Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңгай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № а-1/8 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 қаңтарда № 4580 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 21.09.2016 № а-9/376 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, "Бурабай ауданы Щучинск қаласында тұрақты автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/4 шешімі негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бурабай ауданының Щучинск қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:
      ересектерге – 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
      7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – 30 (отыз) теңге мөлшерінде.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары А.Д.Кәкімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Ташмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады