Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/258 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қазанда № 4998 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № А-3/91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 16.03.2016 № А-3/91 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 тамыздағы № 5С-42/4 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарының лауазымдық тізбесімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № А-1/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулы 2015 жылдың 01 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жарқайың аудандық
      мәслихатының хатшысы Ұ.А.Ахметова
      "15" 09 2015 жыл

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "15" 09 № А-9/258
қаулысымен бекітілген

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру маманының лауазымы:
      1) әлеуметтік қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары;
      2) оқытушы – психолог;
      3) аға вожатый;
      4) кітапхана меңгерушісі;
      5) кітапханашы;
      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер,
      7) медбике;
      8) тәрбиеші;
      9) әдіскер;
      10) музыкалық жетекші.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) клуб жетекшісі;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) кітапханашы.
      4. Спорт маманының лауазымы:
      1) нұсқаушы.
      5. Ветеринария маманының лауазымы:
      1) ветеринарлық дәрігер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады