"Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 1157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қарашада № 25116 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 1157 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен
бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын этил спирті және/немесе толысылған шараппен, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра қайнату өнімдерінен басқа) беру тәртібін айқындайды.

      2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және/немесе толысылған шарап, алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра қайнату өнімдерінен басқа) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа:

      этил спирті және/немесе толысылған шарап өндірісін және/немесе импортын жүзеге асыру басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спирті және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтінішті;

      2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа):

      "Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтінішті береді.

      5. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қағаз тасымалдағышта құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер "Есепке алу-бақылау маркаларды, акциздік маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесіне құжаттарды енгізеді және құжат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші дербес сәйкестендіру нөмір-кодының беруін мынадай:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      2) этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь (сыра қайнату өнімінен басқа) өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      8. Осы Қағидалардың 7-қосымшасында көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінішті қайтадан береді.

      9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруді ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жүргізеді.

      Шешімі әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе олардың лауазымды тұлғаға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш

  _____________________
бойынша
(облыс/қала)
Мемлекеттік кірістер органының
басшысына
____________________________
20__ жылғы "____"___________

      Субъектінің атауы:

      Субъектінің жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі:

      Субект типі (өндіруші және/немесе импорттаушы):

Өндірушінің (импорттаушының) атауы

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

1

2

3

4





      Басшы __________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беру немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1)көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00–ден 14.30–ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00–ден 18.30–ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация - еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) этил спирті және/немесе толысылған шарапқа:
этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш;
2) алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа):
есепке алу-бақылау маркаларын алуға арналған өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;
2) этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімдерінен басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайлар бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өз-өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалуды, бағдар жасауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде).

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  _______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының атауы)
_______________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің Қағидаларға 1-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан (қажеттінің астын сызу керек):

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      этил спиртіне және/немесе толысылған шарапқа, алкоголь өніміне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)….

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда) ________________________________________________ (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________

      Телефон __________

      Алдым:

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы

      ДСН-кодтарының құрылымы мынадай схемада көрсетіледі:



      Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және/немесе толысылған шараппен, алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімдерінен басқа) өндіретін (импорттайтын) заңды (жеке) тұлғаның коды.

      Екінші фасет (екінші топ екі саннан) – өнімнің түрі.

      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.

      Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады