"Жарқайың ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/8 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жаркайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 6С-2/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5312 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 6С-7/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Жарқайың ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/8 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4776 болып тіркелген 2015 жылғы 8 мамырында "Жарқайың тынысы" аудандық газетінде және 2015 жылғы 8 мамырында "Целинное знамя" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын: "Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы";
      көрсетілген шешімге кіріспеде "387, 444 баптарына" сөздері "386, 444 баптарына" сөздеріне ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің 1 және 2 тармақтарында "пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге" сөздері "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ж.Мыңбаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      18.04.2016
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігініңМемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмолаоблысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жарқайың ауданыбойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Г.Пугачева

      18.04.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады