Қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 3-4/1045 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қаңтарда № 12813 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы 
№ 3-4/1045 бұйрығымен  
бекітілген       

Қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік
квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу

Лицензияланған қатысушылардың атауы

Қатысушының ЖСН/БСН

тонна

Ірі қара малдың еті, мұздатылған (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0202)

1

«Тортуманов и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

980340002346

700,0

2

«Компания РОКОС LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

121040020172

2 000,0

3

«Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

030740002165

1 257,0

4

«Бижан ет өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110140005640

450,0

5

«Жарсуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

991240003127

800,0


Барлығы


5 207,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады