Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 16.04.2020 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 болып тіркелген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 мамырында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"
8 | Әкімші тағайындалған күн | уақытша әкімші* | |||||||||||
оңалту басқарушысы |
* сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда толтырылмайды";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:
"
33-1 | Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күні |
";
банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада:
"Мүлікті өткізу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
" Мүліктің түрі (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) | ||||||||
Мүлік | Мүліктік кешен | Кәсіпорынды сату |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |