының бөлек коды, оның сапалы сипаттамалары, сондай–ақ жеткізудің базалық шарттары беріледі.
      19. Биржалық сауда–саттықтың қатысушылары брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылады.
      20. Сауда режимдерінің ерекшеліктерін ескере отырып биржалық сауда–саттықтар биржалық қамтамасыз етуді алдын ала енгізе отырып және оны енгізбей жүргізіледі. Биржалық қамтамасыз етуді енгізу және қайтарып алудың тәртібі осы Үлгі Қағидалардың талаптарын ескере отырып, тауар биржасын және (немесе) тауар биржасына қызмет көрсететін клирингтік ұйым айқындайды.
      21. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) ниеті бар биржалық сауда–саттыққа қатысушы биржаның сауда сессиясы ішінде сауда биржасына биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім береді. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімнің нысаны және мазмұнын қолданылатын сауда режимінің ерекшеліктерін ескере отырып, тауар биржасы белгілейді.
      22. Тауар биржасы биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімді қабылдаудан мынадай:
      1) өтінімнің дұрыс ресiмделмеуi, сондай–ақ өтінімді берудің белгіленген мерзімдерінің және тәртіптерінің бұзылуы;
      2) биржалық мәмілелер биржалық қамтамасыз етудің алдын ала енгізе отырып жасалған жағдайда биржалық қамтамасыз етудің болмауы;
      3) биржалық сауда–саттыққа қатысушылардың биржалық алымдарды төлемеуі, сондай–ақ оны тауар биржасының және (немесе) тауар биржасына қызмет ететін клирингтік ұйымның алдында өзге мерзімі өткен берешектің болуы негіздері бойынша бас тартады.
      23. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімді қабылдаудан бас тартылған жағдайда тауар биржасы биржалық сауда–саттықтардың қатысушысыны бас тартудың себептері туралы бірден хабардар етеді.
      24. Биржалық сауда–саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерді беруі осы үлгі қағидалардың талаптарын ескере отырып, берілген өтінімде көрсетілген шарттарда биржалық мәміле жасалған олардың сөзсіз келісуін білдіреді.
      25. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) қабылданған өтінімдер тауар биржасында тіркеуге және Биржа қағидаларында белгіленген тәртіппен тауар биржасының сауда жүйесіне қосуға жатады.
      26. Биржалық сауда–саттыққа қатысушыға Биржа қағидаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте өтінімнің шарттарын өзгертуіне оның немесе қайтаруына жол беріледі.
      27. Тауар биржасы биржалық сауда–саттық басталғанға дейін трейдерлерді тіркейді, ашылу бағасын, бағалық дәлізді, бағаның қадамын белгілейді және биржалық сауда–саттыққа қатысушыларға хабарлайды.
      28. Дауыс беру биржалық сауда–саттық басталғанға дейін тауар биржасы өзі белгілеген нысан бойынша биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер тізілімін құрады және олар туралы трейдерлерді хабардар етеді.
      29. Дауыс беру биржалық сауда–саттық жария және ашық түрде өткізіледі. Дауыс беру биржа сауда–саттығын өткізу кезінде биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) берілген өтінімі өтінімдер тізіліміне енгізілген трейдер биржалық сауда–саттықты өткізген кезде операциялық биржа залында болады. Тауар биржасын алдын ала хабардар етпей биржалық сауда–саттықта трейдердің қатыспауы Биржа қағидаларын бұзылған болып табылады.
      30. Биржалық сауда–саттықта жасалған мәмілелерден бас тартуға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
      31. Тауар биржасының мүшелері клиенттік мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, мәмілені өз мүддесінен емес, клиент мүдделерінің басымдығын негізге ала отырып жасайды.
      32. Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және есебінен жасауға жол берілмейді.
      33. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға брокерлерден және (немесе) дилерлерден алынған коммерциялық ақпаратты өз мүдделеріне пайдалануға жол берілмейді.
      34. Тауар биржасында:
      1) халықаралық іскер операциялармен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот–тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бере отырып жасалған мәмілелер;
      2) фьючерстік мәмілелер;
      3) опциондық мәмілелер;
      4) қойма құжаттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бере отырып мәмілелер жасалады.
      35. Биржалық сауда–саттықтар мынадай сауда режимдерінде:
      1) стандартты аукцион режимде;
      2) классикалық сауда режимде;
      3) қосарланған қарсы аукцион режимде өткізіледі.
      36. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда–саттықтар:
      1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;
      2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;
      3) аукционды биржалық тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша жүргізу;
      4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;
      5) аукционның нәтижелері бойынша биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және аукционға қатысушылар төмендетуге ұсынған ең төменгі бағалардың арасынан және аукционға қатысушылар жоғарылатуға ұсынған ең жоғары бағалардың арасынан оны айқындау;
      6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
      Тауар биржалары осы Үлгі қағидалардың осы тармақғының 1) және 5) тармақшаларында көрсетілген шарттарды іске асырудың өз тәртібін белгілейді.
      37. Стандартты аукциондарды оның қатысушыларын алдын ала білікті іріктеі отырып және мұндай іріктеуді өткізбей өткізуге жол беріледі.
      38. Стандарттық аукциондарға қатысатын брокер (дилер) бір ғана клиенттің мүдделерін ұсынады.
      39. Стандартты аукцион режимінде өткізілетін сауда–саттықтар әрбір аукцион бойынша қатысушылар саны аукцион бастамашыларының мүдделерін ұсынатын брокерді (дилерді) қоса алғанда, аукционның кемінде үш қатысушысын құраған жағдайда өткізілді деп танылады.
      40. Стандартты аукционды өткізу қорытындылары бойынша аукцион бастамашысының мүдделерін ұсынатын брокер (дилер) мен аукцион жеңімпазы арасында биржалық мәміле жасалады.
      41. Классикалық сауда режимінде бірін–бірі танитын сауда–саттыққа қатысушылар арасында атаулы мәмілелер жасалады.
      42. Классикалық сауда режиміндегі биржалық сауда–саттықтар:
      1) биржалық сауданың қатысушылары туралы ақпаратты ашуды;
      2) биржалық саудаға қатысушылардың саны бойынша шектеулердің жоқтығын;
      3) тауарды сатып алушы мен сатушы арасындағы уағдаластық процесінде жасалатын биржалық мәміле бойынша биржалық тауарға арналған бағаны белгілеуді;
      4) биржалық қамтамасыз етуді енгізу бойынша талаптардың жоқтығын ескере отырып жүргізіледі.
      43. Атаулы мәміле биржаның сауда сессиясы ішінде сауда–саттыққа қатысушылар трейдерлерінің келіссөздері қорытындылары бойынша айқындалатын шарттық баға бойынша жасалады. күні барысында сауда–саттыққа қатысушылардың трейдерлері арасындағы келіссөздер нәтижелері бойынша анықталатын шарттық баға бойынша жасалады.
      44. Сауда–саттыққа қатысушылардың трейдерлері арасындағы келіссөздер нәтижелерін атаулы мәміле жасасқан кезде сауда–саттыққа қатысушылар міндетті түрде құжаттамамен рәсімдеуді тиіс. Сауда–саттыққа қатысушылардың келіссөздер нәтижелерін қағаз және (немесе) электрондық түрде құжаттауға жол беріледі.
      45. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда–саттықтар:
      1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығын;
      2) атаулы мәміле мен кросс–мәміле жасасуға тыйым салуды;
      3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындауды;
      4) биржалық қамтамасыз етуді енгізуді ескере отырып жүргізіледі.
      46. Қосарланған қарсы аукцион режимінде стандартталған біртекті тауарлар ғана саудаланады.
      47. Қосарланған қарсы аукцион режимінде биржалық сауда–саттыққа жіберілген тауарлар бойынша тауар биржасы мыналарды көздейтін:
      1) тауардың атауын және оның сапалық сипаттамаларын;
      2) тауарды жеткізу және төлеу шарттарын;
      3) тауардың ең аз жеткізу партиясының мөлшерін;
      4) тауар нарығының қатысушыларымен келісім бойынша тауар биржа елулі шарттар ретінде айқындаған басқа шарттарды көздейтін тауар ерекшелігін бекітеді.
      48. Қосарланған қарсы аукцион режимінде биржалық сауда–саттық оның әрбір берілетін өтінімі тауардың саны және өтінім тізбесін (кезегін) құрайтын қарсы өтінімдермен бағалары бойынша сәйкес келуін тексеретін сатып алу және сату өтінімдерін тауар биржасының сауда жүйесі мен үздіксіз автоматты салыстыру тәртібінде сауда сессиясы ішінде өткізіледі.
      Берілетін өтінімдердің параметрлерінің қарсы өтінімдердің параметрлерімен сәйкес келген жағдайда биржалық мәміле жасалады.
      49. Өтінім тізілімі (кезегі) мыналарды ескере отырып автоматты режимде тауар биржасының тауар жүйесі қалыптастырады:
      беру уақытына тәуелсіз кезекте бірінші болып ең жақсы бағасы бар өтінімдер қойылады (сатып алу өтінімдердің кезекте сатып алушыдан ең жоғары бағамен (азаюымен) және сатушыдан ең төменгі бағамен (көбеюімен); бұл ретте өтінімде көрсетілетін өткізілетін (алынатын) тауардың саны (өтінімнің көлемі) оның басымдығына (бірінші кезектілігіне) әсерін тигізбейді;
      қарсы өтінімдер олардың кезектегі орнына сәйкес қанағаттандырылады – алдымен кезекте бірінші болып белгіленген өтінімдер қанағаттандырылады;
      өтінім бағаларының тең болған жағдайда кейінірек берілген өтінімге қарағанда бұрын берілген өтінім бірінші кезекте қанағаттандырылады;
      мәміле қарсы өтінімдер кезегінде бірінші болып тұрған өтінімнің бағасы бойынша жасалады;
      егер мәміле жасаған кезде өтінімді ішінара қанағаттандыру мүмкін болса, онда оның қалған (орындалмаған) бөлігі Үлгі қағидалардың осы тармағында айқындалған жалпы тәртіпте қаңағаттандыруға жататын жеке өтінім ретінде қарастырылады;
      биржалық мәміле жасау қанағаттандырылатын өтінімдерді берген қатысушылардың қосымша келісуімен талап етпейді.
      50. Қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізілетін сауда сессиясы барысында сауда–саттыққа қатысушылар тауарды сатып алу (сатуға) арналған өтінімдің шексіз санын береді. Бұл ретте сауда–саттыққа қатысушылар берген кез келген өтінімді мәміле жасау сәтіне дейін жоюға жол беріледі.
      51. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда–саттықтар өткізу кезінде сауда–саттыққа қатысушы беретін сатып алуға (сатуға) арналған өтінім:
      биржа сауда–саттығына жіберілген биржалық тауардың (сауда құралының) коды;
      мәміленің бағыты: тауарды сатып алу немесе сату;
      өткізілетін (сатып алынатын) тауардың жалпы саны базалық болып табылатын өтінімде көрсетілген параметрлерді сақтау кезінде биржалық мәмілені жасауға сауда–саттыққа қатысушысының сөзсіз келісімі болып табылады.
      52. Қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізілетін сауда сессиясының аяқталуы бойынша қанағаттандырылмаған барлық тауарды сатып алу (сату) өтінімдері тауар биржасының сауда жүйесімен жойылады.
      53. Биржа сауда–саттығына қатысу үшін сауда–саттыққа қатысушы енгізілген биржалық қамтамасыз ету мөлшерін тауар биржасы (клирингтік ұйым) нарығын құбылмалығын, сауда–саттыққа қатысушылардың тәуекелдерін жабу қажеттілігін белгілейді.
      54. Осы Үлгі қағидаларда регламенттелмеген сауда режимдерінде биржалық сауда–саттықты өткізу шарттары Биржа қағидаларында айқындалады.

4. Биржалық сауда–саттықта жасалған тауарлармен мәміле
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі

      55. Тауар биржасымен биржалық саудаға қатысушылардың есебі Биржа қағидаларына және биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      56. Тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша биржалық тауарларды төлеу мен оларды жеткізу мынадай:
      1) тауар биржасымен немесе тауар биржасына қызмет ететін клирингтік ұйыммен биржалық сауда–саттық нәтижелері бойынша мәміле жасалған Биржаның қағидаларында көзделген биржалық тауарларды жеткізуді растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ашылатын биржалық сауда–саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруда есептік ұйымның қатысуын көздейтін шарт жасалған есепті ұйымда шот ашу жолымен биржалық тауарға төлем жасау;
      2) қарапайым немесе екі жақты қойма куәлігін (кепілді куәліктен бөлек қойма куәлігі) немесе биржалық тауардың болуы немесе тиеу–түсіру фактісін растайтын Биржа қағидаларында айқындалған өзге де құжаттардың тиісті мәмілесі жасалған Биржа қағидаларында айқындалған мамандандырылған ұйымда шарттарды депоненттеу кезінде «төлемге қарсы жеткізу» шарттарында шот ашпай–ақ есептік ұйым арқылы биржалық тауарларға төлем жасау;
      3) сатып алушының биржалық тауарға алдын ала төлем жасауы шарттарында биржалық тауарды жеткізу;
      4) сатушының биржалық тауарды алдын ала жеткізу шарттарында биржалық тауарларға ақы төлеу тәсілдерімен, бірақ олармен шектелмей жүзеге асырылады.
      57. Биржа қағидаларында биржалық сауда–саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айрысудың бір немесе бірнеше тәсілдерін көздеуге жол беріледі.
      58. Егер Биржа қағидаларында белгілі бір сауда режимінде биржалық сауда–саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысудың бірнеше тәсілі көзделген болса, осындай тәсілдердің бірін ғана таңдайды.
      59. Биржалық қамтамасыз етуді бере отырып биржалық мәмілелр негізінде жасалған шарттар бойынша есептеулерді тауар биржаға қызмет ететін және мұндай биржалық қамтамасыз етуді қабылдайтын клирингтік ұйымы арқылы рұқсат етіледі.
      60. Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет ету тауар биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті органмен белгілген тәртіпте бойынша жүзеге асырылады.

5. Тауар биржасындағы сауда–саттықты тоқтата тұрудың
және қайта жаңартудың шарттары мен тәртібі

      61. Тауар биржасының сауда жүйесінде техникалық ақаулар туындаған және биржалық сауданы ұйымдастыруға байланысты қызметтер көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, тауар биржасы техникалық ақаулар журналында техникалық ақау фактісі мен уақытын тіркейді, қызметтер көрсетуді тоқтатады және мыналарға:
      1) техникалық ақауларға әкелген себептерді анықтауға және жоюға;
      2) ақаулардың техникалық, салдарын жоюға;
      3) тауар биржасының сауда жүйесінде орналасқан ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге және техникалық ақаулар нәтижесінде жойылған ақпаратты қалпына келтіру бағытталған шараларды тез қабылдайды.
      62. Биржалық сауда–саттықтың жеке қатысушысының жұмысына кедергі келтіретін техникалық ақаулар жағдайында, ақаулардың себебі биржалық сауда–саттыққа қатысушының күшімен және қаражатымен, егер ақаулар тауар биржасына байланысты емес себептерден туындаса, өзге жағдайларда – тауар биржасының күшімен және қаражатымен жойылады.
      63. Ақауларды жедел жою мүмкін болмаған кезде, биржалық сауда–саттық қатысушысының телефон байланысы арқылы тауар биржасына ол жариялаған өтінімді алып тастауға өтініш беруіне жол беріледі. Телефон бойынша өтініш ұсынылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей көрсетілген өтініш жазбаша немесе электронды нысанда тауар биржасына жіберіледі. Тауар биржасы телефон бойынша өтініш алынғаннан кейін тауар биржасының сауда жүйесінен осы биржалық сауда–саттық қатысушысы жариялаған өтінімдерді жояды.
      64. Тауар биржасының сауда жүйесінде ақаулар анықталған кезде тауар биржасы сауда–саттықты уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, бұл туралы сауда–саттық қатысушыларына тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып немесе басқа да қолжетімді тәсілмен хабарланады. Таур биржасын Сауда жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі қалыптасқаннан кейін сауда–саттық қайта басталады.
      65. Егер тауар биржасы сауда жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыру мүмкін болмаса, сауда биржасы сауда–саттықты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды. Аталған шешімді тауар биржасының сауда–саттық жүйесін пайдалана отырып немесе басқа қолжетімді тәсілмен барлық биржалық сауда–саттық қатысушыларына хабарлайды.
      66. Тауар биржасы алдыңғы сауда–саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларға сүйене отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға арналған бағалар деңгейінің ең төменгі немесе ең жоғарғы шектерден асқан жағдайда, сауда–саттықты тоқтатады.

6. Биржалық төрелік қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру
тәртібі, сондай–ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер
жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктері

      67. Биржалық мәмілелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады. Биржалық төреліктің қызметі «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 5–бабының 2–1–тармағында реттеледі.
      68. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелікті тұрақты жұмыс істейтін төрелік ретінде тауар биржасы құрады. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы аралық соттың регламентін, осы аралық сотта қызметін жүзеге асыратын аралық судьялардың тізімін бекітеді.
      69. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дауларды қарайды.
      70. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік шарт талаптарына сәйкес және іскерлік айналымының дағдысын ескере отырып, шешім қабылдайды.
      71. Дау қатынастарын реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде заңдардың жалпы бастамалары мен мағынасын негізге ала отырып, дауларды шешеді.
      72. Дауды аралық Тараптарының арасында жасалған аралық келісімнің биржалық мәмілесі келісімі, яғни тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауында туындаған немесе туындауы мүмкін даулар туралы тараптардың жазбаша келісімінің болуы кезінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауына беруге жол беріледі.

7. Биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі

      73. Тауар биржасы мынадай ішкі нормативтік құжаттарды:
      1) Биржаның қағидаларын;
      2) биржалық сауда–саттыққа қатысуға арналған өтінімдердің нысанын не талаптарын;
      3) биржалық сауда–саттықтың мәні болып табылатын тауарлардың (тауарлар тобының) тізбесін;
      4) нақты биржалық сауда–саттықта биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер тізілімін;
      5) тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламентін;
      6) тауар биржасы өз мүшелерімен жасасатын биржалық сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың нысанын;
      7) сауда–саттыққа қатысушылар үшін жасалған биржалық мәмілелер туралы есеп нысанын не мазмұнына қойылатын талаптарды;
      8) тауар биржасы көрсететін қызметтерге тарифтерді;
      9) тауар биржасы көрсететін қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құжаттарды әзірлейді және бекітеді.
      74. Тауар биржасына:
      1) тауар биржасының тауар жүйесін пайдалануды;
      2) биржалық сауда–саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық сауда–саттыққа қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
      3) биржа мүшелігіне брокерлер мен дилерлерді қабылдау шарттарын және тауар биржасының оның мүшелері болып табылатын брокерлер мен дилерлердің тізілімін апта сайынғы негізде жүргізуді;
      4) биржа мүшелері болып табылатын брокерлер мен дилерлер бойынша ақпаратты кейіннен уәкілетті органға хабарлай отырып, апта сайынғы негізде биржаның ресми сайтында жариялауды;
      5) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
      6) халықаралық биржалық сауда–саттықтарды дамытуды регламенттейтін құжаттарды қабылдауды (бекіту) жол беріледі.
      75. Сауда–саттық қатысушылары үшін тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, сауда–саттық қатысушыларының, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүддесінде пайдалануға жол берілмейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету шарттарын қамтуы тиіс.
      76. Биржалық сауда–саттықты өткізу тетіктерін регламенттейтін тауар биржасының ішкі құжаттары олар күшіне енгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тауар биржасының мүшелеріне, оның ішінде оларды тауар биржасының интернет–ресурсында жариялау жолымен хабарланады.

8. Тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі

      77. Биржалық сауда–саттыққа қатысушы биржалық мәмілелерді өзінің жеке мүддесінде не өз клиентінің бұйрығына сәйкес жасайды.
      78. Биржалық мәміле биржалық сауда–саттық барысында биржалық сауда–саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдері негізінде жасалады.
      79. Дауыстық биржалық сауда–саттық барысында биржалық мәміле бойынша биржа мынадай мәліметтерді:
      1) биржалық мәміленің күні мен нөмірін;
      2) мәміле жасасқан биржалық брокерлердің (дилерлердің) атауын;
      3) брокерлер (дилерлер) тапсырмасы бойынша әрекет еткен клиенттердің атауын;
      4) тауардың атауын;
      5) тауар бірлігінің құнын;
      6) тауар санын;
      7) мәміленің жалпы құнын;
      8) тауарға жасауды растау ретінде төлеу және оны жеткізу шарттары қамтитын биржалық мәмілені есепке алудың жеке парағын үш данада жасайды.
      80. Биржалық мәміленің есепке алу парағы қағаз тасығышта ресімделеді және биржа мөрінің баспа–таңбасымен куәландырылады, оған биржалық мәміле жасасқан сауда–саттыққа қатысушылардың трейдерлері және тауар биржасының уәкілетті қызметкері қол қояды. Бұл ретте биржалық мәмілені есепке алу парағының бір данасын тауар биржасыбиржалық мәміленің орындалуын одан әрі бақылауға арналған арнайы журналына тігеді, ал биржалық мәмілені есепке алу парағының басқа даналары биржалық мәміле тараптарына олар тиісті шартты одан әрі ресімдеу үшін табыс етіледі.
      81. Дауыстық биржалық сауда–саттықты өткізудің сауда сессиясы аяқталғаннан кейін биржалық мәміле жасаған биржалық сауда–саттықтың әрбір қатысушысына маклер, сауда–саттыққа қатысушысы трейдері қол қоятын және тауар биржасының мөрімен куәландырылатын олар жасаған биржалық мәмілелерінің тізілімі екі данада қалыптастырылады. Биржалық сауда–саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелердің тізілімінің бір данасы тауар биржасында қалады, биржалық сауда–саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелері тізілімінің екінші данасы оның трейдеріне табыс етіледі.
      82. Электрондық биржалық сауда–саттық барысында жасалған мәміле бойынша тауар биржасының сауда жүйесі автоматты түрде биржалық мәміле бойынша есепті (бұдан әрі – Биржалық мәміле бойынша есеп) дайындайды, онда мынадай мәліметтер:
      1) биржалық сауда–саттыққа қатысушының атауы және оның бірегей биржалық сәйкестендіргіші (биржалық сауда–саттыққа қатысушыға берілген жеке код);
      2) мәмілені жасасу күні және уақыты;
      3) тауардың атауы немесе коды (биржалық сауда–саттық процесінде тауарды бір мәнді сәйкестендіру үшін тауар биржасы белгілеген тауар белгісі);
      4) тауар бірлігінің бағасы;
      5) тауар саны;
      6) мәміленің жалпы сомасы қамтылады.
      Сондай–ақ биржалық мәміле бойынша есеп мынадай мәліметтерді:
      7) мәміле бойынша контрагенттің атауы және деректемелерін;
      8) мәміленің жалпы сомасынан бөлінген ҚҚС сомасын;
      9) тауарға төлеу және оны жеткізу мерзімін;
      10) биржа мен сауда–саттыққа қатысушының келісімі бойынша өзге де шарттарды көрсетуге жол беріледі.
      83. Биржалық мәміле бойынша есеп мәміле жасасқан сауда–саттыққа қатысушыға оған биржаның уәкілетті қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбамен міндетті қол қоя отырып, тауар биржасының электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша ұсынылады.
      Биржалық мәміле бойынша есеп мәміле жасасқан сауда–саттыққа қатысушыға сауда сессиясы мен клиринг аяқталғаннан кейін бірден ұсынылады.
      84. Сауда–саттыққа қатысушының талабы бойынша тауар биржасы биржалық мәміле бойынша электрондық есепке қосымша сауда–саттыққа қатысушыға биржаның уәкілетті қызметкері қол қойған және биржаның мөрімен куәландырылған биржалық мәміле бойынша қағаз нұсқадағы есепті ұсынады.
      85. Сауда сессиясының қорытындылары бойынша электрондық биржалық сауда–саттыққа қатысушыға әрбір биржалық мәміле бойынша жеке есепті ұсынусыз, сауда сессиясы барысында жасасқан барлық биржалық мәмілелер бойынша жиынтық есепті ұсынуға рұқсат етіледі.
      86. Биржалық сауда–саттық қорытындылары бойынша тауар биржасының сауда жүйесінде осы сауда сессиясында жасалған биржалық сауда–саттыққа қатысушысының биржалық мәмілелерінің жиынтық тізілімі қалыптастырылады, оны тауар биржасының маклері немесе өзге уәкілетті адамы тіркейді.
      87. Электрондық биржалық сауда–саттық барысында жасасқан биржалық мәміле бойынша тауарларды жеткізу және төлеу шарттарын (тараптардың жауапкершілігін және т.б) нақтылау қажеттілігі жағдайында мәміле тараптары кіріспесінде осы мәмілені жасасудың нөмірі мен жасалған күнін қоса алғанда оған сілтемесі бар биржвлық мәміле бойынша тиісті шартқа қол қояды және биржалық мәміле жасалған күннен бастап қолданыла бастайды. Мұндай шарттың талаптары тауардың сапасын, оның құны және санын қоса алғанда биржалық мәміленің талаптарына толығымен сәйкес келуі тиіс.
      Осы шартқа қол қоюдан бас тарту және жалтару жасалған биржалық мәміленің қүші жойылды деп тануға негізі болып табылмайды.
      88. Жасалған биржалық мәміле бойынша шартқа қол қою мәміле тараптарының және тауар биржасының электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып биржа арқылы келісуді қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жүзеге асыруға жол беріледі (бұдан әрі – электрондық шарт).
      89. Тауар биржасы қағаз тасығышта әкелген және биржа мөрімен куәландырылған электрондық шарт электрондық шарттың телнұсқасы болып танылады.
      90. Мәміле тарапының талабы бойынша жасалған электрондық шарт бойынша тауар биржасы талап түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мәміле тарапына электрондық шарттың телнұсқасын ұсынады. Телнұсқаны ұсыну тәртібі мен осы қызметті көрсету құны Биржа қағидаларында белгіленеді.
      91. Дауыстық биржалық сауда–саттық барысында жасасқан биржалық мәміле бойынша қол қойылған шарт биржалық мәміле жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тауар биржасына міндетті тіркеуге жатады.
      92. Шартты тіркеу оны тауар биржасына ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде шарттың әрбір данасына тауар биржасының тіркеу мөртабанын қою, оны уәкілетті қызметкердің қолымен куәландыру жолымен жүргізіледі. Бұл ретте тіркелген шарттың бір данасы тауар биржасында қалады.
      93. Брокерлер мен дилерлер жасалатын биржалық мәмілелердің есебін әрбір клиент бойынша жеке жүргізеді және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәмілелер жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтайды.
      94. Тауар биржалары биржалық сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуды тоқтатқан сәтке дейін және көрсетілген мәліметтерді мұрағатқа тапсырғанға дейін жасалған биржалық мәмілелер бойынша мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.

9. Тауар биржасының уәкілетті мемлекеттік органға есептерді
ұсыну, сондай–ақ өткізілетін сауда–саттықтар туралы ақпаратты
тауар биржасының интернет–ресурсында орналастыру тәртібі

      95. Тауар биржасы осы Үлгі қағидаларға қосымшада белгіленген есептілік нысанына сәйкес электрондық байланыс арналары арқылы уәкілетті органға өткізілген биржалық сауда–саттықтар бойынша электрондық есепті ұсынады.
      96. Тауар биржасы есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша уәкілетті мемлекеттік органға есепті тиісті есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмей ұсынады.
      97. Тауар биржасы, оның мүшелері және тауар биржасының биржалық сауда–саттық нәтижелері туралы ақпаратты ашу мақсатында оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді.
      98. Әрбір сауда күнінің қорытындылары бойынша тауар биржасы: келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай мәліметтерді:
      1) стандартталған біртекті тауарлар бойынша:
      сауда–саттықты өткізу күнін;
      тауардың атауын немесе кодын;
      мәмілелер санын және мәмілелер жасалған биржалық сауданың режимін;
      мәмілелердің ең жоғары және ең төмен бағасын;
      сауда сессиясындағы барлық мәмілелер бойынша жалпы айналым;
      2) стандартталмаған (мамандырылған) тауарлар бойынша:
      сауда–саттықты өткізу күнін;
      мәмілені жасау уақыты және оның нөмірін;
      мәмілені жасаған брокерлердің (дилерлердің) атауын (электрондық кодын);
      тауардың атауын;
      тауардың санын;
      тауардың бағасын;
      мәміле бойынша жалпы құны;
      жеткізу шарттарын қамтитын биржалық сауда–саттық нәтижелері туралы ақпаратты тауар биржасыныың интернет–ресурсында жариялайды.
      99. Заңнамалық актілермен уәкілетті мемлекеттік органға тауар биржалары есептілігінің өзге түрлерін белгілеуге жол беріледі.

10. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге сатып алуларды өткізу тәртібі

      100. Тауар биржасында мемлекеттік сатып алулар, жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық басқару холдингтерінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық басқару компаниялардың, ұлттық компаниялардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушылардың және ұлттық компаниялардың сатып алуы) уәкілетті брокерлері (дилерлері) арқылы өткізіледі.
      101. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алу заңнамада белгіленген тауарлар бойынша қосарлы қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
      102. Тауар биржасы мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде сауда–саттық кесте түрінде хабарландыруды биржалық сауда–саттық өткізу күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей тауар биржасының интернет–ресурсында жариялайды.
      103. Мемлекеттік сатып алуларды тауар биржалары арқылы жүзеге асыру бойынша қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шеңберінде ақылы негізде көрсетіледі.
      104. Жер қойнауын пайдаланушылардың және ұлттық компаниялардың сатып алулары тауар биржалар арқылы стандартталған біртекті тауарлар бойынша жалпы белгіленген тәртіпте қосарланған қарсы аукцион режимінде, стандартталмаған (мамандандырылған) тауарлар – стандартты аукцион режимінде Үлгі қағидалардың осы тарауында белгіленген тәртіпте өткізіледі.
      105. Стандартты аукцион режимінде жер қойнауын пайдаланушылардың және ұлттық компаниялардың сатып алулары оларды аукцион бастамашысы ретінде шығу жағдайында төмендетуге арналған аукцион түрінде өткізіледі.
      106. Төмендетуге арналған аукцион түрінде өткізу үшін аукционның бастамашысы өзінің брокері (дилері) арқылы тауар биржасына аукционды өткізуге өтінім береді.
      107. Төмендетуге арналған аукцион өткізуге өтінім:
      1) брокердің (дилердің) толық атауын, сондай–ақ аукцион бастамашысының толық атауын, заңды мекен–жайын, банктік деректемелерін;
      2) аукционның лотын, тауардың атауын, оның сапалық сипаттамаларын (тауардың функционалдық, техникалық, пайдалану және өзге сипаттамаларын);
      3) тауар тасымалдау, сақтандыру, кедендік баждарды төлеу шығыстарын, салықтарды (оның ішінде қосылған құн салығын), алымдарды, сондай–ақ тауар жеткізу шарттарында көзделген өзге де шығыстарды қоса алғанда, лоттың бастапқы бағасын;
      4) сатып алынатын тауардың санын;
      5) төлеу тәртібін;
      6) тауарды жеткізу шарттары мен орындарын;
      7) жеткізу шартын жасаған күннен бастап есептелетін тауарды жеткізу мерзімдерін;
      8) сатып алушының және сатушының жауапкершілігін;
      9) жеткізудің елеулі талаптарын көрсете отырып жеткізу шартының жобасын;
      10) пайыздық көрсеткіш (0–ден 100–ге дейін) көрсетілген сатып алатын тауардағы жергілікті қамту бойынша ең аз талаптарды;
      11) аукцион өткізудің ұсынылатын мерзімін;
      12) өз брокері (дилері) арқылы аукционға қатысуға рұқсат алу үшін әлеуетті тауар жеткізуші сәйкес келетін аукцион бастамашысы белгілеген біліктілік талаптарын және оның аталған талаптарына сәйкес келуін растау ретінде аукцион бастамашасына беретін құжаттар тізбесін;
      13) егер аукцион бастамашысы оны енгізу қажеттілігін белгілеген жағдайда биржалық қамтамасыз ету мөлшерін;
      14) әлеуетті өнім берушілердің көмегімен аукцион бастамашысынан лот бойынша түсіндірулерді сұрауға жол берілетін тәсілдерді; аукцион бастамашыларының уәкілетті тұлғаларының оларға сұрақтармен жүгінуге арналған электронды пошта мекен–жайы мен телефон нөмірлерін;
      15) Биржа қағидаларында көзделген өзге шарттарды қамтуы тиіс.
      108. Төмендетуге арналған аукцион өткізуге арналған өтінімге аукцион бастамашысының өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
      109. Тауар биржасы төмендетуге арналған аукцион өткізу өтінім алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде аукционды өткізу немесе аукционды өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінім келіп түскен брокерге (дилерге) қабылданған шешім туралы дереу хабарлайды.
      110. Төмендетуге арналған аукцион өткізу туралы шешім қабылданған күні тауар биржасы өзінің интернет–ресурсында тиісті хабарландыруды жариялайды.
      Төмендетуге арналған аукцион өткізу туралы хабарландыру: аукцион өткізу мерзімі мен уақытын; аукцион бастамашысының атауын, аукцион лотының атауын; тауар жеткізушіге ұсынылатын біліктілік талаптарды; олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды беру мерзімдерін; аукцион өткізуге арналған өтінімдердің толық мазмұнын; төмендетуге арналған аукцион өткізудің регламентін қамтуы тиіс.
      111. Төмендетуге арналған аукцион өткізу регламентін тауар биржасы белгілейді және аукцион қатысушыларының тауар биржасының сауда жүйесіне өтінімдер қоюы; тауар биржасының аукцион бастамашысының брокерге (дилерге) өтінімдер туралы есеп беруі; өтінімді аукционның бастамашысы брокерінің (дилерінің) өтінімдерін қарауы және биржалық мәміле жасауы; тауар биржасының аукцион қатысушыларына есеп беруі үшін уақыт кезеңдерін қамтиды.
      112. Төмендетуге арналған аукцион тауар биржасының оны өткізу туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап сегіз жұмыс күннен ерте емес мерзімде тауар биржасының өткізуіне жатады.
      113. Төмендетуге арналған аукционды өткізу мерзімдерін ұзартуға жол беріледі. Аукцион өткізудің жаңа мерзімін тауар биржасының өзі интернет–ресурсында жариялауына жатады.
      114. Аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап тауарларды жеткізушілер Биржа қағидаларында белгіленген мерзімде және тәртіпте аукционның бастамашысына өз қатысуға аранлған өтінімдерін береді.
      115. Аукцион бастамашысының мүдделерін ұсынатын брокер (дилер) тауар жеткізушісінің мүдделерін ұсына алмайды.
      116. Төмендетуге арналған аукционды өткізу мерзімінен үш күн бұрын аукцион бастамашысы өз брокері (дилері) арқылы тауар биржасына төмендетуге арналған аукционға қатысуға рұқсат етілген тауар жеткізушілері тізбесін ұсынады. Аукционға бір ғана жеткізуші қатысуға жол берілген жағдайда, онда аукцион өткізілмейді.
      Тауар биржасы аукционға қатысуға жол берілген тізімді алынған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің интернет–ресурсында жариялайды.
      117. Төмендетуге арналған аукционға қатысуға жол берілген тауар жеткізушілері аукцион өткізу күніне дейін өзінің брокерлері (дилерлері) арқылы аукцион бастамашысы биржалық қамтамасыз етуді енгізу міндеттемесін белгілеген жағдайда биржалық қамтамасыз етуді тауар биржасына немесе клирингтік орталыққа енгізеді.
      Биржалық қамтамасыз етуді енгізбеген тауар жеткізушілерінің брокерлері (дилерлері) биржалық сауда–саттыққа жіберілмейді.
      Аукцион бастамашысы биржалық қамтамасыз етуді енгізуге және (немесе) тауар биржасына аукционның әлеуетті жеңімпазға бағытталған міндеттеме хатты не биржалық қамтамасыз ету сомасына үшінші тұлғаның кепілін ұсынуына жол беріледі.
      118. Төмендетуге арналған аукцион мынадай тәртіпте өткізіледі:
      Аукцион қатысушылары лот бағасы бойынша өз шарттарын көрсете отырып өтінімдерді қою жолымен аукционды өткізуге аукцион бастамашысының өтінімінде көрсетілген шарттарға мәмілені жасауға оферта жасайды. Аукцион қатысушылары лоттың бастапқы бағасынан төмен бағамен өтінімдердің шексіз санын қоюына рұқсат етіледі. Өтінімдер қайтарып алынбайтын болып табылады. Өтінімдегі баға теңгедемен, нүктеден кейін екіге дейін нақты таңбамен көрсетіледі. Осы талаптарды бұза отырып қойылатын өтінімдер тауар жүйесінен тауар биржасының жоюына жатады.
      Тауар биржасы өтінімдерді қою үшін бөлген уақыт кезеңі өткеннен кейін тауар биржасы аукционның әрбір қатысушысымен қойылған өтінімдерді қабылдауды тоқтату сәтінде барлық ең үздік ақпараттан тұратын өтінімдер туралы есепті сауда жүйесінде жасайды және аукцион бастамашысының брокеріне (дилеріне) жібереді. Өтінімдер кемінде екі брокерден (дилерден) берілген жағдайда, аукцион болған жоқ деп танылады.
      Өтінімдер туралы есепті қарауға тауар биржасы бөлген уақыт кезеңі өткеннен кейін аукцион бастамашысының брокері (дилері) қарсы өтінімді қою жолымен аукцион жеңімпазының офертасын құптайды.
      Аукцион жеңімпазы өтінімдер туралы есепке сәйкес лоттың ең төменгі бағасымен өтінімді қойған аукцион қатысушы болып танылады. Өтінімдер туралы есепте ең төмен бағалары бірдей өтінімдер болса, онда ең төменгі бағамен өтінімді уақыты бойынша ерте қойылған аукционның қатысушысы жеңімпаз болып танылады.
      Биржалық мәмілені жасағаннан кейін тауар биржасы жасалған биржалық мәміле туралы ақпараты қамтитын есепті сауда жүйесінде жасайды және аукцион бастамашысының брокеріне (дилеріне) және аукцион жеңімпазына жібереді.
      119. Төмендетуге арналған аукцион болмаған деп танылған жағдайда жалпы белгіленген тәртіпте аукцион өткізуге қайта өтінімді тауар биржасына жібереді.
      120. Үлгі қағидалардың осы тауарында регламенттелмеген жер қойнауын пайдаланушылардың және ұлттық компаниялардың өтінімдері бойынша аукцион өткізудің ерекшеліктері Биржа қағидаларында айқындалады.

Биржа саудасының үлгі
қағидаларына қосымша

Есептілік нысаны


Тауар биржаларының атауы

Жасалған мәмілелердің көлемі, мың теңге

оның ішінде:

Жасалған мәмілелердің саны

Өнім түрлері бойынша

спот-мәмілелер

мерзімді мәмілелер

жалпы

мемлекеттік сатып алу бойынша

жалпы

мемлекеттік сатып алу бойынша

жалпы

мемлекеттік сатып алу бойынша

жалпы

мемлекеттік сатып алу бойынша


































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады