"Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № А-2/49 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 4693 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/123 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № А-4/123 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов

  Ақкөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ А-2/49 қаулысымен
бекітілген

"Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Ақкөл ауданы әкімдігінің жанындағы "Ақкөл Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын түседі.
      6. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері - 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 81.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағында адамдар мен жануарларға ортақ аурудан тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ветеринария саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. Функциялары:
      1) "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асыру және оларды уәкілетті органға табыс ету;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастыру;
      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      2. ведомствоның функциялары:
      малдарда болатын аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық шараларды өткізу;
      ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіруді өткізу;
      ауыл шаруашылық малдарын жасанды ұрықтандыру бойынша қызметтерді көрсету;
      малдарда болатын аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (қаражатты), атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерді көрсету;
      Ақкөл ауданының жергілікті атқарушы органдармен салынған мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) және сою алаңдарын (ауыл шаруашылық малдарын сою бойынша алаңдарды) ұстау;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      ветеринариялық анықтама беру;
      ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу және одан үзінді көшірмені беру;
      санитарлық түрде сою үшін ауру малдарды тасымалдау бойынша қызметтерді көрсетеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      облыстың жергілікті атқарушы органына аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысын Ақкөл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттілігі:
      "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
      "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңнамаларға сәйкес тәртіптік жаза қолданады;
      "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан барлық мемлекеттік мекемелерде және де басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және осыған жауапты болып табылады;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай–ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақкөл ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Ақкөл ауданының әкімдігі жанындағы "Ақкөл Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

7. "Ақкөл ауданының ветеринарлық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      Азат аулының ветеринарлық пункті;
      Еңбек ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Жалғызқарғай ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Кеңес селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Қарасай ауылдық округінің ветеринарлық пункті;
      Наумовка селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Новорыбинка селолық округінің ветеринарлық пункті;
      Урюпинка селолық округінің ветеринарлық пункті;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады