"Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 651 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 06.02.2018 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10284 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларына осы бұйрықтың қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Республикалақ мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқылы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық орталығы" Эталондық бақылау банкте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісін орналастырылуып;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 651 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 24 бұйрығына қосымша

Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын
бекіту туралы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 14-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасына және 276-4-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді және тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсынуды анықтайды мынадай жағдайларда:

      әкелінген тауарлардың өзіндік қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

      әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде тәртібін реттейді;

      оларды бір заңды тұлға шегінде табыс етуге байланысты кезінде тәртібін реттейді.

      2. Осы Қағидалардың ережелері кезінде:

      1) тауарларды уақытша әкелу (әкету):

      жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;

      көрмеде және жәрмеңкеде;

      2) оларды бір заңды тұлға шегінде табыс етуге байланысты қолданылады.

2. Хабарламаларды ұсыну тәртібі және мерзімдері

      4. Хабарлама электрондық түрде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      5. Хабарлама оның негізінде тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырылған әрбір шарт (келісімшарт) және Еуразиялық экономикалық одағы тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) коды бойынша салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына тапсырады.

      6. Хабарлама:

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар әкелінген күннен бастап;

      Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарлар әкетілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Хабарлама тауарларды әкелудің (әкетудің) әр күніне беріледі.

      7. Хабарламаны ұсыну кезінде мынадай деректер көрсетіледі:

      1-жолда – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бұдан әрі - ЖСН, БСН);

      2-жолда тауарларды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Жол міндетті түрде толтырылуы тиіс.

      Заңды тұлға үшін атауы құрылтай құжаттарына сәйкес, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер де ол жеке куәлік құжатында көрсетілген болса), дара кәсіпкер үшін атауы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес көрсетіледі.

      3-жолда "Тауарлардың орын ауыстыруы":

      3 I ұяшық Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде, осы кейін Қазақстан Республикасы аумағынан әкетілетін немесе оларды бір заңды тұлға шегінде табыс етуге байланысты кезінде белгіленеді;

      3 II ұяшық Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде, осы кейін Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін немесе оларды бір заңды тұлға шегінде табыс етуге байланысты кезінде белгіленеді;

      4-жолда әкелу (әкету) үшін негіздеме:

      4 I ұяшық Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу (әкету) кезінде, осы кейін Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкелу (әкету) болатын кезінде белгіленеді. 4 I ұяшық белгіленген кезде, А және В ұяшықтар белгіленеді;

      4 I А ұяшық жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;

      4 I В ұяшық көрме және жәрмеңкеге тауарларды уақытша әкелу (әкету) кезінде белгіленеді;

      4 II ұяшық Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу (әкету) кезінде бір заңды тұлға шегінде оларды беруге байланысты қолданған кезінде белгіленеді;

      5-жолда Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу (әкету) жүзеге асырған Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің коды көрсетіледі;

      6-жолда шартпен (келісім шарт) анықталған негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған және тауар құнына қолданатын валюта коды көрсетіледі;

      7-жолда бұрын табыс етілген хабарламаның тіркеу нөмері, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес хабарлама қайтадан берілген жағдайда хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      8-жолда ЕАЭО СЭҚ ТН коды 10 белгі бойынша көрсетіледі;

      9-жолда әкелінген (әкетілген) тауарлардың толық атауы көрсетіледі;

      10-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшарт) сәйкес нақты орналасқан мекенжайы көрсетіледі;

      11-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес тауарларды уақытша әкелудің (әкетудің) мақсаты мен мән-жайлары көрсетіледі;

      12-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) негізінде айқындалатын уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың құны көрсетіледі;

      13-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес уақытша әкелінген тауарлардың саны, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі. Аталған жол 3 I ұяшық белгіленген жағдайда көрсетіледі;

      14-жолда тауарларды уақытша әкелу (әкету) мерзімі, яғни болжамдалған әкелу күні көрсетіледі. Аталған жол 3 I ұяшық белгіленген жағдайда көрсетіледі;

      15-жолда оның негізінде тауарларды уақытша әкелу (әкету) жүзеге асырылған шартқа (келісімшартқа) сәйкес уақытша әкетілген тауарлардың саны, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі. Аталған жол 3 II ұяшық белгіленген жағдайда көрсетіледі;

      16-жолда тауарларды уақытша әкелу (әкету) мерзімі, яғни болжамдалған әкету күні көрсетіледі. Аталған жол 3 II ұяшық белгіленген жағдайда көрсетіледі;

      "Салық төлеушінің (басшының) Т.А.Ә." деген жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер хабарламаны жеке тұлға табыс ететін болса, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), дара кәсіпкер үшін - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;

      "Хабарламаны табыс ету күні" деген жолда хабарламаны мемлекеттік кірістер органына тапсыру күні көрсетіледі;

      "Мемлекет кірістер органының коды" деген жолда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекет кірістер органының коды көрсетіледі;

      "Құжаттың кіріс нөмірі" деген жолда хабарламаның тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      8. Әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны туралы шарттың (келісімшарттың) ережелері өзгерген жағдайда, салық төлеуші алдыңғы тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.

      Бұл жағдайда хабарламаны ұсыну кезінде тек қана мынадай деректер: ЖСН (БСН) (1-жол);

      тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (2-жол);

      алдыңғы ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі (7-жол);

      әкелінген (әкетілген) тауарлардың орналасқан орны толтырылады (10-жол).

      Егер хабарламада көрсетілген әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі біткенге дейін тараптардың (контрагенттердің) өзара келісімімен уақытша әкелінген (әкетілген) тауарлардың тұру мерзімі ұзартылған болса, салық төлеуші бұрын тапсырылған хабарламада көрсетілген мерзім өткенге дейін хабарламаны қайтадан тапсырады.

      Бұл жағдайда хабарламаны табыс ету кезінде тек қана мынадай деректер: ЖСН (БСН) (1-жол);

      тауарлар әкелуді (әкетуді) жүзеге асыратын тұлғаның атауы немесе Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (2-жол);

      алдыңғы ұсынылған хабарламаның тіркеу нөмірі (7-жол);

      оның негізінде әкелу (әкету) жүзеге асырылған шарт (келісімшарт), шарттың (келісімшарттың) нөмірі, шарттың (келісімшарттың) күні толтырылады (11-жол);

      әкелу мерзімі (14-жол) немесе әкету мерзімі (15-жол) көрсетіледі.

  Тауарларды әкелу (әкету) туралы
2015 жылғы 15 қаңтары № 24
хабарламаны беру қағидаларына
қосымша



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады