Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің және Волгодонов ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/481 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қарашада № 5065 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, «Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округі және Волгодонов ауылдық округінің шекарасына өзгеріс енгізу бойынша ұсынысты енгізу туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № А-319 қаулысы және Аршалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 тамыздағы № А-44/6 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жерлердің экспликациясы бойынша жалпы көлемі 196,27 гектар Жібек жолы ауылдық округінен Волгодонов ауылдық округіне беру арқылы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің және Волгодонов ауылдық округінің шекаралары осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
      2. Аршалы ауданының әкімдігі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
      3. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрайымы                                   Е.Мащинская

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Д.Нұрмолдин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қазандағы 
№ А-10/481 қаулысына және
Ақмола облыстық мәслихатының
2015 жылғы 21 қазандағы 
№ 5С-42-4 шешіміне    
қосымша        

Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округінің шекарасына қосылатын Жібек жолы ауылдық округі жерлерінің экспликациясы

Жерлердің атауы

Жайылым

Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлердің алаңы

196,27 гектар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады