Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10210 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 240 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы

      30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 257 қаулысымен
бекітілді

Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу
қағидалары

      1. Осы Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) макропруденциялық реттеуді жүзеге асыру шегінде қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жүйе құраушы банк – тұрақты жұмыс істеуіне елдің тұтастай қаржы жүйесінің немесе оның жекелеген сегменттерінің тұрақтылығы байланысты болатын банк;

      2) жүйе құраушы инфрақұрылымдық қаржы ұйымы – тұрақты жұмыс істеуіне бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығы байланысты болатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      3) инфрақұрылымдық қаржы ұйымы – бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің мына түрлерінің бірін:

      бағалы қағаздармен және басқа өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыруды;

      депозитарлық қызметті;

      қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін;

      бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым.

      3. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуын алдын алу қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу критерийлерін белгілеудің мақсаты болып табылады.

      Қағидаларда бекітілген критерийлерге сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) және инфрақұрылымдық қаржы ұйымдары жүйе құраушылардың қатарына жатқызылған қаржы ұйымдары болып танылады.

      4. Банкті жүйе құраушы банк қатарына жатқызу үшін мына критерийлер қолданылады:

      1) банктің мөлшері;

      2) банктің қаржы нарығының қатысушыларымен өзара байланысы;

      3) банктің өзара алмасуы;

      4) банк жүргізетін операциялардың кешенділігі (күрделілігі).

      5. Мыналар:

      1) банк активтерінің банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі (К1);

      2) банк міндеттемелерінің банктердің жиынтық міндеттемелеріндегі үлесі (К2) банктің мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

      6. Мыналар:

      1) банктің банктерге қатысты банкаралық активтері, шартты талаптары (бұдан әрі – банкаралық активтер) және банктің еншілес ұйымдарына инвестициялары сомасының банктердің банкаралық активтерінің және еншілес ұйымдарға инвестицияларының жиынтық көлеміндегі үлесі (К3);

      2) банктің банктер алдындағы банкаралық міндеттемелері, шартты міндеттемелері (бұдан әрі – банкаралық міндеттемелер) және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының банкке салымдарға және банк шығарған бағалы қағаздарға инвестицияланған зейнетақы ативтері сомасының банктердің банкаралық міндеттемелерінің және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының банктерге салымдарға және банктер шығарған бағалы қағаздарға инвестицияланған зейнетақы ативтерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К4);

      3) жеке тұлғалардың банкте орналастырылған "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) кепiлдiк беруі тиісті салымдары сомасының жеке тұлғалардың банктерде орналастырылған Қор кепiлдiк беруі тиісті салымдарының жиынтық көлеміндегі үлесі (К5) банктің қаржы нарығының қатысушыларымен өзара байланысын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

      7. Мыналар:

      1) банктің банкаралық ақша аудару жүйесі, банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізген төлемдерінің, электрондық банктік қызметтер нарығындағы (банк желісінде) төлемдерінің, банк пен оның қарсы агенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттар, халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы жүргізілген төлемдері мен аударымдары (бұдан әрі – қолма-қол ақшасыз төлемдер) жалпы сомасының банктердің қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К6);

      2) банктің несие портфелінің банктердің жиынтық несие портфеліндегі үлесі (К7);

      3) банктің кастодиандық қызметті көрсетуге қабылдаған активтерінің банктердің кастодиандық қызметті көрсетуге қабылдаған активтерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К8) банктің өзара алмасуын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Мыналар:

      1) банктің туынды қаржы құралдары мен шетел валютасы бойынша шартты талаптары сомаларының банктердің туынды қаржы құралдары мен шетел валютасы бойынша шартты талаптарының жиынтық көлеміндегі үлесі (К9);

      2) банктің туынды қаржы құралдары мен шетел валютасы бойынша шартты міндеттемелері сомаларының банктердің туынды қаржы құралдары мен шетел валютасы бойынша шартты міндеттемелерінің жиынтық көлеміндегі үлесі (К10);

      3) банктің әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарының және банкте сату үшін бар бағалы қағаздарының жалпы сомаларының банктердің әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы есепке алынатын бағалы қағаздарының және сату үшін банктерде бар бағалы қағаздарының жиынтық көлеміндегі үлесі (К11) банк жүргізетін операциялардың кешенділігін (күрделілігін) сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

      9. Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көрсеткішті қоспағанда, Қағидалардың 5, 6, 7, және 8-тармақтарында көрсетілген көрсеткіштерді есептеу тоқсанның бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген критерийлерді есептеу тоқсан үшін жүзеге асырылады.

      Есептеу күнінің алдындағы қатарынан төрт тоқсан көрсеткіштердің орташа мәнін есептеу кезеңіне кіреді.

      10. Банктің жалпылама көрсеткіші (ЖК) мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЖК – банктің жалпылама көрсеткіші;

      Кij – j-көрсеткішінің (К111) i-тоқсаны үшін пайыздық мәні;

      Скj – j-көрсеткішінің (К111) жалпылама көрсеткіштегі салмағы және ол мына мәнді құрайды:

      Ск1 = 20%;

      Ск2 = 20%;

      Ск3 = 5%;

      Ск4 = 5%;

      Ск5 = 10%;

      Ск6 = 10%;

      Ск7 = 7%;

      Ск8 = 3%;

      Ск9 = 5%;

      Ск10 = 5%;

      Ск11 = 10%.

      11. Егер Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген банктің жалпылама көрсеткіші 10 пайызды құраса және одан асса, банк жүйе құраушы банктердің қатарына жатады.

      12. Егер Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген банктің жалпылама көрсеткіші 5 пайыздан асса, бірақ 10 пайыздан кем болса, мұндай банк кезекті бағалау жүргізу нәтижелері бойынша жүйе құраушылар қатарына жатқызылуы мүмкін әлеуетті банктердің тізіміне (watch-list) қосылады.

      13. Инфрақұрылымдық қаржы ұйымы бірегейлік критерийіне сәйкес келген жағдайда жүйе құраушылар қатарына жатады.

      Егер инфрақұрылымдық қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің бір түрін жүзеге асыратын жеке-дара ұйым болып табылған жағдайда, инфрақұрылымдық қаржы ұйымы бірегейлік критерийіне сәйкес келеді.

      14. Инфрақұрылымдық қаржы ұйымы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген критерийге сәйкестігіне қарамастан, жүйе құраушы болып танылуы мүмкін.

      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жылына бір рет тиісті жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осы тізімді қалыптастырған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады.

      16. Жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының немесе оның орнындағы адамның бұйрығымен тиісті жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмейтін мерзімде бекітіледі.

      17. Қаржы ұйымын жүйе құраушылар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне қосу туралы, сондай-ақ банкті кезекті бағалау нәтижелері бойынша жүйе құраушылар деп танылатын әлеуетті банктердің тізіміне қосу туралы ақпарат осы қаржы ұйымдарына Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген тізімді бекіткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады