Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу жөнінде банк операцияларын жүргізуге лимиттер белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 169 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 13 қазанда № 9793 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктер үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерінің мөлшері бойынша лимиттер мынадай шектерде белгіленсін:
      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      5 000 000 000 (бес миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      10 000 000 000 (он миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      5 000 000 000 (бес миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      10 000 000 000 (он миллиард) теңге – екінші деңгейдегі бнктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      50 000 000 000 (елу миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеден 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      5 000 000 000 (бес миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      10 000 000 000 (он миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      50 000 000 000 (елу миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеден 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда;
      4) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңге – екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының мөлшері 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңгеден 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейін болған жағдайда.
      Осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптары Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері бар ислам банктеріне қолданылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.11.2014 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем екінші деңгейдегі банктер 2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды:
      2019 жылғы 1 қаңтарға меншікті капиталдың болжамды мөлшерін және меншікті капиталдың мөлшерін болжамды мөлшерге дейін кезең-кезеңімен жеткізу жөніндегі шараларды;
      Банктер туралы заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшерін осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген меншікті капиталдың мәніне сәйкес келетіне деңгейге дейін шектеу (төмендету) жөніндегі шараларды көздейтін іс-шаралар жоспарын ұсынады.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасының міндетін атқарушы                        Н.Құсайнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады