1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/258 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4998 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 қазанында "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) Жарқайың ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № А-9/258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № А-1/7 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5247 болып тіркелген, 2016 жылдың 19 ақпанында "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) Жарқайың ауданы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |