РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/258 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4998 болып тіркелген, аудандық "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" газеттерінде 2015 жылдың 16 қазанында басылып шықты) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 5С-42/4 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |