РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 5С-42/4 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № А-1/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулы 2015 жылдың 01 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ұ.А.Ахметова |
"15" 09 2015 жыл |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "15" 09 № А-9/258 қаулысымен бекітілген |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру маманының лауазымы:1) әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
2) оқытушы – психолог;
3) аға вожатый;
4) кітапхана меңгерушісі;
5) кітапханашы;
6) барлық мамандықтағы мұғалімдер,
7) медбике;
8) тәрбиеші;
9) әдіскер;
10) музыкалық жетекші.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) клуб жетекшісі;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапханашы.
4. Спорт маманының лауазымы:
1) нұсқаушы.
5. Ветеринария маманының лауазымы:
1) ветеринарлық дәрігер.