Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 5707 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 6С-19/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.02.2018 № 6С-19/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. "Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/8 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4776 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 мамырында "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің;

      "Жарқайың ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/8 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 6С-2/2 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5312 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірінде "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Пугачев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      23.12.2016

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Жарқайың
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Бекентаев

      23.12.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады