Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жарқайың ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Жарқайың ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
В.Виничук |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
30.03.2015
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
М.Мұстафин |
30.03.2015