Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № С 44-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4707 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 01.07.2015 № С 48-9 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 - бабының, 8 - тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерлері мен Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       А.Мананбаева

      Ақкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі                      Т.Қ.Едігенов
      25 ақпан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады