"Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қаңтарда № 12865 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 156 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 24 шілдесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықтың "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына" 1–қосымшада:

      11–тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде немесе ХҚКО-да оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда:

      Министрлік: mid.gov.kz;

      ХҚКО: www.con.gov.kz;

      көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған";

      көрсетілген бұйрықтың "Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына" 2-қосымшада:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)";

      3–тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі";

      қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 10 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 1112 бұйрығына
қосымша
  "Туристік ақпаратты, оның ішінде
туристік әлеует, туризм объектілері
мен туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы ақпаратты беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Нысан

      __________________________________________

      (көрсетілген қызметті берушінің атауы)

      __________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм
объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
туралы ақпаратты беруге өтініш

      Сізден туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм

      объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы

      ақпаратты беруді сұраймын.

      Электрондық поштасы____________________________________________

      Телефондары____________________________________________________

      Факс___________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы___________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді

      _______________________________________________________________

      мекен көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық

      мекеменің нөмірі)

      Осымен барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып

      табылатыны және оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны

      расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр орны (мөр болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20 ____ жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады