Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 169 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9793 тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 222 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10032 тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы.
3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Тізбенің 1-тармағының жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының елуінші және елу бірінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсан
№ 222 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
1-1. Банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және жалғыз акционері басқа мемлекеттің орталық банкі болып табылатын банк үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде;
басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде.»;
1-2-тармағы алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншікті капитал жеке тұлғалар депозиттерінің сомасы мен бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капиталдың арасындағы оң айырмасын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап меншікті капиталы бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептелетін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қолданылмайды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар уәкілетті орган сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын таниды.
Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Жеке Секторды Дамыту жөнiндегі Ислам Корпорациясы (ICD);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).»;
13-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері Нұсқаулыққа 1-2-қосымшада белгіленген мәндердің және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11987 тіркелген «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 141 қаулысында көзделген қадағалау үстемесінің сомасы ретінде айқындалады.
Меншікті капитал жеткіліктілігі мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:
консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мынадай болады:
барлық банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2 (екі) пайыз;
жүйе құраушы банктер үшін:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайызы;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайызы;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3 (үш) пайыз;
қарсы циклдық буфер, уәкілетті орган оны енгізу мөлшерін және мерзімдерін қарсы циклдық буферді есептеуді бастау күніне дейін кем дегенде 12 (он екі) ай бұрын белгілейді. Қарсы циклдық буфер мөлшерінің диапазоны активтердің, тәуекелдерді ескере отырып, сараланған шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейін құрайды;
жүйелік буфер, оның есептелуіне қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына сәйкес жүйе құраушы деп танылған банктерге қолданылады. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және активтердің, тәуекелдер ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Нарықтық тәуекел ескерілген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер 13,3-ке тең келтіру коэффициентінің және:
сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелдің;
нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелдің;
валюталардың айырбастау бағамдарының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелдің сомасының туындысы ретінде есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 13,3-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициентінің мәні 12,5-ке тең.»;
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Акциялардың нарықтық құнының немесе акцияларға индекстің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша айрықша тәуекел 0,075-ке тең айрықша тәуекел коэффициенті бойынша мөлшерленген көрсетілген қаржы құралдары бойынша ашық позициялардың (ұзын және қысқа) сомасын білдіреді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап айрықша тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап айрықша тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ге тең.
27. Жалпы тәуекел 0,075-ке тең жалпы тәуекел коэффициентінің және белгілі бір акциялардың немесе акциялардың белгілі бір индексінің нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын позицияларының сомасы мен қысқа позицияларының сомасы арасындағы айырмасының туындысын білдіреді.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы тәуекел коэффицентінің мәні 0,08-ге тең.
28. Шетел валюталарының айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебі 0,075-ке тең валюталық тәуекел коэффициентінің және мына:
әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позициялардың (абсолюттік мәні бойынша);
әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзын позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) және бағалы металдар бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позициялардың (абсолюттік мәні бойынша) сомалардың біреуінің ең жоғарғы мәнінің туындысын білдіреді.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюталық позиция Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес есептеледі.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,075-ке тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық тәуекел коэффициентінің мәні 0,08-ге тең.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Операциялық тәуекел 13,3-ке тең келтіру коэффициентінің және соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасының және 0,075-кe тең операциялық тәуекел коэффициентінің туындысы ретінде есептеледі.
Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасы әр жыл сайын банк таза кіріс алған соңғы өткен 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық жалпы кіріс сомасының банк таза кіріс алған жылдарың санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа шамасы өткен жылдар санын негізге ала отырып есептеледі.
Жылдық жалпы кіріс:
жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден түскен кірістерді (резервтерді) шегергенде;
жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының сомасы ретінде айқындалады.
Операциялық тәуекелдің есебіне банк шығын алған, бірақ провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді шегергендегі қамтамасыз етуге арналған қаржыны есепке алғанда оң жалпы кіріс алынған жыл алынады.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициенті 13,3-ке, операциялық тәуекел коэффициенті – 0,07-ге тең.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап келтіру коэффициенті 12,5-ке, операциялық тәуекел коэффициенті – 0,08-ке тең.»;
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және асып кетуді есепті күні және осыдан кейінгі 3 (үш) ай ішінде, ал «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен кезде – ағымдағы және одан кейінгі тоқсан ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаған болса, онда бір қарыз алушыға шаққанда тәуекелдің ең жоғары мөлшерiнiң нормативiнен асып кету осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қаралады.»;
45-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған кезде;»;
6-3 және 6-4 тараулар алынып тасталсын;
1-қосымша осы Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-2 -қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциялық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша
мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
№ |
Баптар атауы |
Тәуекел дәрежесi пайызбен |
I топ |
||
1 |
Қолма-қол теңге |
0 |
2 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы |
0 |
3 |
Тазартылған бағалы металдар |
0 |
4 |
Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлген қарыздар |
0 |
5 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар |
0 |
6 |
Ұлттық Банкке берiлген қарыздар |
0 |
7 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар |
0 |
8 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар |
0 |
9 |
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына берілген қарыздар |
0 |
10 |
Ұлттық Банктегi салымдар |
|
11 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар |
0 |
12 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар |
0 |
13 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі |
0 |
14 |
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтары мен бюджетке төленетін басқа төлемдер бойынша дебиторлық берешегi |
0 |
15 |
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары |
0 |
16 |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі», «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар |
0 |
17 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар |
0 |
18 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» кем емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар |
0 |
19 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша талаптар |
0 |
20 |
Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы |
0 |
II топ |
||
21 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң және тиiстi рейтингілiк бағасы жоқ елдердiң шетелдiк қолма-қол валютасы |
20 |
22 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкіметтерiне берiлген қарыздар |
20 |
23 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар |
20 |
24 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар |
20 |
25 |
Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар |
20 |
26 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердің жергiлiктi билiк органдарына берiлген қарыздар |
20 |
27 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдарға берiлген қарыздар |
20 |
28 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар |
20 |
29 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар |
20 |
30 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдардағы салымдар |
20 |
31 |
Тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдарының дебиторлық берешегi |
20 |
32 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі |
20 |
33 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердің орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар |
20 |
34 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар |
20 |
35 |
Қазақстан Республикасының жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар |
20 |
36 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «АА-» төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар |
20 |
37 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «AA-» төмен емес борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар |
20 |
38 |
Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «ААА»-тан «АА-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингiсі немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-тан «kzAA-»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар секьюритилендіру позициялары |
20 |
39 |
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар |
20 |
40 |
Тәуекелдің ІІ тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы |
20 |
III топ |
||
41 |
Тазартылмаған бағалы металдар |
50 |
42 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар |
50 |
43 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар |
50 |
44 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар |
50 |
45 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiн төмен емес тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингiсі бар елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар |
50 |
46 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдарға берілген қарыздар |
50 |
47 |
Мынадай шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 71, 73, 74 және 75-жолдарында көрсетілген жеке тұлғалардың қарыздарын қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды |
35 |
48 |
Мынадай шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 71, 73, 74 және 75-жолдарында көрсетілген жеке тұлғалардың қарыздарын қоспағанда): берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы қоса алғанда кепіл құнының 51 (елу бір) пайызынан 85 (сексен бес) пайызына дейінгі аралықта болады |
75 |
49 |
Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары (осы кестенің 71, 73, 74 және 75-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда) |
100 |
50 |
Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйықы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 70, 71, 72, 73, 74, 75 және 101-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда), олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес кемінде 35 (отыз бес) пайыз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған |
100 |
51 |
Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйықы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 70, 71, 72, 73, 74, 75 және 101-жолдарында көрсетілген қарыздарды қоспағанда), олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес 35 (отыз бес) пайыздан астам және кемінде 50 (елу) пайыз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған |
75 |
52 |
Қазақстан Республикасының резиденттеріне берілген, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйықы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және осы кестенің 70, 71, 72, 73, 74, 75 және 101-жолдарында көрсетілген қарыздарын), олар бойынша қарыздардың өтелмеген бөлігінен халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес кемінде 50 (елу) пайыз провизиялар (резервтер) қалыптастырылған |
50 |
53 |
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілерге берілген, мынадай шартқа сәйкес келетін қарыздар: |
75 |
54 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiндегі салымдар |
50 |
55 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар |
50 |
56 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдардағы салымдар |
50 |
57 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А+»-тан «А-»-ке дейiнгi борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі |
50 |
58 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкiметтерi шығарған мемлекеттiк мәртебесi бар бағалы қағаздар |
50 |
59 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар |
50 |
60 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «А+»-тан бастап «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары бағалы қағаздар |
50 |
61 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «А+»-тан «А-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар |
50 |
62 |
Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «А+»-тан «А-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша «kzA+»-тан «kzA-»-ға дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары |
50 |
63 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-тен «ВВ-»-ке дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-дан «ВВ+»-ға дейінгі (қоса алғанда) борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар |
50 |
64 |
Тәуекелдің III тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы |
50 |
IV топ |
||
65 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар |
100 |
66 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар |
100 |
67 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар |
100 |
68 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар |
100 |
69 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдарға берiлген қарыздар |
100 |
70 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан хеджирлеу тиісті құралдарымен жабылмаған бейрезидент ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге берілген қарыздар |
200 |
71 |
Тәуекелдің III тобына енгізілгендерді қоспағанда, жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер |
100 |
72 |
Тәуекелдің III тобына енгізілгендерді қоспағанда, тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) валюталық тәуекелдері қарыз алушы тарапынан хеджирлеу тиісті құралдарымен жабылмаған жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге берілген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер |
200 |
73 |
Банк есептейтін төмендегі критерийлердің біреуіне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер: |
150 |
74 |
Банк есептейтін төмендегі критерийлердің біреуіне сәйкес келетін жеке тұлғаларға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген қамтамасыз етілмеген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер: |
150 |
75 |
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға берілген басқа да қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер (осы кестенің 71, 73 және 74-жолдарында көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары мен жеке тұлғаларға қарыздарды қоспағанда) |
100 |
76 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi тәуелсiз рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктерiндегі салымдар |
100 |
77 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ+»-тан «В-»-ке дейiнгi борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар |
100 |
78 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдардағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдардағы және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдардағы салымдар |
100 |
79 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдардың, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдардың және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі |
100 |
80 |
Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі |
100 |
81 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар |
100 |
82 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар |
100 |
83 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ+»-тан «В-»-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар |
100 |
84 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «А-»-тен төмен борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар резидент ұйымдар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдар және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейінгі борыштық рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингi бар бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар |
100 |
85 |
Банк баланста ұстап тұратын және Standard &Poor's агенттiгiнің «ВВВ+»-тан «ВВВ-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шкаласы бойынша «kzВВВ+»-тан «kzВВВ-»-ға дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар секьюритилендіру позициялары |
100 |
86 |
«Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниялары шығарған бағалы қағаздар |
100 |
87 |
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-»-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктеріне немесе «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ+»-тан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банкке ашылған корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптар |
100 |
88 |
IV тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы |
100 |
89 |
Төлемдер бойынша есеп айырысулар |
100 |
90 |
Негізгі қаражат |
100 |
91 |
Материалдық қорлар |
100 |
92 |
Сыйақы және шығыстар сомасын алдын ала төлеу |
100 |
V топ |
||
93 |
Банктiң инвестицияларын қоспағанда, заңды тұлғалардың реттелген борышына акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерi) және салымдар бөлігінде, әдiл құны бойынша есепке алынатын инвестициялар |
100 |
94 |
Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) 10 (оннан) кем пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы |
100 |
95 |
Әрқайсысы банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) 10 (он) пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 15 (он бес) пайызынан аспайтын банктің барлық инвестицияларының сомасы |
250 |
96 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар |
150 |
97 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар |
150 |
98 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар |
150 |
99 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен тәуелсiз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар |
150 |
100 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар резидент емес ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдарға берiлген қарыздар |
150 |
101 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар бейрезидент ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ және тиісті валюталық түсімі жоқ және (немесе) қарыз алушы тарапынан валюталық тәуекелдері хеджирлеудің тиісті құралдарымен өтелмеген бейрезидент ұйымдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген және шетел валютасымен 1 (бір) жылдан астам емес мерзімге ұсынылған қарыздар |
200 |
102 |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар: |
150 |
103 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар |
150 |
104 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар |
150 |
105 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингі бар бейрезидент ұйымдардағы, және тиiстi рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардағы салымдар |
150 |
106 |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: |
150 |
107 |
Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегi |
150 |
108 |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі: |
150 |
109 |
Standard&Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар |
150 |
110 |
Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-»-тен төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар |
150 |
111 |
Standard&Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар |
150 |
112 |
Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар |
150 |
113 |
Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: |
150 |
114 |
Банк баланста ұстап тұратын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ+»-тен «ВВ-»-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzBB+»-тен «kzBB-»-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары |
350 |
115 |
V тәуекелдер тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы |
150 |
Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша
саралануға тиісті банк активтерінің есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банкте түзетілген құны аталған активтер көлемінің 50 (елу) пайызынан кем емес қамтамасыз етуі бар (салымдардың кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша сараланған Банк активтері кестесінің (бұдан әрі – Кесте) 1,2,3,10,11,12,15,16,17 және 18-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) қарыздар банктерде осы тармаққа сәйкес түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін барабар есепке алу жүйесі болған кезде түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер есебіне енгізіледі.
Түзетілген қамтамасыз ету құны (Кестенің 1,2,3,10,11,12,15,16,17 және 18-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға тең болады:
салымдардың 100 (жүз) пайыздық сомасы, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызы;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызы.
Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша Кестеге сай сараланады.
2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырған) банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша сараланған (банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) активтердің есебіне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгізіледі.
Банк инвестициялары есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берілген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырылушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылады:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;
2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;
3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға;
осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің болуына қарамастан, Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар Қазақстан Республикасының мынадай бейрезиденттеріне ұсынылған:
1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard&Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;
2) оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайыздан астамын иеленуші не көрсетілген оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысы бойынша еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан астамын иеленуші, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі борыштық рейтингі аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;
тәуекелдің нөл дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсатында:
жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызын білдіреді;
жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген кредит тұтынушылық кредит дегенді білдіреді.
6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.
7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбастау бағамдарының және бағалы металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
8. Жылжымайтын мүлік кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтарын, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, тұтынушылық қарыз салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банктің активтерін есептеу мақсаттары үшін қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар ретінде түсініледі.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша
Екінші деңгейдегі банктерге
арналған пруденциалдық
нормативтердің нормативтік мәні
және есептеу әдістемелері туралы
нұсқаулыққа 1-2 қосымша
Капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні
Кезең |
2015 жылғы 01 қаңтардан бастап |
2016 жылғы 01 қаңтардан бастап |
2017 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
|||
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) |
5% |
5% |
5,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) |
6% |
6% |
6,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) |
7,5% |
7,5% |
8% |
Консервациялық буферді және жүйелі буферді ескергендегі,
капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні
Кезең |
2015 жылғы 01 қаңтардан бастап |
2016 жылғы 01 қаңтардан бастап |
2017 жылғы 01 қаңтардан бастап |
Талаптар |
|||
Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) |
6% |
6% |
7,5% |
Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) |
7% |
7% |
8,5% |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) |
8,5% |
8,5% |
10% |
Жүйе құраушы банктер үшін негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) |
7,5% |
7,5% |
9,5% |
Жүйе құраушы банктер үшін бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2) |
8,5% |
8,5% |
10,5% |
Жүйе құраушы банктер үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2) |
10% |
10% |
12% |
Ескертпе: уәкілетті орган меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін 3 (үш) жылда бір реттен сирек емес қайта қарайды.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
3-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының банк
қызметін реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне 4-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.