Ақмола облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № А-7/314 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда № 4931 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 5-тармағындағы 6-2) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Н.Нұрмолдинға жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 шілдедегі
№ А-7/314 қаулысымен 
бекітілген       

Ақмола облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары

Сұйытылған мұнай газының сипаттамасы

Өлшеу бірлігі

Килограммда бірайлық тұтыну нормасы

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда

айына 1 адамға

6,9

2

Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған жағдайда (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда)

айына 1 адамға

16,9

3

Пәтерде газ плитасы болғанда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газбен су қыздырғыш болмаған жағдайда

айына 1 адамға

10,5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады