Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11987 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9498 тіркелген, 2014 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 14 тамызда «Заң газеті» газетінде № 120 (2514) жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9732 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 8 қазанда «Заң газеті» газетінде № 151 (2545) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.
      3. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасы, 3-тармағының 8) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                              Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 141 қаулысымен   
бекітілген      

Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің
қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды
анықтау әдістемесін қолдану қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібін және екінші деңгейдегі банктің (бұдан әрі – банк) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін белгілейді.
      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтаған жағдайда банкке ертерек ден қою шараларын қолданады.

2. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар

      2. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар мыналар болып табылады:
      1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;
      2) жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың банк міндеттемелерінің сомасындағы үлесінің төмендеуі;
      3) банктің несие портфелінің жалпы көлеміндегі негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
      4) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;
      5) жеке және заңды тұлға клиенттерге берілген қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) саласы (салалары) бойынша жіктелген қарыздардың өтелмеген негізгі борышы үлесінің ұлғаюы;
      6) жеке және заңды тұлға клиенттерге берілген қарыздардың негізгі борышының жиынтық көлеміндегі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздардың және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өтелмеген негізгі борышы үлесінің ұлғаюы;
      7) кредиттер бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша жеке тұлғалар үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам және (немесе) заңды тұлғалар үшін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ұлғаюы;
      8) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар, олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздардың банктің несие портфелінің қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі;
      9) жіктелген дебиторлық берешектің ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген үлесінің ұлғаюы;
      10) жиынтық активтердегі кіріс келтіретін активтер үлесінің азаюы;
      11) активтер рентабельділігі коэффициентінің азаюы;
      12) таза пайыздық маржаның азаюы;
      13) спрэдтың төмендеуі;
      14) кірістердің жиынтық сомасына операциялық шығыстардың қатынасының ұлғаюы.
      Резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі.
      Жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздар түсініледі.
      Қарыздар есебіне (жіктелген, жиынтық) негізгі борыш сомасы енгізіледі, таза жіктелген қарыздар есебіне қарыздардың (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер ескерілген негізгі борыш) баланстық құны енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі

       3. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін, Қағидалардың 2-тармағында көзделген факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
      1) өтімділік коэффициенттерінің қатарынан алты ай ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысында (бұдан әрі – № 358 қаулы) белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге екі және одан көп рет төмендеуі;
      2) қаралатын кезеңнің басында жеке және заңды тұлғалар салымдарының қатынасы банк міндеттемелерінен елу пайыздан астам болу шартымен соңғы алты айдың ішінде басқа банктердің салымдарын және арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың (бұдан әрі – SPV) салымдары ескермеген банк міндеттемелері сомасындағы жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдардың (оның ішінде ағымдағы шоттардың) жиырма және одан көп пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:

      C(6)      С(0)
      ----- - ----- < - 20 пайыздық тармақ С(0) > 50% М(0) болған
      М(6)      М(0) кезде,
      мұндағы:
      С(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай басқа банктердің салымдары және SPV салымдары ескерілмеген жеке және заңды тұлғалардан тартылған салымдар (оның ішінде ағымдағы шоттар);
      М(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы жиынтық міндеттемелер;
      3) банктің несие портфеліндегі, ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген, банктің несие портфеліндегі негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан алты ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
      МҚ90(6)   МҚ90(5)  МҚ90(4)  МҚ90(3)   МҚ90(2)  МҚ90(1)  МҚ90(0)
    -------- > ----- > ------- > ------ > ------- > ------ > -------,
      НП(6)      НП(5)    НП(4)    НП(3)     НП(2)    НП(1)    НП(0)
      мұндағы:
      МҚ90(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      НП(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген несие портфелі (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
      МҚ90(6)      МҚ90(0)
   ----------- - --------- > 5 пайыздық тармақ;
       НП(6)        НП(0)
      4) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталдың сексен пайызынан астам болуы шартымен және ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген, қаралатын кезеңде абсолютті мәнінде жіктелген қарыздардың, өсу мөлшерінің резервтердің өсу мөлшерінен асуы шартымен қатарынан алты ай ішінде таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
ТЖҚ(6)   ТЖҚ(5)  ТЖҚ(4)  ТЖҚ(3)  ТЖҚ(2)    ТЖҚ(1)    ТЖҚ(0)
------ > ----- > ----- > ------ > ----- > ------ > ----------,
  MK(6)   MK(5)   MK(4)   MK(3)    МС(2)    МК(1)     МК(0)
      мынадай талаппен:
      ТЖҚ(6) > 80%МК(6) және (ЖҚБ(6) - ЖҚБ(0)) > (Пр(6) - Пр(0)),
      мұндағы:
      ТЖҚ(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы таза жіктелген қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      МК(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы, № 358 қаулыға сәйкес есептелген меншікті капитал;
      ЖҚБ(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жіктелген қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға берілген қарыздар және «кері РЕПО» операциялары);
      Пр(ай) – жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері;
      5) жеке және заңды тұлға клиенттерге берілген жиынтық қарыздардағы (дара кәсіпкерлерге қарыздарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескерілмеген кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) саласы (салалары) бойынша олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жіктелген қарыздар үлесінің қатарынан алты ай ішінде ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
  НЖҚ(6)    НЖҚ(5)    НЖҚ(4)    НЖҚ(3)    НЖҚ(2)    НЖҚ(1)    НЖҚ(0)
 ------ > ------ > ------- > ------- > -------- > ------- > --------,
  ЖҚ(6)    ЖҚ(5)     ЖҚ(4)      ЖҚ(3)     ЖҚ(2)     ЖҚ(1)      ЖҚ(0)
      ҚО(6)
   -------- > 20% болған кезде,
      ЖҚ(6)
      мұндағы:
      НЖҚ(ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы кредиттеудің негізгі бағыты (бағыттары) саласы (салалары) бойынша олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жіктелген қарыздар;
      ЖҚ(ай) – жеке және заңды тұлға клиенттерге берілген, қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген жиынтық қарыздар;
      ҚО(ай) – жеке және заңды тұлға клиенттерге жиынтық қарыздардағы (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда) олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген үлесі қаралатын кезеңнің соңына қарай жиырма және одан көп пайыз болатын, жеке тұлғаларға берілген, олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздар, не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) берілген, олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздар, не бір саладағы заңды тұлғаларға берілген олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда).
      Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
      НЖҚ(6)      НЖҚ(0)
 ---------- - ----------- > 5 пайыздық тармақ;
       ЖҚ(6)      ЖҚ(0)
      6) қатарынан алты ай ішінде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздардың және ипотекалық тұрғын үй қарыздары үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
  Қ(6)      Қ(5)      Қ(4)      Қ(3)     Қ(2)     Қ(1)    Қ(0)
------ > -------- > ------- > ------ > ----- > ------ > -------,
ЖҚ(6)      ЖҚ(5)      ЖҚ(4)    ЖҚ(3)    ЖҚ(2)    ЖҚ(1)   ЖҚ(0)
        Қ(6)
      ------ > 20% болған кезде,
        ЖҚ(6)
      мұнда:
      Қ(ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздар және ипотекалық тұрғын үй қарыздары;
      ЖҚ(ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде клиенттерге жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда) және заңды тұлғаларға (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда) жиынтық қарыздар.
      Осы көрсеткіш есебіне олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жеке және заңды тұлғалар - клиенттерге жиынтық қарыздардағы (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда, дара кәсіпкерлерге қарыздарды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда) үлесі қарастырылатын кезеңнің соңына қарай жиырма пайыздан көп болатын, олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу мен салуға берілген қарыздар және ипотекалық тұрғын үй қарыздары кіргізіледі.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
      Қ(6)     Қ(0)
   ------- - ------- > 5 пайыздық тармақ;
     ЖҚ(6)     ЖҚ(0)
      7) есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін қарыздар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың бес және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖМҚ 90(6) - ЖМҚ 90(0)                  ЗМҚ 90(6) - ЗМҚ 90(0)
   -------------------- > 5% және (немесе) ------------------ > 5%,
         ЖМҚ 90(0)                              ЗМҚ 90(0)
      мұнда:
      ЖМҚ 90 – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша кредиттер бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың қарыздары (дара кәсіпкерлердің қарыздарын қоса алғанда);
      ЗМҚ 90 – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша кредиттер бойынша күнтізбелік отыз күннен астам мерзімі өткен берешегі бар заңды тұлғалардың қарыздары (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздарды қоспағанда);
      8) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:
      ТҚ
    ----- > 20%,
      НП
      мұнда:
      ТҚ – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      ТҚ-ға «А-»-дан төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар және банктік холдинг немесе банкке қатысты ірі қатысушы болып табылмайтын банктің осы қарыздары бойынша болған құнсыздануды сөзсіз қамтамасыз ету болып табылатын депозит сомасына жабылған негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар кірмейді;
      НП – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде несие портфелі (дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығында көрсетілген арақатынас 15 (он бес) пайыздан жоғары емес болады;
      9) қатарынан алты ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖДБ(6)    ЖДБ(5)    ЖДБ(4)    ЖДБ(3)   ЖДБ(2)   ЖДБ(1)    ЖДБ(0)
------ > ------ > ------- > ------- > ------- > ------- > --------,
ДБ(6)     ДБ(5)     ДБ(4)     ДБ(3)    ДБ(2)    ДБ(1)     ДБ(0)
      мұнда:
      ЖДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жіктелген дебиторлық берешек;
      ДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешек.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
      ЖДБ(6)      ЖДБ(0)
 ---------- - ---------- > 5 пайыздық тармақ.
      ДБ(6)       ДБ(0)
      Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.
      Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш енгізіледі.
      Егер жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды;
      10) қатарынан алты ай ішінде кіріс келтіретін активтердің жиынтық активтердегі үлесінің азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
КА(6)    КА(5)    КА(4)    КА(3)    КА(2)    КА(1)   КА(0)
------ < ------ < ----- < ------ < ----- < ------ < ---------,
А(6)     А(5)     А(4)     А(3)     А(2)     А(1)    А(0)
      мұнда:
      КА (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай кіріс келтіретін активтер;
      А (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.
      Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде бес және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
      КА(6)     КА(0)
    ------- - ------- < - 5 пайыздық тармақ;
      А(6)      А(0)
      11) соңғы алты ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентінің бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
      ROA(6) – ROA(1) < – 1 пайыздық тармақ.
      Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық мәндегі бөлінбеген таза кірістің (орны толтырылмаған шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
            БТК (ОТШ)(n)
ROA(n) = ------------------- * Кт,
              Аорт(n)
      мұнда:
      БТК (0ТШ)(n) – табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      Кт – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
            12
      Тк = ---,
            А
      мұнда А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
                   А(0) + А(1) +... + А(n)
      Аорт(n) = ---------------------------------,
                        n+1
      мұнда:
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
      n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      12) соңғы алты ай ішінде таза пайыздық маржаның бір және одан астам пайыздық тармаққа азаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
      ТПМ %(6) – ТПМ %(1) < – 1 пайыздық тармақ.
      Таза пайыздық маржа жылдық мәндегі банктің таза пайыздық кірісінің (сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды шегергенде, сыйақы алуға байланысты кірістер) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
              ТК(n)
  ТПМ%(n) = ----------- * Кт,
              Аорт(n)
      мұнда:
      ТПМ%(n) – таза пайыздық маржа;
      ТК(n) – мынадай формула бойынша есептелетін таза кіріс:
      ТК(n) = Кс%(n) - Шс%(n),
      мұнда:
      Кс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Шс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Аорт(n) – белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
      ТК - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
            12
      Кт = —--,
            А
      мұнда А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Сыйақы алуға байланысты кірістерге мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерді, басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді қоспағанда);
      басқа банктерге берілген қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (басқа банктерге берілген қарыздар бойынша комиссиялық сыйақыны, басқа банктерге берілген қарыздың құнын оң түзету түріндегі кірістерді, басқа банктерден алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістерді қоспағанда);
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздың құнын оң түзету түріндегі кірістерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, шетелдік филиалдармен есеп айырысулар бойынша кірістерді қоспағанда);
      банктің клиенттерге талаптары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (клиенттерге берілген қарыздың құнын оң түзету түріндегі кірістерді, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздың құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, клиенттерден тартылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, клиенттерден тартылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі кірістерді, сенімгерлік (траст) басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерді қоспағанда);
      сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер (айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі кірістерді, айналысқа шығарылған реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі кірістерді қоспағанда);
      бағалы қағаздармен жасалатын «Kepi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      капиталға және реттелген борышқа инвестициялар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      өтеуге дейін ұстап қалынатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      «қарыздар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер;
      13) соңғы алты ай ішінде спрэдтың бір және одан астам пайыздық тармаққа төмендеуі мынадай формула бойынша есептеледі:
      Спрэд(6) – Спрэд(1) < – 1 пайыздық тармақ.
      Банк спрэды жылдық мәндегі сыйақы алуға байланысты кірістердің кіріс келтіретін орташа активтерге қатынасының және жылдық мәндегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың шығыстарға әкеп соқтыратын орташа міндеттемелерге қатынасының арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
               Кс%(n)            Шс%(n)
Спрэд(n) = ----------- * Тк - ------------ * Тк,
             кА(орт)(n)         ШМ(орт)(n)
      мұнда:
      Кс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Шс%(n) – тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Тк – мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
       12
  Тк = —-,
       А
      мұнда А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      КАорт(n) – мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі кіріс келтіретін активтердің орташа шамасы:
                   КА(0) + КА(1) +... + КА(n)
   кАорт(n) = ---------------------------------------,
                                  n+1
      мұнда:
      КА(0,2,....n) - белгілі бір айдың соңында кіріс келтіретін активтер;
      n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
      ШМорт(n) - мынадай формула бойынша есептелетін, белгілі бір қарастырылатын кезеңдегі шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелердің орташа шамасы:
              ШМ(0) + ШМ(1) +...+ШМ(n)
ШМорт(n) = -----------------------------------,
                        N +1
      мұнда:
      ШМ(0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелер;
      n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
      Кіріс келтіретін активтерге (КА) мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар;
      пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар;
      басқа банктерде орналастырылған салымдар;
      басқа банктерге берілген қарыздар;
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар және қаржы лизингі;
      клиенттерге қойылатын талаптар;
      сату үшін қолда бар бағалы қағаздар;
      бағалы қағаздармен «кepi РЕПО» операциялары;
      капиталға инвестициялар және реттелген борыш;
      өтеуге дейін ұстап қалынатын бағалы қағаздар;
      «қарыздар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар.
      Кіріс келтіретін активтер халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (IFRS) бойынша резервтер шегеріле отырып, сондай-ақ дисконттар (сыйлықақылар) мен оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып есепке алынады.
      Шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелерге (ШМ) мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар;
      басқа банктердің талап етуге дейінгі салымдары;
      Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар;
      халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар;
      басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар;
      овернайт қарыздары;
      мерзімді салымдар;
      клиенттер алдындағы міндеттемелер;
      бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары;
      айналысқа шығарылған бағалы қағаздар;
      реттелген борыштар.
      Шығыстарға әкеп соқтыратын міндеттемелер бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарға мыналар кіреді:
      корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      басқа банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (басқа банктерден алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерге берілген қарыздың құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздың құнын оң түзету түріндегі шығыстарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздың құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      басқа банктердің салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерден тартылған мерзімді салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстарды, басқа банктерден тартылған шартты салымның құнын оң түзету түріндегі шығыстарды қоспағанда);
      клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (сенімгерлікпен басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, клиенттермен өзге операциялар бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, мерзімінде орындалмаған нұсқаулар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстарды, қабылданған салымдар бойынша комиссиялық сыйақыны, клиенттерге берілген қарыздың құнын теріс түзету түріндегі шығыстарды, есепке алынған вексельдер бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды қоспағанда);
      бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар (пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынған сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, сату үшін қолда бар сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, өтеуге дейін ұстап қалынатын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды, «қарыздар және дебиторлық берешек» санатындағы өзге борыштық құралдар бойынша сыйлықақы амортизациясы жөніндегі шығыстарды қоспағанда);
      реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      14) соңғы алты ай ішінде операциялық шығыстардың сыйақы алуға байланысты кірістердің және сыйақы алуға байланысты емес кірістердің сомасына қатынасының бес және одан астам пайыздық тармаққа ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
          ОПШ(6)                   ОПШ(1)
---------------------- - ---------------------- > 5 пайыздық тармақ,
  Кс% (6) + Ксбе% (6)       Кс% (1) + Ксбе% (1)
      мұнда:
      ОПШ(ай) - тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі операциялық шығыстар;
      Кс%(ай) - тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты кірістер;
      Ксбе%(ай) - тиісті қаржы жылының басынан бастап қарастырылатын айдың соңына дейінгі кезеңдегі сыйақы алуға байланысты емес кірістер.
      Операциялық шығыстарға (ОПШ) мыналар кіреді:
      еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар;
      жалпы шаруашылық шығыстар («Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды аудару бойынша шығыстарды қоспағанда);
      табыс салығынан басқа, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
      амортизациялық аударымдар;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді өтеусіз беруден және тауарлық-материалдық қорларды сатудан, өзге инвестициялардан болған шығыстар;
      тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
      жалдау шығыстары.
      Сыйақы алуға байланысты емес кірістер осы тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген, сыйақы алуға байланысты кірістерді, сондай-ақ резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді қоспағанда, кірістерді қамтиды.
      Есепті күні аяқталатын кезең қарастырылатын кезең болып табылады. Көрсеткіштерді есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
      Осы тармақтың 5) және 6) тармақшаларының талаптары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына қолданылмайды.
      Осы тармақтың 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларының талаптары № 358 қаулыда белгіленген негізгі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің 0,10 төмен және меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің 0,13 төмен банкке қолданылады.
      Қағидалардың талаптары Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау барысындағы банктерге қолданылмайды.
      3-1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін, Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген фактор мынадай формула бойынша есептеледі:

                                 ТҚ
                                 —-- > 10%,
                                 НП

      мұндағы:
      ТҚ – негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар, олар бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген қарыздар (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, дара кәсіпкерлердің қарыздарын қоса алғанда жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда заңды тұлғаларға берілген қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      ТҚ-ға негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар, «А-»-дан төмен емес рейтингі (агентств Standard & Poor's және Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «А3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар және банк холдингі немесе банкке қатысы бойынша ірі қатысушы болып табылмайтын банктің осы қарыздары бойынша келтірілген құнсыздануды сөзсіз қамтамасыз ету болып табылатын депозиттің сомасын өтеу енгізілмейді;
      НП – қаралып отырған кезеңнің соңындағы ол бойынша қалыптастырылған резервтер ескерілмеген несие портфелі (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген қарыздар, дара кәсіпкерлердің қарыздарын қоса алғанда жеке тұлғаларға берілген қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген қарыздарды қоса алғанда заңды тұлғаларға берілген қарыздар және «кері РЕПО» операциялары).
      Қағидалардың 2-тармаңғының 8) тармақшасында көзделген фактор анықталған жағдайда, банк Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға және мерзімдерге сәйкес уәкілетті органға негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейінгі қатынасының төмендеуі көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады. Іс-шаралар жоспарын аяқтау мерзімі фактор анықталған сәттен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықтағы мерзімнен аспайды.
      Банк уәкілетті орган мақұлдаған іс-шаралар жоспарын бірнеше мәрте уақтылы орындамаған кезде меншікті капиталдың жеткіліктілік мәніне 2 (екі) пайыздық тармақты құрайтын қадағалау үстемеақысы қолданылады.
      Банк іс-шаралар жоспарын екі мәрте уақтылы орындамаған кезде уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген қадағалау үстемеақысына қосымша басқарманың бірінші басшысының іс-шаралар жоспарын орындау үшін жауапты орынбасарының қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
      Банк іс-шаралар жоспарын үш мәрте уақтылы орындамаған кезде уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген қадағалау үстемеақысына қосымша басқарманың бірінші басшысының қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
      Осы тармақты орындау мақсаты үшін банктің іс-шаралар жоспарын уақтылы орындауы мыналар болып табылады:
      есепті күні Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген фактор мәнінің іс-шаралар жоспарында белгіленген болжамдық мәннен асып кетуі;
      іс-шаралар жоспарына енгізілген әрбір өзгеріс.
      Есепті күні Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген фактордың нақты мәнінің болжамдық мәннен:
      кемінде 10 (он) пайыз;
      күнтізбелік 10 (он) күннен аз мерзімнен;
      теңгенің шетел валютасына орташа мөлшерленген биржалық бағамының ұлғаюы нәтижесінде соңғы 3 (үш) айда 10 (он) пайыздан көп асып кетуі банктің іс-шаралар жоспарын уақтылы орындамауы болып танылмайды.
      Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін ай сайын реттеушілік есептілік дерекқоры негізінде банктің қаржылық жағдайына талдау жасайды.
      5. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оған тексеру жүргізу қорытындылары бойынша Қағидалардың 2-тармағында көзделген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық орнықтылығын аттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің өсуіне жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талапты жібереді.
      Банк және (немесе) оның акционерлері уәкілетті органның талабын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторды толық талдауды;
      осы фактордың болжамы, осындай болжамның негіздемесі және банктің қызметіне тигізетін жағымсыз әсері;
      осы факторды жақсарту шаралары, яғни оны банктің қызметі үшін қауіп төндірмейтін (қосымша тәуекелдер) деңгейге дейін жеткізу;
      іс-шаралар жоспарының орындалу мерзімдері (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері көрсетіле отырып);
      іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды тұлғалар қамтылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеп, уәкілетті органға ұсынады.
      Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.
      Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган мен банк іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді. Бұл ретте банк уәкілетті органның ескертулерін жою үшін жоспарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде түзетеді, немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда өз негіздемесін ұсынады.
      Уәкілетті орган банк және (немесе) оның акционерлері ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша түрде мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
      Уәкілетті орган ұсынылған іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынады.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда банкке және (немесе) оның акционерлеріне Банктер туралы Заңның 45-бабы 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талаптарды кою арқылы бір немесе бірнеше ертерек ден қою шараларын қолданады.
      Қағидалардың 2-тармағында көзделген факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда банк көрсетілген факторларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидалардың осы тармағында көзделген іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оның қаржылық жағдайының нашарлағанын көрсететін ақпаратты ұсынады.
      6. Жүйе құраушы болып айқындалған банк, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 тіркелген «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысына (бұдан әрі № 257 қаулы) сәйкес жүйе құраушылар деп танылатын әлеуетті банктердің тізіміне қосылған банк, уәкілетті орган жүргізген стресс-тесттің нәтижелері бойынша меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін бұзылғаны байқалған банк, сонымен қатар Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банк уәкілетті органға:
      1) № 358 қаулыда белгіленген буферлерді есепке ала отырып банктің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі шамаларынан төмен болған жағдайда банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша іс-жоспарын;
      2) жыл сайын есепті жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде:
      меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің;
      Қағидалардың 2-тармағының 1)3)11)13) және 14)-тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің айлық өзгерістерінің болжамын ұсынады.
      Көрсеткіштердің өзгеру болжамы қаржылық жылдың соңына дейін қалыптастырылады. Көрсеткіштердің өзгеру болжамы жылына бір реттен көп емес негіздемелерді ұсынумен қайта қаралады.
      Уәкілетті орган көрсеткіштердің болжам мәндерінің ағымдағы мәндерге сәйкестігін тексереді. Көрсеткіштердің өзгеру болжамында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган Қағидалардың 5-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
      Қағидалардың 2-тармағының 1)3) және 11) тармақшаларында көрсетілген көрсеткіштердің, сонымен қатар меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің өзгеру болжамы стресстік сценарийдің әсер ету тиімділігін бағалаумен толықтырылады.
      Уәкілетті орган стресстік сценарий өлшемдері бойынша сценарий мен ұсынымдарды жүйе құраушы болып айқындалған банкке, № 257 қаулысына сәйкес жүйе құраушылар деп танылатын әлеуетті банктердің тізіміне қосылған банкке, уәкілетті орган жүргізген стресс-тесттің нәтижелері бойынша меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің бұзылғаны байқалған банкке уәкілетті органға болжамды көрсеткіштерді ұсыну мерзіміне дейін бір ай бұрын береді.
      Қайта ұйымдастыру рәсімінен өткен және (немесе) бас банк пен еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізген банк соңғы 12 (он екі) айдағы ақпарат болған жағдайда, банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер еткен факторларды (Қағидалардың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген факторды қоспағанда) есептеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қағидалардың 2-тармағында көзделген факторлар анықталған жағдайда, сондай-ақ көрсеткіштердің өзгеру болжамында қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган жүйе құраушы деп айқындаған банк және Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банк № 358 қаулыда белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің (К1-1, К1-2, К2) мәндеріне және ашық валюталық позиция лимиттеріне кезең-кезеңімен өту мерзімі көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады