Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № А-3/54 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 4746 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/162 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесінің негізінде, атқарылатын қызметтер, өкілеттіктер және штаттық бірліктердің өткізілуіне байланысты, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімі аппаратының басшысы Г.В.Смағұловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "16" "03"
№ А-3/54 қаулысымен
бекітілген

Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ереже

      1. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республиткасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме формасындағы ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: 021100, Қазақстан Республикасы Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Мир көшесі, 78.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып агроөндірістік кешен саласындағы бәсекеге қабілеттіліктің жаңа кешенін сапалы және экономикалық өсуіне көмек көрсету мақсатында агроөндірістік кешеннің және ауыл аумағының дамуы саласындағы ауданның аграрлық саясатын іске асыру және құру болып табылады.
      14. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) бөлімнің қызметін ақпараттық, сараптамалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету;
      2) агроөндірістік кешен саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      3) мемлекеттік мекеменің құзыреттілігіне енетін басқа да мәселелер бойынша міндеттерді орындау.
      15. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөндірістік кешендегі субъектілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөндірістік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауыл аймағын дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) агроөндірістік кешен және ауыл аймағы саласындағы шұғыл ақпаратты жинау және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) тапсыру;
      5) сәйкес келетін аймақта өндірістік тауардың қорын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдікке) ұсыну;
      6) "Агроөндірістік кешен кәсібіндегі үздік" конкурсының өткізілуі;
      7) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
      16. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметінің саласындағы стратегиялық дамуға және басымдылыққа қатысты, мақсаттар бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      2) заңнамаға қарсы тұратын актілерге олармен жасалған өзгерістер немесе жою туралы атқарушы жергілікті органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардан орнатылған мерзімде ақпарат сұрап, оны алу;
      4) мемлекеттің қызығушылығымен атқарушы органның атынан соттарда талапкер болады;
      5) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өсімдік шаруашылығы саласында стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды және қолда бар мемлекеттік стандарттарды жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;
      6) мемлекеттің егемендігін қорғау және нығайту бойынша, конституциялық қатаррдың, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Президентінің саясатын өмірге келтіру;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыстық және аудандық әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін жұмыста басшылыққа ала отырып және қатаң орындау;
      8) кез-келген жемқорлық белгілерін мемлекеттік органдардарда алдын алып және қарсы тұру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылық ету басшысымен жүзеге асырылады, ол Жрақайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз кызметтерін жүзге дербес жауапкешілікті атқарады.
      18. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Жарқайың ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      19. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілдігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырып, басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің міндеттерінің іске асырылуына жеке жауапты;
      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілдіктерін белгілейді;
      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және одан босатады;
      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне заңнамамен орнатылған тәртіппен тәртіптік жаза салады;
      5) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекемені таныстырады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шаралар қабылдайды және оған жеке жауапты болады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
      Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада қарастырылған жағдайда оперативті басқарма құқығымен баламалы мүлікке ие бола алады.
      Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншікпен берілген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де негіздермен өз қызметінің қорытындысы бойынша алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қосқанда) есебінен құрылады.
      21. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншік болып табылады.
      22. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне және егер басқасы заңнамамен орнатылмаса, қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген қаражат есебінен алынған мүлікті иелігінен шығара немесе басқа тәсілмен оған иелік ете алмайды.

5. Мемлекеттік органды тарату және қайта ұйымдастыру

      23. Жарқайың ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату және қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады