Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № С-21/3 "Еңбекшілдер ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № С-40/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 4927 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № С-2/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 28.04.2016 № С-2/9 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың "Еңбекшілдер ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № С-21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3864 тіркелген, 2013 жылы 22 қарашада "Жаңа дәуір" және "Сельская новь" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      Шешіммен бекітілген Еңбекшілдер ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 9 тармағында әлеуметтік көмек көрсетуге жататын азаматтардың санаттары келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "көп балалы отбасы екендігін дәлелдейтін анықтама немесе өтініш берушінің (отбасынаң) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан екендігін дәлелдейтін анықтама негізінде, оқуды аяқтағаннан кейін Еңбекшілдер ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен жұмысқа орналасу туралы келісім шартқа отырған жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан студенттерге оқуының соңғы курсын төлеу үшін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Д.Езов
      Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы
И.Магерко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Қиықов

      "13" шілде 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады