РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/17 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жер қатынастары саласындағы қызметтерді Ақмола облысының аумағында басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
4. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіріседі.
5. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кірісуге құқылы, егер ол осыған заңнамаға сәйкес өкілетті болған жағдайда.
6. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89.
9. Мемлекеттік органның толық атауы "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты осы Ереже болып табылады.
11. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджетінен жүзеге асырылады.
12. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге "Ақмола облысының жерді пайдалануды бақылау және қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне тыйым салынады.
2. Мемлекетті органның миссиясы, негізгі мәселелері, қызметтері, құқықтары
және міндеттері
13. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатының дамуын жүзеге асырады.14. Міндеттері:
1) Ақмола облысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша ұтымды және тиімді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының жер қатынастары саласындағы заңдарының бұзылуын анықтау және жою.
15. Функциялары:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
3) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
4) Қазақстан Республикасы Жер Кодексінде көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
5) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
6) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.
7) келесідей мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады:
мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
межелiк белгiлердiң сақталуына;
жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
5) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
6) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
7) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
8) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
9) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар;
10) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
11) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысымен "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылығы жүзеге асырылады.18. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы облыстың жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
19. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің басшысы облыс әкімімен лауазымына тағайындалады және лауазымынан босатылады.
20. Басшының өкілеттігі:
орынбасарының, бөлім басшыларының және "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
"Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру және оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешеді;
"Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
"Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің, штат саны лимитінің шеңберінде құрылымды, штаттық кестені, қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелерде, басқа ұйымдарда "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің өкілі болады;
өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және оны дербес жауапкершілігіне алады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды және мемлекеттік мекемелерде, басқа ұйымдарда оның өкілі болады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
"Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндеттерін орындайтын тұлғамен жүзеге асырылады.
21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының, лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Заңнамамен көзделген жайдайларда "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекеменің бекітілген мүлкі облыстық коммуналдық мүлігіне жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.