"Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 108-1726 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 22 қазанда № 954 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17 бабының 7 тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әдлет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 108-1726 қаулысымен
бекітілді

"Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сонджай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      15. Міндеттері:

      1) Астана қаласының автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      16. Функциялары:

      1) Астана қаласының көшелері мен автомобиль жолдарының желісін басқару;

      2) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

      3) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;

      4) гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру;

      5) реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      7) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттерi:

      1) Басқарма қызметімен аралас мәселелер бойынша республикалық және жергілікті органдар әзірлеген заңнамалық және басқа да нормативтік актілер жобалары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) Астана қаласының жол инфрақұрылымына қатысты мәселелер бөлігінде Астана қаласының басқа атқарушы органдары дайындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікке ие болу, пайдалану және жұмсауды жүзеге асыру;

      4) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан өз құзыреті шегінде ақпарат сұрату;

      5) құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      6) автомобиль жолдарын, көпірлер мен жолөткелдерді, жүру жолдарын, тротуарларды, алаңдар, жасанды орын-жайларды және өзге де Астана қаласы жол инфрақұрылымының объектілерін салу және қайта жаңарту келешегін анықтау;

      7) Астана қаласының жол инфрақұрылымы объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;

      8) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Астана қаласының көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қайта жаңарту мақсатында оларды мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен жер учаскелерін босату жөнінде талапкер ретінде қатысу;

      9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттілігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті құқықтық актілер шығарады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады