"Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 775 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12901 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6402 болып енгізілді) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 217-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаның ТЭН-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына қағаз және электрондық жеткізгіште мыналарды:
      1) егер жоба бойынша құрылыс (құрылыс-монтаж) жұмыстарын жүргізу болжанған жағдайда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі – Заңды тұлға), жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын;
      2) тиісті саланың уәкілетті органы сараптамасының қорытындысын;
      7) инвестициялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізу алдындағы соңғы үш жылдағы қарыз алушының мөр қойылған және бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қойған қаржылық есептілігін (жеке және жинақталған), сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаларды қоса берумен, ұсынылады. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті болып есептелетін қарыз алушылар үшін аудиттелген қаржылық есептілік пен соңғы үш жылда жасалған аудиторлық есептер ұсынылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жоба паспортында жоба туралы қысқаша ақпарат ашылады. Жобаның паспорты мынадай ақпаратты қамтиды:
      инвестициялық жобаның ТЭН-іне тапсырыс беруші-қарыз алушының (инвестициялық жобаның өтініш берушісінің) атауы;
      инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеушінің атауы;
      жобаның атауы;
      жобаны іске асыру орны;
      жобаның мақсаттары мен міндеттері, оның ішінде сандық мәнде;
      жобаның ауқымы;
      жобаның қуаттылығы;
      жобаны іске асыру кезеңі:
      объектіні салу кезеңі;
      объектінің пайдаланылу кезеңі;
      инвестициялық жобаның ТЭН-і шеңберіндегі есептеулер үшін қабылданған, жобаның ұлттық валютадағы және шетелдік валютадағы жоспарланған жалпы құны, оның ішінде:
      инвестициялық шығасылар;
      пайдалану шығасылары;
      өзге де шығасылар;
      жобаны қаржыландырудың болжамды көздері;
      жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Қаржылық бөлімде Мемлекеттік кепілдік беру негіздемесі есептеулерінде ұсынылатын коэффициенттер тізбесіне сай осы бұйрыққа Қосымшаға сәйкес жобаны қаржыландырудың балама схемалары мен көздерін ескере отырып, қаржылық пайдалар мен шығындарды, жобаның іске асырылуына инфляцияның әсерін талдау, жобаның қаржылық тиімділігін бағалау келтіріледі, инвестициялық жобаның ТЭН-і шеңберінде қабылданған қаржылық шешімдер ашылады.
      Бұл бөлім мыналарды қамтиды:
      жалпы инвестициялық шығасылардың есебі;
      пайдалану шығасыларының есебі (өндірістік шығасылар, ұстауға арналған ағымдағы шығыстар);
      өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнының, тауарлардың өткізу бағаларының (көрсетілетін қызметтер тарифтерінің) есебі;
      сатудан түсетін кірістердің есебі;
      ақша қаражаттары ағынының есебі;
      бөлінбеген пайда мен таза пайда есебі;
      инфляцияны, валюта бағамын есепке алу, дисконт нормасын және тәуекел түзетулерінің анықтамасы;
      ең аз шығындарды талдау;
      ең көп пайданы талдау;
      дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде таза келтірілген құнның есебін (Net Present Value - NPV), кірістіліктің ішкі нормасын (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайдалар мен шығындардың, дисконтталатын ақталу мерзімінің қатынасын талдау;
      жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
      пайдалану шығыстарын мұндай шығыстарды кім және қашан қаржыландыратынын айқындай отырып, қаржыландыру көздері;
      қарыз алушының қаржылық жағдайын, оның ішінде қарыз алушының қаржылық есептілігін көлденеңнен және тігінен талдау, сондай-ақ, осы Талаптарға қосымшаға сәйкес қарыз алушының коэффициенттік талдауы;
      жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шекарасын есептеу.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Инвестициялық жоба сараптамасы инвестициялық жобаның ұсынылған ТЭН-інің, қарыз алушының инвестициялық жобаның ТЭН-ін енгізу алдындағы соңғы үш жылдағы қаржылық есептілігінің және жобаның ерекшелігіне байланысты инвестициялық жобаның ТЭН-іне жүргізілуі қажетті тиісті оң сараптамалардың, атап айтқанда:
      1) егер жоба бойынша құрылыс (құрылыс-монтаж) жұмыстарын жүргізу болжанған болса, Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген Заңды тұлға жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптаманың;
      2) тиісті саланың уәкілетті органын сараптамасының негізінде жүргізіледі.»;
      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы               М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы   
міндетін атқарушының    
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 775 бұйрығына қосымша  

Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін
әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті
сараптамалар жүргізуге қойылатын     
талаптарға қосымша             

Мемлекеттік кепілдік беру негіздемесі есептеулерінде ұсынылатын
коэффициенттер тізбесі

       1. Қарыз алушының қаржылық есептілігін осындай коэффициенттердің нормативтік мәндеріне және олардың серпіндегі өзгерістеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтау көмегімен зерделеу коэффициенттік талдауды білдіреді.
       Коэффициенттік талдау жүргізу үшін қарыз алушының қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан алынатын деректер қабылданады.
      2. Өтімділік коэффициенттері – қарыз алушының қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтер есебінен ағымдағы берешегін өтеу қабілетін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте қарыз алушының ағымдағы берешектерінің шамасын және оның осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуге тиіс айналымдағы қаражатына салыстыру жүргізіледі.
      3. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (current ratio, CR) қарыз алушының қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерді орындай алатын ағымдағы қабілетін сипаттайды. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:
      CA – ағымдағы активтер;
      CL – ағымдағы міндеттемелер.
      Ұсынылып отырған CR мәні: 1 – 2. (қаржы ұйымдарынан басқа) <1 мәні төлем қабілетін жоғалту ықтималдығын, >4 мәні – қарыз қаражатын пайдалану белсенділігінің жеткіліксіздігін және оның салдары ретінде меншікті капитал рентабельділігінің аз мәнін айғақтайды.
      4. Меншікті қаражатпен қамтамасыз етілу коэффициенті (Own Funds Ratio, OFR) оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті қарыз алушының айналымдағы меншікті қаражатының бар екенін сипаттайды. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      

      мұндағы:
      ЕС – меншікті капитал;
      FА – айналымнан тыс активтер;
      СА – ағымдағы активтер.
      Ұсынылып отырған OFR мәні: >0,1 (қаржы ұйымдарынан басқа). Егер есепті кезеңнің соңындағы коэффициенттің мәні <0,1 болса, қаржылық емес қарыз алушы балансының құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал қарыз алушының төлемге қабілетсіз деп танылады.
      5. Рентабельділік коэффициенттері – қаражатты қарыз алушыға салудың жалпы тиімділігін бағалауға арналған және шығындардан болатын қайтарымдылық деңгейі мен қаражатты пайдалану дәрежесін сипаттайды.
      6. Активтердің рентабельділік коэффициенті (return on assets, ROA) қарыз алушының активтеріне жұмсалған әрбір теңгеге қанша таза пайда келгенін айғақтайды. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:
      NI – таза пайда;
      TA – активтердің орташа жылдық сомасы.
      Ұсынылып отырған ROA мәні: көрсеткіштің өсіп келе жатқан мәні (серпінінде) қарыз алушы активтерінің пайда туындату қабілетін айғақтайды.
      7. Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (return on equity, ROE) өз капиталының бірлігінен қарыз алушының қанша таза пайда алатынын көрсетеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      
      мұндағы:
      NI – таза пайда;
      EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы.
      Ұсынылып отырған ROE мәні: саласына қарай әртүрлі, сонымен қатар, коэффициент мәнінің жоғарылығы оң бағаланады, өйткені капиталға авансталған әрбір теңгеге келетін таза пайданы айғақтайды.
      8. Қарыз капиталының рентабельділік коэффициенті, қаржылық тетіктің әсері (degree of financial leverage, DFL) қарыз капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:
      ROAEBIT– EBIT бойынша активтердің рентабельділігі;
      WACLP – қарыз капиталының орташа өлшемделген бағасы (кредит үшін пайыздар мөлшерлемесінің орташа мөлшері);
      TRP – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;
      LC – қарыз капиталының орташа сомасы;
      EC – меншікті капиталдың орташа сомасы.
      Ұсынылып отырған DFL мәні: DFL мәні жоғары болған сайын, қарыз капиталына тиесілі пайда да арта береді деп пайымдалады.
      9. Инвестициялар рентабельділігі коэффициенті (return on investment, ROI) жобаға жұмсалған ақша қаражатының сомасына қайтарымдылықты көрсетеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:
      NI – таза пайда;
      IC - инвестицияланған капитал;
      EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы;
      LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
      Ұсынылып отырған ROI мәні: коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, инвестициялар неғұрлым тиімдірек пайдаланылады.
      10. Төлем қабілеттілігінің (ұзақ мерзімді перспективадағы қаржылық орнықтылық) коэффициенттері қарыз алушының қаржы ресурстарының жағдайын және олардың жол берілетін тәуекел деңгейі жағдайында төлем қабілеттілігі сақталған кезде оның іскерлік белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету қабілетін сипаттайды.
      11. Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті (equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, кәсіпорын қаржылық жағынан неғұрлым орнықты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      

      мұндағы:
      EC – меншікті капитал;
      TA – активтер сомасы.
      Ұсынылып отырған EtTA мән: бұл көрсеткіш үшін нормативтік мән 0,6-ге тең (қаржы ұйымдарынан басқа).
      12. Қаржылық левередж коэффициенті (debt ratio, DR) кәсіпорынның қаржылық тәуекеліне тікелей пропорционалды және кәсіпорынның активтерін қаржыландыру көздеріндегі қарыз қаражатының үлесін көрсетеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      

      мұндағы:
      LC – қарыз капиталы;
      EC – меншікті капитал.
      Ұсынылып отырған DR мәні: диапазонда: 0,5 - 0,8 (қаржы ұйымдарынан басқа).
      13. Кредиттердің пайдамен қамтамасыз етілу коэффициенті (percentage of loans profit, PLP) кәсіпорынның кредиттер бойынша борыштарды өтеу мүмкіндігін бағалау үшін қолданылады. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      

      мұндағы:
      EBIT – салықтар мен пайыздар төленгенге дейінгі пайда;
      A – амортизация;
      CL – қысқа мерзімді міндеттемелер;
      LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер.
      Ұсынылып отырған PLP мәні: көрсеткіштің өсіп келе жатқан мәні (серпінінде) кредит төлеу қабілетімен байланысты жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.
      14. Пайыздарды жабу коэффициенті (times interest earned, TIE) ол пайыздар төлеміне қызмет көрсете алатын кәсіпорынның операциялық пайдасын төмендетудің ықтимал дәрежесін көрсетеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      
      EBIT – салықтар мен пайыздар төленгенге дейінгі пайда;
      PP – төленетін пайыздар.
      Ұсынылып отырған мәні: >1 (қаржы ұйымдарынан басқа).
      15. Қайтарымдылық коэффициенттері тартылған ресурстарды пайдалану қарқындылығын көрсетеді.
      16. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (receivables turnover, RT) бір кезеңнің ішінде дебиторлық берешектің орташа есеппен неше рет ақша қаражатына айналғандығын көрсетеді. Ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      

      NS – өнімді сатудан түскен пайда;
      AR – дебиторлық берешектің орташа жылдық құны.
      Ұсынылып отырған мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Коэффициенттің төмен мәні дебиторлардан қаражатты өндіріп алудың күрделі екенін, тиісінше қарыз алушының айналым капиталына қажеттілігінің артатынын айғақтайды. Бұл көрсеткіштің мәндерін трендінде қараған маңызды.
      17. Кредиторлық берешектің қайтарымдылығы коэффициенті (payables turnover, PT)
      
      NS – өнімді сатудан түсетін пайда;
      AP – кредиторлық берешектің орташа жылдық құны.
      Ұсынылып отырған мән: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Көрсеткіш мәнінің төмендігі бір жағынан кредиторларға ақы төлеу проблемаларын, екінші жағынан кредиторлармен тиімді түрде жолға қойылған қатынастарды айғақтауы мүмкін. Бірінші себепті нұсқаны болдырмау мақсатында коэффициенттің мәнін серпінінде талдау қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады