"Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 03-07 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 11 наурызда № 887 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 06-31 шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 06-31 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 03-11 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 808 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырдағы № 51 (3108) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 13 мамырдағы № 50 (3126) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымша мынадай сөздермен және сандармен толықтырылсын:
      «№ 255 сайлау учаскесі (орталығы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының № 5573 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі, Үркер тұрғын алабы, Е-575 (жобалық атауы) көше).»;
      жоғарыда көрсетілген шешімге 3-қосымшада:
      «№ 184 сайлау учаскесі» деген жолдағы «Сарыарқа даңғылы, № 30а» деген сөздер мен сандар «Бейбітшілік көшесі, № 58» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
      «№ 185 сайлау учаскесі (№ 5570 әскери бөлімі, Бейбітшілік көшесі, № 59)» деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.
      2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

      Келісілді:
      Астана қаласы қалалық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      ______________ И. Жалбиров
      2015 жылғы 4 наурызда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады