РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсынылып отырған, Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |
Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілде № 173 қаулысымен БЕКІТІЛДІ |
Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер
1. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға өкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50.
9. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде - Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел экономики и финансов" Астраханского района.
10. Осы Ереже Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: - аудан аумағында экономикалық саясат, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, құру және жүзеге асыру.14. Міндеттері:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен саясаттың басымдығын қалыптастыру;
2) бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
3) аудан бюджетін атқару барысын үйлестіруді ұйымдастыру;
4) аудандық коммуналдық мүлікті басқару.
15. Функциялары:
1) бюджетті атқару саласындағы функцияларды жүзеге асыру, аудан бюджетін атқару бойынша бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік есепке алу және бюджеттік есеп беруді жүргізу;
2) аудан бюджетінің шығыс бөлігін атқару туралы аналитикалық есеп беруді құру;
3) бюджеттік несиелерге қызмет көрсету, игеру, мониторингін және есебін жүргізу;
4) бюджеттік бағдарлама әкімгерлері ұсынатын мемлекеттік сатып алулар мен есеп беру үдерісінің мониторингін жүзеге асыру;
5) уәкілетті органға жоғарғы бюджеттің атқарылуы бойынша келесі қаржылық жылдың кірістерінің болжамды көлемін және түсімдердің жиынтық жоспарының алдын-ала айлық бөлу жобасын ұсыну (ерекшеліктердің деңгейіне дейін);
6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыруды және түсімдердің жиынтық жоспарын құру, бекіту және жүргізу;
7) аймақтық қазынашылық бөлімшесіне төлемдер бойынша қаржыландыру және түсімдердің жиынтық жоспарына өзгеріс енгізу міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары туралы анықтаманы ұсыну;
8) хаттамаларды қарау және кезек күттірмейтін шығындарға ауданның жергілікті атқарушы органының резервінен қаражаттарды бөлу бойынша қорытынды беру;
9) төтенше жағдайлардың зардабын жою бойынша жергілікті атқарушы органның резервінен бюджеттік қаражаттарды бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулы жобасын дайындау және хаттамаларды қарау;
10) жоғарғы тұрған бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды уақытында қайтаруды жүзеге асыру;
11) кірістердің әкімшілік ететін кодтары бойынша түсімдердің уақытылы аударымын және толықтығын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды жүргізу;
12) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына ай сайынғы негізде түсімдердің нақты есебімен және артық (қате) төленген салық сомаларын қайтаруымен (есепетеу) трансферттерді аудару;
13) жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен несиелерді, аудандық бюджеттің бюджеттік қаражаттарын игеруі және түсімдер бойынша бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
14) аймақтық қазынашылық бөлімшесіне түсімдер жоспары үшін қолдағы ақшаның бақылау шоттарын ашуға және ақшаларды уақытша орналастыру, қайырымдылық көмек, демеушілік, тауарларды (жұмыс, қызмет) мемлекеттік мекемелермен жүзеге асырудан түскен ақша шығындарына өтініштерді ұсыну;
15) ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органына және әкімдікке қосымшасымен бірге есептік қаржылық жылға аудандық бюджетті атқару бойынша жылдық есеп беруді ұсыну;
16) заңды тұлғалардың жарғы капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жергілік бюджеттік қаржы салулардың жүзеге асыруын бағалау және мониторингін жүзеге асыру;
17) өз құзыретінің шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативті құқықтық актілер жобаларын дайындау;
18) аудандық коммуналдық меншікті басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
19) өзінің құзыреті шегінде аудандық мемлекеттік коммуналдық заңды тұлғаларға тіркелген негізгі құраларды қабылдау-тапсыру және есептен шығу мәселесін келісу;
20) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлігін есепке алуды ұйымдастыру;
21) жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлікті сатуды ұйымдастыру, сонымен қатар жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдал тарту бойынша шаралар жүргізу, жекешелендіру объектілерінің сатып алу – сату шарттарын дайындауды мен жасауды жүзеге асру және сатып алу – сату шартының сақталуын бақылау;
22) арнайы негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналған мүлікті алдағы қолдану, бағалу, сақтау және есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету, аукционның ұйымдастырушысын жұмылдыру және сатып алу-сату шартын құру;
23) аудандық коммуналдық мүлікті кейінгі сатып алу құқығымен немесе кейінгі сатып алу құқығынсыз мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға сенімгерлік басқаруға мүліктік жалға алуға (мемлекеттік тұрғын-үй қорының нысандарынан басқа) (жалға беруге) ұсыну;
24) мемлекеттік заңды тұлғаларға ақысыз қолдануға аудандық коммуналдық мүлікті ұсыну;
25) аудандық коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша сенімді басқару міндетттерін орындауға бақылауды жүзеге асыру;
26) аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының қаржылық – шаруашылық қызметінің (дамыту) жоспарларын орындауына талдау жүргізу;
27) мемлекеттік заңды тұлғаларға тіркелу (қайта тіркелу) кезіңде әділет органдарына ұсыну үшін, сәйкес заңды тұлғалардың орналасқан жері туралы анықтамалар беру;
28) жоғарғы тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды және бюджеттік бағдарлама әкімгерлеріне бюджеттік бағдарламаны келісу;
29) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мониторингінің нәтижесі туралы есеп берулерді қарау;
30) ауданның бюджеттік комиссиясы жұмыс органының қызметін жүзеге асыру;
31) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының есебімен жоспарлы кезеңге арналған аудан бюджетін дайындау;
32) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының есебімен аудандық бюджетке түсімдерді болжау;
33) жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің шығыс лимиттерін, жаңа бастамаға арналған лимитін, бюджеттік қаражаттардың бастапқы шығын бағыттарын, бюджеттің дефицит мөлшерін анықтау;
34) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдерін, олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтардың даму бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы табиғи нормаларға сәйкестігін қарау;
35) бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламалары жобасының бюджеттік бағдарлама әкімгерлері қызметінің функцияларына, өкілеттілігіне, бағытына сәйкестігін, қарау;
36) бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобасы бойынша қорытынды жасау және оларды бюджеттік комиссияның қарауына жіберу;
37) ауданның бюджеттік жобасын құру және оны ауданның бюджеттік комиссиясының, ауданның жергілікті атқарушы органының қарауына ұсыну;
38) жергілікті атқарушы органның бекітілген (нақтыланған) бюджеттің көрсеткіштерін түзету, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қаулы жобасын дайындау;
39) "Бюджеттік қаражаттарды басқару" үшінші бағыты бойынща ауданның мемлекеттік ұйымдары қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
40) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындысын құру және қарау және оларды ауданның бюджеттік комиссия қарауына ұсыну;
41) сәйкес бюджеттің жобасына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу;
42) мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жоспарланған, бюджеттік инвестицияларды іріктеуді жүзеге асыру;
43) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының экономикалық талдауын жүзеге асыру;
44) аудан аймақтарының даму Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын және аудан аймақтарының даму Бағдарламасын дайындау;
45) ауданның даму Бағдарламасын жүзеге асыру мониторингін жүргізу;
47) "2020 дейін аймақтардың дамуы" Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үйлестіруін жүзеге асыру;
46) ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс жасауға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешеннің мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша ауданның комиссияның жұмыс органының жетелерін жүзеге асыру;
48) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
49) заңды және жеке тұлғалардың құқығын, еркіндіктерін және мүдделерін қорғау және жүзеге асыру мақсатында, олардың өтініштерін тіркеу есепке алу және қарау;
50) гендерлік саясаттың мәселелерін жүзеге асыруға қатысу;
51) мемлекеттік мекемеде құжаттандыру және құжаттарды басқару бойынша қызметті ұйымдастыру;
52) Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін іс-шаралар кешенін орындау үшін қажет, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден ақпарат сұрауға және жауап алуға және басқа да мәліметтер алуға;
2) құпиялылық, коммерциялық тәртібін сақтау және басқа да заң құпияларын сақтау есебімен жергілікті бюджетті атқару мәселесіне жататын, құжаттармен кедергісіз танысу;
3) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорын және мекемелерден, мемлекеттік ұйымдардан мемлекеттік сатып алулар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алулардың жоспарланған тізбектемесін бекітілген мерзімінде алу және сұрау;
4) коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша мемлекеттік заңды тұлғалардан ақпаратты сұрау;
5) коммуналдық меншіктің объектілерінің сенімді басқару шарттарына сәйкес олардың міндеттерін атқару мәселелері бойынша сенімді басқарушыларды тыңдау және ақпаратты сұрау;
6) құқығын жүзеге асыру үшін мүдделі мемлекеттік ұйымның комиссиясының келесімі бойынша құру;
7) Астрахан ауданының әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте атқару барысында аудандық бюджетті түзету және анықтау, ауданның даму стратегиясы және бастапқылығы, мақсаты бойынша қарауға шығарылсын;
8) өзінің құзіреті шеңберінде жоғарғы тұрған ұйымдардың үкімін атқару үшін мемлекеттік ұйымға ұсыну;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар осы Ережесіне сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындау және басқа да құқығын жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылық жасауды Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі, немесе оны алмастыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басшының тағайындалу және босатылу тәртібі қолданыстағы лауазым істер-тізімдемесімен анықталатын орынбасары болады. Орынбасардың міндеттерін анықтау мемлекеттік мекеменің басшысымен жүзеге асырылады.
20. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын қызметтер босатады және лауазымына тағайындайды;
мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
ауданның жергілікті атқарушы органымен бекітілген штат саны лимитінің шеңберінде мемлекеттік мекеменің құрылымын бекітеді және жетілдіреді;
мемлекеттік мекеменің штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді;
Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда ұсынады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік көтереді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалау мәселелерін шешеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес алмастыратын орынбасары орындайды.
21. Басшы өз орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің өкілеттіктерін анықтайды және қызметтік нұсқаулықтарды бекітеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлкі (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.