Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12615 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2021 № 1157 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Министр Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен
бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.11.2021 № 1157 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын этил спирті және/немесе толысылған шараппен, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра қайнату өнімдерінен басқа) беру тәртібін айқындайды.

      2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және/немесе толысылған шарап, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра қайнату өнімдерінен басқа) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)" Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 № 1322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа:

      этил спирті және/немесе толысылған шарап өндірісін және/немесе импортын жүзеге асыру басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спирті және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтінішті;

      2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа):

      "Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтінішті береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 № 1322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру". мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 № 1322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер байланысы және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Есепке алу-бақылау маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 № 1322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші дербес сәйкестендіру нөмір-кодының беруін мынадай:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      2) этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь (сыра қайнату өнімінен басқа) өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      8. Осы Қағидалардың 7-қосымшасында көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінішті қайтадан береді.

      9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында айқындалады.

      Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 № 1322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруді ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жүргізеді.

      Шешімі әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе олардың лауазымды тұлғаға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш

  _____________________
бойынша
(облыс/қала)
Мемлекеттік кірістер органының
басшысына
____________________________
20__ жылғы "____"___________

      Субъектінің атауы:

      Субъектінің жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Субект типі (өндіруші және/немесе импорттаушы):

Өндірушінің (импорттаушының) атауы

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

1

2

3

4





      Басшы __________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 № 1322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде;

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру немесе дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа: этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш;
2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа): есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған; 2) этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайлар бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде).

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  _______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының атауы)
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан (қажеттінің астын сызу керек):

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)….

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда) ________________________________________________ (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Алдым:

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы

      ДСН-кодтарының құрылымы мынадай схемада көрсетіледі:



      Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және/немесе толысылған шараппен, алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімдерінен басқа) өндіретін (импорттайтын) заңды (жеке) тұлғаның коды.

      Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – өнімнің түрі.

      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.

      Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.



Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12615.

      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      В соответствии с подпунктом 8-2) статьи 4 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра финансов РК от 10.11.2021 № 1157 (вводится в действие с 01.01.2022).

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр

Б. Султанов


  Утверждены приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 10 декабря 2015 года № 646

Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра финансов РК от 10.11.2021 № 1157 (вводится в действие с 01.01.2022).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-2) статьи 4 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на производимые и импортируемые этиловый спирт и/или вина наливом, алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции).

      2. Персональные идентификационные номера-кода присваиваются производителям и импортерам этилового спирта и/или вина наливом, алкогольной продукции (кроме пивоваренной продукции), производимого в Республике Казахстан или ввозимого на территорию Республики Казахстан (далее – услугополучатели).

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      3. Государственная услуга "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута" в части присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, которые оказываются территориальными органами Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Астана, Алматы и Шымкенту (далее – услугодатель) через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 26.12.2022 № 1322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Услугополучатели через Государственную корпорацию представляют услугодателю:

      1) на этиловый спирт и/или вина наливом:

      заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или вина наливом по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, не позднее, чем за 3 (три) рабочих дня до начала осуществления производства и/или импорта этилового спирта и/или вина наливом;

      2) на алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции):

      заявление на получение учетно-контрольных марок по форме согласно приложениям 5 или 6 к Правилам получения, учета, хранения, выдачи учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета производителя и (или) импортера о целевом использовании учетно-контрольных марок при производстве и (или) импорте в Республику Казахстан алкогольной продукции, утвержденным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 144 "Об утверждении Правил получения, учета, хранения, выдачи учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета производителя и (или) импортера о целевом использовании учетно-контрольных марок при производстве и (или) импорте в Республику Казахстан алкогольной продукции, а также порядок учета и размер обеспечения такого обязательства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16437).

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 26.12.2022 № 1322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута" изложен в приложении 2 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 26.12.2022 № 1322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Прием заявлений через Государственную корпорацию осуществляется в порядке "электронной" очереди, по месту регистрации услугополучателя без ускоренного обслуживания, возможно посредством бронирования электронной очереди.

      Сведения об удостоверении личности либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации) работник Государственной корпорации получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов, предусмотренных настоящими Правилами, работник Государственной корпорации отказывает в приеме и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      При представлении услугополучателем полного пакета документов через Государственную корпорацию, услугополучателю выдается расписка с штрих-кодом, присвоенным информационной системой мониторинга, о приеме соответствующих документов от заявителя, в которой указывается перечень принятых документов, фамилия, имя и отчество (при наличии), работника, принявшего заявление, дата и время подачи заявления, а также дата выдачи готовых документов. Документы, принятые Государственной корпорацией, направляются услугодателю через курьерскую связь, и (или) почтовую связь, и (или) посредством информационной системы.

      Структурное подразделение услугодателя, ответственное за прием документов, в день поступления документов осуществляет прием, и регистрацию (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      Работник ответственного структурного подразделения уполномоченного органа рассматривает документы, указанные в пункте 4 настоящих Правил, на соответствие требованиям настоящих Правил.

      Работник, ответственный за обработку документов, вводит документы и обрабатывает в информационной системе "Контроль, учет и выдача учетно-контрольных марок и другой печатной продукции Республиканского государственного предприятия "Банкнотная фабрика Национального Банка Республики Казахстан" в течение 2 (двух) рабочих дней с даты получения документов и результат государственной услуги направляет в Государственную корпорацию через курьерскую, и (или) почтовую связь, и (или) посредством информационной системы, не позднее, чем за сутки до истечения срока оказания государственной услуги.

      В Государственной корпорации выдача готовых документов осуществляется в соответствии с графиком ее работы, при предъявлении документа, удостоверяющего личность, либо электронного документа из сервиса цифровых документов (для идентификации), (либо его представителя, действующего на основании документа, выданного в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан, в которой указываются соответствующие полномочия представителя).

      Государственная корпорация обеспечивает хранение документов в течение 1 (одного) месяца, после чего передает их услугодателю для дальнейшего хранения.

      При обращении услугополучателя по истечении 1 (одного) месяца, по запросу Государственной корпорации услугодатель в течение 1 (одного) рабочего дня направляет готовые документы в Государственную корпорацию для выдачи услугополучателю.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 26.12.2022 № 1322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Услугодатель отказывает в присвоении персональных идентификационных номеров-кодов в следующих случаях:

      1) отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);

      2) наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и/или вина наливом, алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции).

      8. При получении отказа в присвоении персонального идентификационного номера-кода в случаях, предусмотренных пунктом 7 настоящих Правил, услугополучатель повторно подает заявление на присвоение персонального идентификационного номера-кода в порядке, установленном настоящими Правилами.

      9. В соответствии с подпунктом 11) пункта 2 статьи 5 Закона порядок внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг определяется Правилами внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 14 июня 2013 года № 452 "Об утверждении Правил внесения данных в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг о стадии оказания государственной услуги" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8555).

      При внесении изменений и (или) дополнений в настоящие Правила услугодатель в течение 3 (трех) рабочих дней после регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан направляет информацию о порядке оказания государственной услуги в Единый контакт-центр.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 26.12.2022 № 1322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. При построении присвоении персональных идентификационных номеров-кодов в информационной системе используется структура фасетной системы кодирования по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) их должностных лиц, Государственной корпорации и (или) их работников по вопросам оказания государственных услуг

      11. При несогласии с результатами оказания государственной услуги услугополучателем подается жалоба на решение, действия (бездействие) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг в соответствии с Законом:

      на имя руководителя услугодателя;

      на имя руководителя уполномоченного органа, осуществляющего руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и платежей в бюджет;

      в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      При этом жалоба на действия (бездействие) работников Государственной корпорации при оказании государственных услуг через Государственную корпорацию подается на имя руководителя Государственной корпорации либо в уполномоченный орган в сфере информатизации.

      12. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, непосредственно оказывающих государственные услуги, подлежит рассмотрению в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      13. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалобы подаются услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, решение, действие (бездействие) которого обжалуются, имеют право не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет решение либо иное административное действие, полностью удовлетворяющее требованиям, указанным в жалобе.

      Должностное лицо предоставляет возможность участнику административной процедуры выразить свою позицию к предварительному решению по административному делу, о котором участник административной процедуры уведомляется заранее, но не позднее чем за 3 (три) рабочих дня до принятия административного акта.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.

  Приложение 1
к Правилам присвоения
персональных идентификационных
номеров-кодов
  Форма

Заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или вина наливом

  Руководителю органа
государственных доходов
по ______________________
(области/городу)
от _____________________
"_____" __________20__ года

      Наименование субъекта:
Индивидуальный идентификационный/бизнес-идентификационный номер субъекта:
Тип субъекта (производитель и или импортер):

Наименование производителя (импортера)

Вид продукции

Наименование продукции

1

2

3

4





      Руководитель _________________________________________________ ___________
фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)

  Приложение 2
к Правилам присвоения
персональных идентификационных
номеров-кодов

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 26.12.2022 № 1322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута"

1

Наименование услугодателя

территориальные органы Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Астана, Алматы и Шымкенту

2

Способы предоставления государственной услуги

некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация)

3

Срок оказания государственной услуги

в течение 2 (двух) рабочих дней

4

Форма оказания государственной услуги

электронная (частично автоматизирована) и (или) бумажная

5

Результат оказания государственной услуги

присвоенный персональный идентификационный номер-код по форме согласно приложению 4 или мотивированный отказ

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам

7

График работы услугодателя и Государственной корпорации

1) услугодатель – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан и Закону Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан" (далее – Закон о праздниках) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
Предварительная запись для получения государственной услуги не требуется, ускоренное обслуживание не предусмотрено;
2) Государственная корпорация – прием заявлений и выдача готовых результатов государственных услуг осуществляется через Государственную корпорацию с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан и Закону о праздниках.
Прием осуществляется в порядке "электронной" очереди, по месту регистрации услугополучателя без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) на этиловый спирт и/или вина наливом:
заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или вина наливом;
2) на алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции):
заявление на получение учетно-контрольных марок.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

Услугодатель отказывает в присвоении персональных идентификационных номеров-кодов в следующих случаях:
1) отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);
2) наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и/или вина наливом, алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции).

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

Услугополучателям, имеющим в установленном Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" полную или частичную утрату способности или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться, прием документов для оказания государственной услуги производится работником Государственной корпорации с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 777 (при оказании услуги через Государственную корпорацию).


  Приложение 3
к Правилам присвоения
персональных
идентификационных
номеров-кодов
  Форма
  ____________________________
(наименование
услугополучателя)
____________________________
(адрес услугополучателя)

Расписка об отказе в приеме документов

      Руководствуясь пунктом 2 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", отдел №__ филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) (указать адрес) отказывает в приеме документов на оказание государственной услуги "Присвоение персонального идентификационного номера (ПИН-код) производителям (импортерам) отдельных видов нефтепродуктов, а также на товары производителей и импортеров некоторых видов подакцизной продукции, авиационного топлива и мазута" ввиду (необходимое подчеркнуть):

      отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);

      наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и/или вина наливом, алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции).

      Наименование отсутствующих документов:

      1) _____________________________________;

      2) _____________________________________;

      3) ….

      Настоящая расписка составлена в 2 экземплярах, по одному для каждой стороны.

      Фамилия, имя и отчество (при его наличии) работника Государственной корпорации ___________ (подпись)
Исполнитель: ______________________________________________________________ фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Телефон __________
Получил: __________________________________________________________________ фамилия, имя и отчество (при его наличии) / подпись услугополучателя
"___" _________ 20__ год

  Приложение 4
к Правилам присвоения
персональных
идентификационных
номеров-кодов
  Форма

Структура персональных идентификационных номеров-кодов

      Структура ПИН-кодов представлена следующей схемой:
XXXX ХХ XXXX XX
└ объем используемой тары
└ наименование продукции
└ вид продукции
└ код юридического (физического) лица

      Первый фасет (первая группа из четырех цифр) – код юридического (физического) лица, производящего (импортирующего) этиловый спирт и/или вина наливом, алкогольную продукцию (кроме пивоваренной продукции).

      Второй фасет (вторая группа из двух чисел) – вид продукции.

      Третий фасет (третья группа из четырех цифр) – наименование продукции.

      Четвертый фасет (четвертая группа из двух чисел) – объем используемой тары.