Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12729 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 89 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.11.2018 № 481 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2018 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 15-04/730 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 614 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12108 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықты алынған күнінен бастап он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;

      4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
______________ А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
______________Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      ___________________ С. Айтпаева

      20 жылғы "__"____________



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05-1136 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 820 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2016 № 389 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.10.2016 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеру тағайындау туралы акті ______________________________________

      (нөмір, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      _____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

Асыл тұқымдық орталықтар

1

Тұқымдық ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға арналған қора-жайдың болуы





2

Тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгі температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың болуы





3

Ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның болуы





4

Карантиндік үй-жайдың болуы





5

Изолятордың болуы





6

Зертханалық жабдықтың болуы





7

Криогендік жабдықтың болуы





8

Жоғары өнімді асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің болуы





9

Объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы мен есептік нөмірді беру туралы растау





10

Тұқымдық асыл тұқымды жануарларға сәйкестендіру жүргізілгендігін растайтын ветеринариялық паспорттардың болуы





11

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, койдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ тиісті Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай бойынша ветеринарлық анықтамалардың болуы





12

Асыл тұқымды жануарды бонитирлеудің жиынтық ведомосының болуы





13

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасында тіркелгенін растайтын жергілікті атқарушы орган анықтамасының болуы





14

Жануарға өз өнімділігі бойынша бағалау жүргізу





15

Жануарға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу





16

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





17

Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы





Дистрибьютерлік орталықтар

18

Стационарлық биоқоймалары бар өндірістік үй-жайлардың болуы





19

Зертханалық жабдықтың болуы





20

Криогендік жабдықтың болуы





21

Объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы мен есептік нөмірді беру туралы растау





22

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, койдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ тиісті Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай бойынша ветеринарлық анықтамалардың болуы





23

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





24

Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы





Бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалар

25

Жануарларда жеке нөмірлерінің болуы





26

Жануарлардың селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелуі





27

Асыл тұқымды малдың ресімделген жеке карточкасының немесе асыл тұқымдық куәліктің болуы





28

Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдарға бонитировка жүргізу





29

Асыл тұқымды малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімінде тіркелуі





30

Есеп пен есептілікті жүргізу





31

Асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығы





Жергілікті атқарушы органдар

32

Асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу





33

Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу





34

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер беретін есептіліктің болуы





Бонитер (сыныптаушы)

35

Тиісті "зоотехния" немесе "мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы





36

Ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрі бойынша бонитерлер курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы





37

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





Техник-ұрықтандырушылар

38

Тиісті "зоотехния" немесе "мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология" немесе "ветеринария" мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың болуы





39

Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы





40

Зертханалық үй-жайдың болуы (ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін)





41

Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы (ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін)





42

Құрал-саймандарың болуы (ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін) немесе техник-ұрықтандырушы чемоданының болуы (жылжымалы пункттер үшін)





43

Криогендік жабдықтың болуы





44

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну





Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман

45

Тиісті "зоотехния" немесе "мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы" не "биотехнология", немесе "ветеринария" мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы





46

Ауыл шаруашылығы жануарларының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі курстардан өткендігі туралы құжаттың болуы





47

Зертханалық үй-жайдың болуы





48

Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы





49

Құрал-саймандардың болуы





50

Криогендік жабдықтың болуы





51

Технологиялық жабдықтың болуы





52

Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну






      Лауазымды адам (адамдар) __________________________ _________________

      (лауазымы) (қолы)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін

      субъектінің басшысы _______________________________ _________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады