Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № А-6/153 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 4892 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-4/103 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.М.Қаленовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г.Сәдуақасова

  Шортанды ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы
"23" маусымдағы № А-6/153
қаулысымен бекітілген

Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкітері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары мен шешімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 021614, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Раевка ауылы.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзіге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктері байланысымен атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асыру;
      2) тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктері байланысымен атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде ауылдық округі әкіміне жәрдем көрсету;
      3) ауылдағы әлеуметтік және экономикалық үрдістерімен басқару мен мемлекеттік, әлеуметтік - экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
      4) заңдылық пен құқық бұзушылықты нығайту, азаматтардың құқық санасының деңгейін және олардың еліміздің қоғамдық-саяси өмірінідегі белсенді азаматтық айқындамасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттелер.
      15. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      2) ауыл округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен кепілдемелер дайындайды;
      4) ауыл округі әкімі қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етуін жүзіге асырады;
      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу мен қарастырылуын қамтамасыз етеді, ауыл әкімімен азаматтардың жеке қабылдауын жүргізуді ұйымдастырады;
      6) мемлекеттік және орыс тілдерін тиісті қолдануға, іс жүргізу ережелерін сақтауға, мемлекеттік орган қызметінің стилі мен әдістерін жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырады;
      7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін жүзеге асырады;
      8) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге материалдарды сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалануға;
      3) мамандарды, құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін тартуға, соның ішінде шарт негізінде;
      4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
      5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтауға;
      6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз етуге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің Ережесімен белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады, өкілеттілігін тоқтатады және лауазымынан босатылады.
      19. Ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
      1) мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес ауылдық округі аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
      3) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда ауылдық округі әкімінің аппараты мүддесіне өкілдік етеді;
      4) сыбайлас жемкорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапкершілік артады;
      5) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайдаларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Шортанды ауданы "Раевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады