Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 4776 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 6С-7/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын 6 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Жарқайың ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Жарқайың ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-2/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
В.Виничук
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      30.03.2015
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитетінің Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Жарқайың
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Мұстафин

      30.03.2015

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады