Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты) Басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 6001-15-7-6/533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 ақпанда № 13050 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Басшы                                             І. Испанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 30 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Жоғарғы    
Сотының жанындағы Соттардың қызметін 
қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 6001-15-7-6/533 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының заттай нормалары

№ р/р

Арнайы жеңіл автомобильдерді пайдалану

Функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

жеңіл автомобильдер базасында

Жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде

1

2

3

4

5


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

1

Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімше

Жүктелген функциялары мен міндеттерін тиісті орындау үшін

Бір көлік құралы*

-

2

Инфрақұрылымдық жабдықтау жөніндегі бөлімше

Бір көлік құралы*

-

3

Орталық аппараттың көліктік қызметі

-

Орта немесе шағын сыныпты үш жолаушы автобусы**

-

Шағын тонналы бір жүк автомобилі*

1

2

3

4

5


Сот жүйесінің аумақтық органдары

1

Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар аудандық және оларға теңестiрілген соттар, бір және екі құрамды соттарды қоспағанда

Көшпелi соттарға шығу үшiн

Бір көлік құралы*

-


Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері

1

Аумақтық органның басшысы

Жергілікті соттарды қамтамасыз ету бойынша жүктелген функциялары мен міндеттерін тиісті орындау үшін

Бір көлік құралы**

-

2

Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімше

Бір көлік құралы**

-

3

Инфрақұрылымдық жабдықтау жөніндегі бөлімше

Бір көлік құралы**

-

4

Аумақтық органның көліктік қызметі

-

Бір көлік құралы**

Ескертпе:
* - бір автомобильдің бір айдағы жүру лимиті 2000 км.;
** - бір автомобильдің бір айдағы жүру лимиті 2600 км.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады