Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 30 қарашада № 974 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабы 26) тармақшасына, "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 42-1 бабына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Сулейменов Еділ Нұрланұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Рахатұлы Әлиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ә.Жақсыбеков

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қазандағы
№ 108-1875 қаулысымен
бекітілген

Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 24.06.2024 № 503-2126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында орынтұрақ қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаттарын белгілейді, сондай-ақ астананың жергілікті атқарушы органының орынтұрақ қызметі саласындағы өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың талаптарында:

      1) Астана қаласының көше-жол желісіне жүктемені азайту және көшелердің өткізу қабілетін арттыру;

      2) орынтұрақ кеңістігі нысандарында тәртіптің қамтамасыз етілуі;

      3) халықтың арнайы топтарына арналған орынтұрақ орындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аялдау - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;

      2) диспетчер – құзыретіне "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің Әкімшілік полиция басқармасында әкімшілік бұзушылықтардың анықталған фактілеріне қатысты жедел ақпарат беру кіретін уәкілетті орган айқындаған тұлға;

      3) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орын (паркинг) - астана аумағында орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және көлік құралдарының тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған, астананың жергілікті атқарушы органы айқындаған, автомобиль жолының бөлігі болып табылатын және жүру бөлігімен және (немесе) тротуармен, жол жиекпен, эстакадамен немесе көпірмен шектесетін немесе эстакада астындағы және (немесе) көпір астындағы кеңістіктердің, алаңдардың және көше-жол желісінің өзге де нысандарының, сондай-ақ астананың жергілікті атқарушы органының коммуналдық меншігіндегі тұрған және әкімшілік ғимараттары аумақтарының бөлігі болып табылатын орындар;

      4) көлік құралының иесі - көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалдау құқығы, көлік тиісті органның осы адамға көлік құралын беру туралы өкімі) иеленетін адам. Өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына орай, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде немесе мәмілені жазбаша нысанда ресімдеместен, олардың ерік білдіруі негізінде көлік құралын басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды;

      5) көлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы;

      6) орынтұрақ сессиясы - көлік құралын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қоюдың (оны пайдаланудың) уақыт кезеңі, көлік құралының коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орында (паркингте) тұрған сәті оның басталуы болып есептеледі және көлік құралының коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орыннан (паркингтен) алынуы оның аяқталуы болып есептеледі;

      7) пайдаланушы - көлік құралын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қоятын жүргізуші, сондай-ақ өзге адам;

      8) пайдаланушы ұйым – автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;

      9) паркоматтар - орынтұрақ үшін ақы алуға және тұру уақытын есептеуге арналған арнайы сертификатталған құрылғылар;

      10) тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін бес минутқа дейін не, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, одан да көбірек уақытқа әдейі тоқтату;

      11) уәкілетті орган - астананың жергілікті атқарушы органы;

      12) халықтың арнайы топтары – көлік құралын коммуналдық ақылы автотұрақтарда (паркингтерде) тегін орналастыруға құқығы бар уәкілетті орган айқындаған адамдар санаты ("Алтын қыран" және "Халық қаһарманы" ордендерімен наградталған адамдар, мүгедектігі бар балалар және бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар және оларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана", "Ана даңқы" I, II және III дәрежелі ордендерін алған көп балалы аналар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар, әскери қызметтен босатылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстан Демократиялық Республикасында (бұдан әрі – Ауғанстан) және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтар).

2-тарау. Уәкілетті органның өкілеттіктері

      4. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

      1) автомобиль орынтұрағы орындарының қолжетімділігі және коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағына (паркингке) сұранысты реттеу мақсатында коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрақтарының (паркингтердің) жұмыс режимін реттеуді;

      2) астанада мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілген жағдайда коммуналдық ақылы автомобиль тұрақтарының жұмысын уақытша тоқтата тұруды жүзеге асырады;

      3) базалық тарифті бекіте отырып, коммуналдық ақылы автомобиль орынтұрағының (паркингтің) орындарын айқындауды;

      4) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану тиімділігін талдауды;

      5) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумақтарында орындарды пайдалану жөніндегі үйлестіруді;

      6) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) уақтылы жөндеуді - жолақтарды жаңартуды, бұзылған белгілерді ауыстыруды, орынтұрақтың бөлігі болып табылатын жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді;

      7) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағын жинауды;

      8) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағында Қағидалар талаптарының орындалуына мониторингті және бақылауды;

      9) Қағидаларды қолдану бойынша түсіндіру жұмысын;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      11) саll-орталықты пайдалану арқылы орынтұрақ қызметтерін көрсету сапасын жақсартуды.

3-тарау. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану

      5. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарды (паркингтерді) пайдалану өрт, санитариялық құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына қатаң сәйкестікте орындалады.

      6. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) мынадай ақпарат:

      1) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) түрі;

      2) нақты аймаққа қолданылатын тариф, төлеу тәртібі;

      3) орынтұраққа төлеу әдістерінің тізбесі;

      4) саll-орталықтың телефоны қамтылуға тиіс.

      7. Коммуналдық ақылы автотұрақтардың (паркингтердің) жұмыс режимі 8 сағат 00 минуттан 20 сағат 00 минутқа дейін белгіленген.

      8. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) пайдаланылатын жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары:

      1) ақы алу нысандары;

      2) пайдаланушы ұйымның бұзушылықтарын фото, бейне тіркеудің мобильдік кешендері, пайдаланушы ұйымның көлік құралына тіркелген бұзушылықтарының фото, бейне тіркеудің мобильдік кешендері;

      3) стационарлық және мобильдік нысандар.

      9. Бұзушылықтарды фото, бейне тіркеудің мобильдік және стационарлық кешендерінен басқа, коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) орнатылған жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдары, жұмыс істеуге арналған стационарлық және мобильдік нысандар, оның ішінде ақы алу нысандары, бейнебақылау нысандары орынтұрақтың бөлігі болып табылады.

      10. Үшінші тұлғалардың коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орында (паркингте) көлік құралдарын айдай әкетуінің және/немесе оларға келтірген залалдың тәуекелдерін көлік құралдарының иелері, коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) меншік иелерінің кінәсі бойынша келтірілген залал жағдайларын қоспағанда, дербес көтереді.

4-тарау. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағында төлем жүргізу және көлік құралдарын қою тәртібі

      11. Көлік құралдарын коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарына (паркингтерге) қою уәкілетті органның шешімі бойынша ақылы болып табылады. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) аумағына растау құжаттары (рұқсат) болған кезде мынадай көлік құралдарын тегін қоюға болады:

      1) "Алтын қыран" және "Халық қаһарманы" ордендерімен наградталған адамдарға тіркелген көлік құралдары;

      2) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тіркелген көлік құралдары;

      3) көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған әскери қызметтен шығарылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстанда, ұрыс қимылдары болған басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтарға тіркелген көлік құралдары;

      4) мүгедектігі бар балаларға және бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдарға тіркелген көлік құралдары, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары;

      5) Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға тіркелген көлік құралдары;

      6) тиісті анықтау белгілері, түрлі-түсті графикалық бояулары мен жазбалары бар төтенше жедел қызметтерінің (жедел медициналық көмектің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің) көлік құралдары;

      7) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға тіркелген көлік құралдары.

      12. Жеке көлік құралын коммуналдық ақылы автотұрақтарда (паркингтерде) тегін орналастыру үшін халықтың арнайы топтарына жататын адамдарға пайдаланушы ұйымның интернет-ресурсы арқылы растайтын құжаттарды жіберу арқылы пайдаланушы ұйымға хабарлау қажет.

      13. Автотұрақты (паркингті) пайдаланушы ұйым көлік құралдарының жүргізушілеріне ағымдағы күннің 23 сағат 59 минутына дейін тұрақты жүзеге асыру фактісі бойынша пайдаланушы ұйым айқындаған және оның ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен ақы төлеуге мүмкіндік беруге құқылы.

      14. Коммуналдық ақылы автотұрақта (паркингте) ақы төлеу тиісті тұрақ аймағында белгіленген электрондық терминал арқылы не пайдаланушы ұйым айқындаған және ақпараттық тақтада (тақтайшада) немесе пайдаланушы ұйымның ақпараттық ресурстарында көрсетілген өзге де тәсілмен жүзеге асырылады.

      15. Пайдаланушы көлік құралын коммуналдық ақылы автотұрақтан (паркингтен) тұрақ сессиясының ақылы уақыты өткеннен кейін 10 (он) минут ішінде алып тастауы не көлік құралын коммуналдық ақылы автотұраққа (паркингке) орналастырғаны үшін ақы төлеуі қажет.

      16. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағындағы мына бұзушылықтар:

      1) аумақты ластау, оның ішінде қалдықтарды лақтыру және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер;

      2) басып озу;

      3) габариттері (салмағы және/немесе биіктігі және/немесе ұзындығы) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) орынтұрақ орындарының мөлшерлерінен асатын көлік құралдарын қою;

      4) жол белгілерінде немесе таңбаларында жазылған талаптарды сақтамау;

      5) жол таңбаларының және жол белгілерінің бетін бүлдіру;

      6) жөндеу жұмыстарының жүргізілуін көрсететін жол таңбаларынан/жол белгілерінен тыс тоқтап тұру;

      7) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) аумағында көлік құралдарының жүрісі үшін кедергі келтіретіндей тоқтап тұру немесе аялдау және жүру;

      8) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) аумағын толассыз жүру үшін пайдалану;

      9) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындардың (паркингтердің) жұмысы уәкілетті органның шешімі бойынша уақытша тоқтатылған жағдайларда тоқтап тұру немесе аялдау;

      10) коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) жабдығын бүлдіру;

      11) көлік құралдарын тротуарда, жиекте тоқтатып тұру немесе аялдау;

      12) көлік құралын оқылмайтын, бейстандарттық немесе мемлекеттік стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған мемлекеттік тіркеу белгісімен, сол сияқты көлік құралының сол үшін көзделген орындарында орнатылмаған мемлекеттік тіркеу белгілерімен, сондай-ақ сәйкестендірілуіне кедергі келтіретін немесе оны қиындататын материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу белгілерімен қою;

      13) көлік құралын орынтұрақ орындарынан тыс жерде 5 (бес) минуттан астам уақыт қою;

      14) орынтұраққа ақы төлеуден жалтару;

      15) пайдаланушының жеңілдікті тоқтап тұру құқығын растайтын құжатсыз не қолданыс мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен немесе адам, осы көлік құралының иесі болып табылмаған кезде тоқтап тұру;

      16) растайтын рұқсатты ұсынбай не қолданылу мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен немесе оның иесі осы көлік құралының иеленушісі болып табылмаған кезде мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарының тоқтап тұруына немесе аялдауына арналған жерлерде көлік құралдарын тоқтатып тұруы немесе аялдауы;

      17) растайтын рұқсатты ұсынбау не қолданылу мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен такси қызметтерінің тоқтап тұруына немесе аялдауына арналған жерлерде көлік құралдарын тоқтатып тұру немесе аялдау;

      18) темекі, алкоголь және есірткі өнімін пайдалану осы Қағидалардың талаптарын орындамау болып есептеледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады