Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қарашада № 5075 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466
қаулысына қосымша

Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 28.03.2016 № А-5/133 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/б
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады