"Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № А-7/359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № А-7/286 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 4878 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № А-7/359 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4347 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылы 4 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі C.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ А-7/286
қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 12 тамыздағы № А-7/359
қаулысымен бекітілді

"Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасын көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 11а.
      10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіннің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      13. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттемелерi

      14. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.
      15. Мiндеттерi:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
      2) спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) дене шынықтыру-спорттық ұйымдар үшін мамандардың дайындығын ұйымдастыру және реттеу, олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ мамандарды ұтымды пайдалану, спорттық қозғалысты насихаттау.
      16. Функциялары:
      1) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
      2) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
      3) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзу;
      4) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз ету;
      5) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
      6) облыс аумағында спорттық іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін үйлестіру;
      7) облыс аумағында дене шынықтыру спорт ұйымдарын қызметін үйлестіру;
      8) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолдануды;
      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етуді;
      10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсыну;
      11) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;
      12) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру;
      13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келісу;
      14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекіту;
      15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлеу;
      17) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;
      18) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру;
      19) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      облыстық басқармалар мен ведомстволардан, жергілікті атқарушы органдардан, меншік түріне тәуелсіз ұйымдар мен кәсіпорындардан ақпараттар, мәліметтер сұрау және алу;
      дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамытуға бағытталған бұқаралық-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау;
      кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, конференциялар, семинарлар, оқытудың және дене шынықтыру және спорт жөніндегі мамандармен тәжірибе алмасудың басқа да түрлерін ұйымдастыру;
      әкімдіктің, облыс, аудан активтерінің, комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарына, облыстың мемлекеттік органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен, мамандарымен, жетекші жаттықтырушыларымен және спортшыларымен шарт жасау;
      белгіленген тәртіпте дене шынықтыру және спорттық ұйымдардың үздік қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру, оларды медальдармен, белгілермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау бойынша ұсыныстар енгізу;
      республиканың сыртына шығатын спортшыларға, спорттық ресми делегацияларға осы мәселелерге басшылық етуші ведомстволармен келісіп, іссапарға шығу құжаттарын рәсімдеу.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.
      18. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органының келісімі бойынша Ақмола облысының әкімінің өкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшының өкiлеттiгi:
      1) "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшылық етеді.
      2) Заңға сәйкес "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларын, ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемені өкілдік етеді;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік атқарады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіліктерін анықтайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      22. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      23. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Ақмола облысының
дене шынықтыру
және спорт басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге қосымша

Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік ұйымдарының тiзбесі:

      1. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 1 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "№ 2 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы № 3 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Триатлоннан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық олимпиада резервін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жоғары спорттық шеберлік мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған Атбасар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған Бұланды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған Жақсы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған Зеренді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мамандандырылған Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Щучье балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мерген" мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бурабай" спорт сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      19. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың ойын түрлерінен спорт клубы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      20. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оқжетпес" балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      21. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оқжетпес" футбол клубы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      22. "Арлан" кәсіби хоккей клубы жауапкершілігі шектеулі серіктестегі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады