Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5С-44/6-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қаңтарда № 5232 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

      қағидаларына:

      9 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6) аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз тобына жататын, студенттеріне колледждерде бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне - бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу;

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде интернатура бойынша оқитын студенттеріне (Қазақстан Республикасы бойынша тұратын тұрғылықты жеріне қарамастан) - бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу.

      Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.".

      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ерейментау аудандық


мәслихатының


сессия төрағасы

Т.Уразаков

Ерейментау аудандық


мәслихатының


хатшысы

Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының

      әкімі

      Е.Нұғыманов

      28 желтоқсан 2015 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады