РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № а-6/302 қаулысына (№ 4287 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйектегі "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы ережемен бекітілген, Ақмола облысы Ерейментау ауданының "Олжабай батыр атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ережесінің 19 тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ауылдық округі аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалауға құқылы".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшысы З.Б. Жүсіповаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |